I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


ЕСІМДІК – ЗАТ ЕСІМ ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ



бет7/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
1 БЛОК

ЕСІМДІК – ЗАТ ЕСІМ ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Есімдік – зат есім типті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне бағыныңқы компонент ретінде сілтеу есімдіктері, сұрау, жинақтау есімдіктері қатысады: мына көпір, қай жыл
ЕСІМШЕ – ЗАТ ЕСІМ ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Зат есімді сөз тіркесіне бағыныңқы компонент ретінде есімшелердің -атын, -етін, -ар, -ер, -ған, -ген тұлғаларының барлығы да қатысады: келген кісілер, келетін кісілер.


ЕСТЕУ – ЗАТ ЕСІМ ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Үстеудің бағыныңқы компонент ретінде зат есімді сөз тіркестеріне қатысуы өте сирек. Зат есім баяндауыштық қызметте келгенде ғана үстеу сөзді қабылдап, қабыса байланысқан сөз тіркесін құрайды: бүгін кезекші, қазір инженер.


МАТАСУ АМАЛЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар – ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы. Басым сөз тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты білдіреді: көшенің жиегі, машинаның кабинасы.


МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Меңгеру амалы арқылы құрылатын зат есімді сөз тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді. Бұл сөз тіркесінде бағыныңқы сөзі барыс септік формасында меңгеріліп, зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді: Асқарға інімін, үйірмеге мүше.


СЫН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
МЕҢГЕРУ АМАЛЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН СЫН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Сын есім басыңқы компонент ретінде жұмсалып сөз тіркесін құрағанда, бағыныңқы сөз ретінде зат есім, есімдік, есімшелер, тұйық рай етістіктер қатысады. Бұл сөздер барыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларында меңгеріледі.
1. Бағыныңұы компонент зат есім барыс септік тұлғада тіркескенде, сын есімді тіркес зат пен сапаның арасындағы қатыстық байланысты білдіреді: шаруаға пысық, атқа ауыр.
2. Бағыныңқы шығыс септік тұлғада меңгеріліп тіркескенде, сын есімді сөз тіркесі салыстыру, салғастыру қатынасын білдіреді: желден жүйрік, ағаштан биік.
3. Бағыныңқы компонент көмектес септік тұлғадағы зат есім, басыңқы сөз сын есім болып келген сөз тіркесі екі сөздің арасындағы амалдық қатынасты білдіреді: ісімен жарасты, мінезімен сүйкімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет