I блок (11-22, 46-67, 68-90) 23-45 аралығы бөлек қағазда


Қазақтың ұлттық әдеби тілі қай кезеңдерді қамтитынын анықтап, оның лексика-грамматикалық сипатына тоқталыңыз



бет66/68
Дата27.10.2022
өлшемі9,83 Mb.
#155176
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
1 БЛОК

88. Қазақтың ұлттық әдеби тілі қай кезеңдерді қамтитынын анықтап, оның лексика-грамматикалық сипатына тоқталыңыз.
Қазақ әдеби тілінің тарихы, әдеби тілдің қапыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс апуына тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын қазақтың тел көркем әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ филологиясында қазақтың профессионал көркем әдебиетінің тарихы женінде әр кез әр қилы пікір айтылды. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің алғашқы нұсқаларын В-ВЫЫЫ ғасырдан іздеу бағыты байқалады. Әрине, қазақ халқы өз алдына ХВ ғасырдың орта тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайплық одақтардың (үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын т. б.) тарихы тым әріде. Түркі халықтарының орхон-енисей, талас жазбалары (В-ВЫЫЫ ғасыр), ерте ортағасырлық "Құтадгу білік" (ХЫ ғасыр), кейінгі ортағасырлық "Мұхаббатнама" (ХЫВ ғасыр) тәрізді әдеби жәдігерліктері болған. Ерте кездердегі жазба әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М.Қашқаридың "Диван лұғат ат-түрік" (ХЫ ғасыр), "Кодекс Куманикус" (ХЫЫЫ ғасыр), "Оғызнама" (ХЫВ ғасыр) сияқты ескерткіштері де бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді қазақ халқының құрамына енген ру, тайпапардың да қатысы болғандығы даусыз. Сондықтан аталған көне түркі, орта түркі дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің қазақ тілі тарихын зерттеуде, қазақ тілінің ертедегі жайкүйін сипаттауда, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі керкемдік ой-тәжірибенің бастау жолдарын анықтауда маңызы айрықша. Осы тұрғыдан алғанда оларды қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне қатысы бар үлгілер деуге болады. Бірақ бұларды халықтық негіздегі әдеби тілде жасалған тел тума деп тануға болмайды. Қазақ халқының ез алдына дербес отау тігіп, халық болып қалыптаса бастаған кезі ХВ ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде қазақ халқында жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деудің қисыны келмейді. Сол кездегі шағатай аталған немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтуде үлкен роль атқарғаны белгілі. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Осы атапған ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері жағынан да қазақ тіліне жақыны — Қадырғали Жалайыридың "Жамиғат тауариғы" (ХВЫ ғасыр) мен Әбілғазы Баһадүрдың "Түрік шежіресі" (ХВЫЫ ғасыр). Ал бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ хандарымен сұлтандарының сырт елдермен, өзара жазысқан қатынас қағаздары мен хаттарында (ХВЫЫЫ ғасыр) қазақ тілінің элементтерін қолдану тұрақты сипат ала бастады. Қазақ қауымында қодданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл, ап кейбір зерттеулерде (Б.Әбілқасымов) ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Атапған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, ХЫХ ғасырдың аяғына таман жаппы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тіліміздің публицистика, іс қағаздары тәрізді стильдік тармақтары алғашқы кезде (ХЫХ ғасырдың екінші жартысы) көне жазба тілдің лексика-грамматика тұлғалары мен синтаксистік құрылымдарын едәуір пайдаланды. Сондай-ақ мұсылманша оқыған кейбір арқындар да өз шығармаларында жалпыхалықтық лексикалық қорды пайдапана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ бұл процесс ұзаққа созылмады. Қазан төңкерісінен кейін жалпыхалықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл элементтерін бірте-бірте мүлдем ығыстарып шығарды.
