I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Есімді сөз тіркестері, байланысу формалары, мағыналық қатынастарын атаңыз



бет6/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

6. Есімді сөз тіркестері, байланысу формалары, мағыналық қатынастарын атаңыз.


ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
ЗАТ ЕСІМ – ЗАТ ЕСІМ ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Қабыса байланысқан зат есміді сөз тіркестерінің ішінде өнімді жұмсалатындардың бірі – екі зат есімнен – атау септік зат есім – зат есім болып құралатыны: қол орамал, ағаш күрек. Бұл құрмадғаы сөз тіркестері анықтауыштық қатынасты білдіреді.
1. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын атап анықтайды: ағаш күрек, тас жол.
2. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың неге арналғанын атап анықтайды: қой ферма, мойын ағаш.
3. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың мекенін, орнын, жайын атап анықтайды: көл бақа, ауыз үй.
4. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың кәсіби жынысын, мөлшерін атап анықтайды: сушы жігіт, ұл бала.
5. Басыңқы сөз жалпы атау болып, бағыныңқы сөз ол атаған заттың түрлік тобын атап анықтайды: тоты құс. Қайын ағаш.
6. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған затты ұқсастық белгісіне қарай анықтайды: теке сақал, қой көз.
7. Бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған затты өлшем, көлем жағынан анықтайды: қора қой, топ адам.


СЫН ЕСІМ – ЗАТ ЕСІМ ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Сын есім - зат есім типті сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер анықтауыштық қатынасты білдіреді: қызыл түс, ауыр жүк. Тіркеске сапалық та, қатыстық та сын есім сөздер бағыныңқы компонент ретінде қатысады: қалың киіз, салмақты мінез. Сын есім дара, күрделі түрінде қатысады: сары ала сиыр, ұзын бойлы жігіт.


САН ЕСІМ – ЗАТ ЕСІМ ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Сан есім сөз бен зат есім қабысу амалы арқылы сөз тіркесін құрғанда, олар өзара анықтауыштық қатынасқа түседі. Бағыныңқы компонент ретінде енген сан есім сөз заттың сандық сынын, сапасын білдіреді. Тіркеске сан есімнің жинақтық деп аталатын түрінен басқасы түгел (есептік, реттік, бөлшектік) қатыса алады: екі концерт, екінші қатар. Көп жағдайда сан есім сөздер килограмм, метр, тонна, жасар, күндік деген сияқты өлшем мағыналы зат есімдермен бірігіп тіркеске бір компонент ретінде қатынасады: үш метр мата.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет