8. «Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі – қазақ халқының ұлттық тілі» өз тұжырымдарыңызды пайымдаңыз.
1989 жылы осы күні Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі "Тіл туралы заң" қабылдап, оған сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілге Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 1993 жылғы Конституцияда бекітіп, 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның Тілдер туралы заңы қабылданды. Десе де, әр қазақ үшін отыз жыл бұрын қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берген заңның орны бөлек. Себебі, мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында барлық салада қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, іс қағаздарын жүргізу тілі саналады. Бүгін мемлекеттік тіліміз осы биігіне көтерілді ме? Көтерілді деуге қысыламыз. Өйткені, Конституциядағы «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөйлем орыс тілінің айын оңынан туғызып тұр. Әлі күнге дейін жиын атаулы қазақша басталып, орысша жалғасады. Қазақ депутаттар сауалдарын үкіметке орыс тілінде жолдайды. Мұны көрген орыстілді орта мемлекеттік тілді үйренуге қайдан ынта танытсын?
Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
9.Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуін акустикалық және артикуляциялық тұрғыдан түсіндіріңіз.
Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Адамның дыбыстау мүшелері негізгі үш саладан тұрады:
тыныс мүшелері
тамақ мүшелері
қуыс мүшелері
Өкпеден шыққан ауаның кедергiге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, ,д, ж, з, й, к, қ, л, м, ,н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа сөйлеу мүшелерiне соқтығып, олардан салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үнге салдыр араласады.
Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай жiктелуi. Дауыссыздар үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң, ұяң, үндi болып бөлiнедi. Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Олар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, ч, х, ц.
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыздарды ұяң дауыссыздар деп атайды. Олар: б, в, г, ғ, д, з, ж, һ.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бiрақ салдырдан үн басым болатын дыбыстарды үндi дауыссыздар деп атайды. Олар: р, л, м, н, ң,у, й.
Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсiлiне қарай жiктелуi.Дауыссыз дыбыстар жасалу тәсiлiне қарай екiге бөлiнедi: шұғыл және ызың дауыссыздар. Шұғыл дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелерi бiр-бiрiне жабысады да, бiрден кiлт ажырасып кетедi, оының нәтижесiнде ауа сүзiлiп, шұғыл шығады. Олар мыналар: п, б, т, д, к, г, ң
Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерiнiң жымдасуынан емес, тек өзара жуысуынан, соның нәтижесiнде, ауаның сүзiлiп шығуынан болады. Олар мыналар: в, ф, ғ, с, ш, х, з, ж, һ.
Тiл-тiлде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшелiкитерiн бiрдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседi. Мұндай дауыссыз дыбыстар аффрикат дыбыстар деп аталады. Аффрикаттар: ц, ч.
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды болып бөлiнедi. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтерiлiп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кiре берiс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтедi де, осының нәтижесiнде ауыз жолды деп аталатын дыбыстар пайда болады. Егер жұмсақ таңдай төмен түсiп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кiре берiс ашық болса, онда ауа мұрын қуысынан өтедi де, осының нәтижесiнде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады.
Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жiктелуi. Қазақ тiлiндегi дауыссыздар жасалу орнына қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
Достарыңызбен бөлісу: |