1930-50 жылы қазақ әдебиетінің тарихы ХЫХ ғасырдың екінші жартысынан бастапады деген көзқарас қалыптасып, одан кейінгі жылдары әдебиет тарихын ХВЫЫЫ ғасырдың екінші жартысынан, яғни Бұхар шығармаларынан бастау идеясы басым болды. Ал 1960-80 жылы ХВ-ХВЫЫЫ ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары жинақтапып, жарияланып, жүйелі зерттеу объектісіне айналғаннан кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында ХВ-ХВЫЫЫ ғасырлардағы жыраулар мен ақындар творчествосы бір-бірімен сабақтасып жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс тұжырым қапыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да ХВ-ХВЫЫЫ ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы ХВ ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (ХВ ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі қайнар көздері жалпыхалықтық тіл мен аса бай фольклор тілі болды. Әдеби тілдің жаппы халық тілі негізінде дамуында поэзия тіл үлгілерінің рөлі ерекше. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері жыраулар мен ақындар халық тіліндегі тілдік жүйелерді, сөз асылдарын өз шығармапарына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдеби тіл нормаларын қалыптастыра түсті. ХВ-ХВЫЫЫ ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады. Осы тұрғыдан апғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.
ХВ-ХВЫЫ ғасырдың арасын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа", "сырт соқпақ", "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен. Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. ХВ-ХВЫЫ ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тұстағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.
Әдебитілдің ХВЫЫЫ-ғасырдан ХЫХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі үлгілеріне Бұхар, Тәттіғара жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар актив жұмсалады. Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар); Көз болып қой бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың (Шал) т. т. Жыраулар туындыларының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі. ХВЫЫЫ ғасыр және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие бола бастайды, олардың тақырыбы қуаныш, реніш мұң-мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып ерісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау епіц алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс тілдерінен алынды.
ХЫХ ғасырдың екінші жартысы. Бұл дәуірде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың мәдени өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері кебейді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілері өзінің мазмұны жағынан азаматтық, діни функциясы жағынан көркем әдебиет және оқубілімге, іс-қағаздарына қатысты әдебиет болып түрлене түсті. Әдеби тіл функциянальдық стильдерге тарамдала бастады. ХЫХ ғасырдың екінші жартысы қазақтың ұлттық әдеби тілі үшін күрес кезеңі болды. Яғни, ұлттық әдеби тіліміздің (көне жазба әдеби тілі негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдеби тілі негізінде ме деген) даму бағытын айқындау қажет болады. Міне, осы кезеңде қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Сөйтіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің тұрақты әрі ортақ белгілерін өздерінің көркем туындыларында молынан пайдаланды. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапа дамуына жол сапды. Ыбырай Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет өткен төл әдеби тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының, ғылыми стильдің, ап Абай өз қара-сөздері мен поэзиясында публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды. Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене түсуіне зор үлес қосты.
Қазан теңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды. Қоғамдық емірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақ,талуы, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдына (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада т. б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматика жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп, әдеби тіл нормапарының тұрақталуына саналы түрде арапасу жан-жақты сипат алды. Соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму қарқыны біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше белестерге бөліп қарауға болады.
Қазақ әдеби тілі — қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп ұққан. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке әдетте жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер негіз болды. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді. Әдеби тілдің жұртшылықтың бәріне бірдей ортақ болу оны диалект, жаргон сияқты жергілікті ерекшелікгерден өзгешелеп тұрады. Мұндай көзқарасты ұстанушылар әдеби тіл халықтың поэтиклық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеген еңбектерде де осы тәріздес әр қилы пікірлер айтып келді. Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен (ХВІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды (Қ. Жұмағалиев, М. Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қазақ әдеби тілінің тарихын ХЫХ ғасыр екінші жартысынан-алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ыбырай, Абай шығармапарымен ұштастыра қарайды (Қ. Жұбанов. С. Аманжолов, Ы. Кеңесбаев т. б.). Кейбір зерттеулерде ХЫХ ғасыр екінші жартысын әдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасу дәуірі ретінде қаралып, көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады (А. Ысқақов, Р. Сыздықова.). Әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын мағынасандағы әдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де тұжырым бар (Т. Қордабаев). Әдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра қарайтын дәстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р. Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де бар (Ә. Өмірәлиев, Е. Жұбанов). Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар: әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы; сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы; функциональдық-стильдік салаларының болуы; қоғамдық қызметтің әр алуандығы.
Әдеби тілге тәне мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қапатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал.
Жалпы халықтық тілдің байлығы мәдени өңдеуден өтіп, әдеби тілдің сөздік құрамына еніп отырады да, сөздің мағынасы мен қолданылуы, дыбысталуы мен жазылуы, сөз тұлғалары мен сөздердің байланысу тәсілдері көпшілік мойындаған ортақ үлгіге бағынады және жүртшылықтың бәріне міндетті болады. Халық тілінің екінші бір түрі сөйлеу тілі. Әдеби тілмен салыстырғанда сөйлеу немесе ауыз-екі тіл керкемдік, дәлдік, оралымдылығы жағынан сұрыпталмаған, шыңдалып жетілмеген, олпы-солпы жақтары көп. Осы тұрғыдан апғанда әдеби тіл белгілі бір жердің тұрғындары қолданатын диалектіге, адамдардың шағын әлеуметтік тобы сөйлейтін жаргон, қарапайым тілге /просторечие/ қарама-қарсы қойылады. Мысалы, бойлай (диалект) — үнемі (әдеби), маңпай (диалект) — маңдай (әдеби), шекейін (диалект) — шейін (әдеби), барсаңыз (диалект) — барасыз (әдеби), не нәсте (қарапайым) — не нәрсе (әдеби), аял (қарапайым) — әйел (әдеби), үптеу (жаргон) — урлау (әдеби), көжеле тою (жаргон) — екіқабат болу (әдеби) т. т. Қазақ әдеби тілінің бастау алған кезеңін анықтау алдымен қазақтың төл әдебиетінің (көркем әдебиетінің) алғашқы нұсқаларын айқындаумен тығыз байланысты. Өйткені көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтайды. Сейтіп, тілдік жүйенің жалпы ортақ нормаларының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан қазақтың көркем әдебиетінің алғашқы үлгілері қазақ әдеби тілінің бастау алған арнасы деуге болады. Ғалым Р. Сыздықова ХВ-ХВІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, олардың шығармаларын қазіргі әдеби тілдің алғашқы үлгілері деп таниды. Сөйтіп, бұл кезеңде қызмет өткен тілді жазба дәуірге дейінгі ауыз әдеби тілі деп атайды. Бұл бағыттағы зерттеушілердің айтуынша, әдеби тіл өзінің нормалық, қасиетін тек жазсызу арқылы ғана орнықтырмайды, ауысша сөз қолданыс (ауызекі тараған өлең, жыр, шешендік сөз т. б.) арқылы да жетілдіре түседі. Әсіресе ақын-жыраулар творчествосын біреуден-біреуге тарататын, бұлжытпай жатқа айтатын жыраулық мектеп өкілдерінің орны айрықша деп бағаланады. Ауыз әдеби тілі мен ауызекі сөйлеу тілі ұқсас құбылыс болғанымен, бұлардың атқаратын қызметі, тілдік амал-тәсілдерді жұмсау жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар. Ауыз әдеби тілі мәдени-рухани дүниелерді жасаудың, қоғамдық іс-қимылды ұйымдастырудың құралы, жалпыға ортақ мәнділігі, тілдік амалтәсілдердің талғап жұмсалатындығын т. б. қасиеттері арқылы сөйлеу тілінен оқшау тұрады. Сондай-ақ, әдеби тілдің ауызша түрінің де өз ішінде стильдік тармақтарға бөлінетіндігі байқалады. Мысалы, ХВ-ХВІІІ ғасырлардағы ауыз әдеби тілінің көркем әдебиет стилі (негізінен поэзия), публицистикалық стиль (шешендік, билік сөздер) тәрізді тармақтары болған. Әрине, бұл функционалдық тармақтардың қызметі, нормаларының сүрыпталуы қазіргі ұлттық дәуірдегі жазба әдеби тілдегідей сараланбауы әбден ықтимал. Өйткені, әдеби тілдің әр кезеңге лайық жүгі болады. Мәселен, ұлттық дәуірде әдеби тіл адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік ұжымдары қызметінің негізгі салаларындағы қарым-қатынас қажетін етейді. Осыған сай қазіргі жетілген ұлттық жазба әдеби тіліміз 4-5 түрлі стильге бөлінеді. Олар көркем әдеби стилі; публицистикалық немесе газет— журнал стилі; ғылыми әдебиеттер стилі; ресми іс қағаздар стилі.
Қазақ әдеби тілінің жазба нұскалары әдеби тілдің, оның ішінде жазба әдеби тілінің әр кезеңдердегі жазба ескерткіштері. Қазақ әдеби тілінің тарихын жазу үшін оның әр кезеңдегі әдеби тіл үлгісі болып табылатын жазба нұсқаларының (ескерткіштердің) тілдік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңіне (ХВ-ХВІІ ғасыр) мағлұмат беретін жазба деректер тым аз сақталған, оның өзі-ресми іс қағаздары сипатты. Мысалы, хандар мен дін басшыларының атынан Сығанақ әкімдері мен шеихтарына арналып жазылған бір топ құжаттар (Яссауи ғимаратынан табылған) ХВІ ғасыр жатса, Әбілғазы Баһадурханның хаттары — ХВІІ ғасыр жәдігерліктері. Сондай-ақ осы дәуірлерде жазылған Қадырғали Жалайыридің "Жамиғ ат-тауариғы" мен Әбілғазы Баһадурханның "Шежіре-ит-түрк" атты шығармалары тарихи әдебиет немесе шежіре үлгісінде болып келеді. Бүгінгі қолымыздағы бар іс қағаздардың көбі ХВІІІ ғасырдың 30-жылдары, яғни қазақ жерінің Ресейге қараған кезеңінен бергі архивте сақталған құжаттар. Олардың дені қазақ хансұлтандарының, орыс әкімшілік орындарында әр түрлі мақсатта жазылған қатынас қағаздары мен өзара жазысқан хаттары. Бұл аталған құжаттардың тілінде түркі әдеби тілінің дәстүрлі емле заңдылықтары, кейбір морфология тұлғалары, қалыптасқан сөз тіркестері мен жекелеген сөздер сақталған, бірақ олардың негізі қазақ,тың байырғы лексикасы мен дағдылы грамматика құрылысы болып келеді. ХЫХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі жазба нұсқалар, негізінен, ресми құжаттар болып келсе, аталған кезеңнен бастап олар әр түрлі стильдік ыңғайда кездеседі. Бұл кезеңде әдеби тіліміздің жанжақты дамуына белгілі тарихи жағдайлар себеп болды. Ең алдымен, қазақ жерінің Ресей қол астына қарауына байланысты бірен-сарандап болса да қазақ бапапарының орыс мектептерінде оқып, еуропалық мәдениеттен сусындауына мүмкіндік туды. Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылар тобы шықты, олар қазақ жастарын оқу — білім алуға үндеп, ездері үлгі керсетті, қазақ мектептері ашылып, ана тілінде жекелеген мерзімді баспасөз шыға бастады. Қазақ авторларының шығармалары жарық керіне бастады. Осы жағдайлардың бәрі Қазақ әдеби тілінің өткен кезеңдерге қарағанда жедел де жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілерін 4 стильге жүйелеп қарауға болады.
Ресми ісқағаз үлгілері. Бұлтұстағы ресми іс қағазадары (бүйрық -жарлықтар, заң, қаулы-қарарлар, қатынас қағаздары) мазмұны жағынан болсын, формасы жағынан болсын, ХВІІІ-ХІХ ғасырдағы құжаттарға ұқсас, бірақ тілдік ерекшелігі жағынан қазіргі қазақ тіліне әлде қайда жақын және түсінікті болып келеді. Бұлардың бір қатары баспа бетін көрген, сондықтан да бір ізге келтірілген.
Қоғамдық публицистикалық стильге жататын материалдар. Бұл стильдің пайда болу қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің шығуымен байланысты. Қазақ тіліндегі тұңғыш газет 1870 жылы Түркістан уәлаятының (өлкесінің) орталығы Ташкент қаласында "Түркістан уәлаятының газеті" деген атпен шыға бастады. Газет қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен (екеуі-қазақша, екеуі өзбекше) 13 жылы бойына үзбей шығып түрды. Оның бетінде қазақ халқының шаруа жайына, мәдениетіне, тарихы мен әдебиетіне қатысты көптеген материалдар басылып тұрды. Газет өз оқушыларын шет ел жаңалықтарымен, техника, ғылым жаңалықтарымен де таныстырып отырды. Аталған газеттің қазақ тіліндегі шығарылуы тоқтатылғаннан кейін 1888 жылдан бастап Дала өлкесінің орталығы Омбы қалада "Дала уәлаятының газеті" шығып тұрды. Бұл — қазақ, орыс тілдерінде қатар шығып, ондағы материалдар бір біріне аударылып беріліп отырды. Бұл газет бетінде қазақ даласындағы ел басқару жайы, отырықшылыққа көшу, оқубілімге үмтылу, қазақ тілімен әдебиетін дамыту мәселелері жиі сөз болды. 1879 жылы Ы. Алтынсарин "Қазақ газеті" деген атпен биресми газет шығаруды мақсат етіп, оның алғашқы санын қолымен жазып, Ресейдің ішкі істер министірлігіне жібереді. Бірақ патша үкіметі бұл газетке рұқсат етпейді, газеттің сол саны архивте сақталған. Бұдан кейін де 1917 жылға дейін бірнеше газет, журнап шығады. 1911-1915 жылы "Айқап" журналы, 1913-1918 жылы "Қазақстан", "Қазақ" т.б. бірнеше саны жарық көріп жабылып қалған газеттер баршылық. Бұл газет материалдарынан Қазақ әдеби тілінің публицистиклық стилінің қапыптасу жолын байқауға болады, сондай-ақ қазақ әдеби тілін дамытудың мәселелері жайындағы пікірлерді де кездестіруге болады.
Көркем әдеби стиліне тән үлгілер. Қазақ халқының ғасырлар бойғы жинақталған мол ауыз әдебиеті мұралары болғаны мәлім. ХІХғасырдағы баспа бетін көрген керкем туындылар қатарына, "қиссалар" жатады. Бұл орайда апғашқы қазақ тіліндегі кітап 1862 жылы Қазанда жарық көрген "Ер Тарғын" жыр-толғауын айтуға болады. Сол түстан бастап "қисса" деген атпен шығыс әдебиетіндегі дін, махаббат пен азаматтық тақырыптардағы поэма, дастандардың сюжетіне құрылған, сондай-ақ халық ауыз әдебиеті шығармапарын қайта жырлаған өлең кітаптар көптеп басылып, халық арасына кең тарады. Өте сирек болса да сол түстағы ақындардың кейбір туындылары жеке кітапша болып басылып шығып түрды. Бұларды тақырыбына, кетерген идеясына, тілдік ерекшеліктеріне қарай 3 топқа белуге болады. Біріншісі — ислам дінінің конондарын мадақтайтын "Сап-сал", "Жұм-Жұма", "Кербаланың шөлінде", "Тамимдер", "Адам", "Зарқұм" тәрізді қиссалар. Екіншісі— мазмүны жағынан шығыстық сюжетке құрылған, идеясы адамгершілік, махаббат, ерлікті жырлайтын, лексикасы, негізінен, қазақ сөздерінен тұратын, бірақ орфографиясы мен грамматика құрлысында кейде түркі әдеби тіліне тән дәстүр кездескен шығармалар. Оған "Таһир", "Үш қыз", "Жүсіп-Зылиха" "Қисса-и Серғазы" т. б. Үшіншісі халық ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ ақындарының шығармалары. "Ер Тарғын", "Алпамыс", "Қыз Жібек", "Қисса-и Шортанбай", "Әсиетнама" т. б. Бұлар тілі жағынан біршама таза, тек орфографиясында араб әліпбиімен байланысты жазу дәстүрі сақтапған. ХХ ғасырдың апғашқы 10-15 жылы бұлар сан жағынан да дамып, тілдік жағынан тазара түседі.
Ғылыми - көпшілік әдеби үлгіл е р і. Қазақ арасында қолжазба күйінде таралып, кейін кейбір басылып та шыққан шежіре типті әдебиеттерді есептемегенде, 1861 жылы Н. И. Ильминский Қазанда бастырған "Самоучитель русской грамоты для киргизов" атты оқулық кітабының соңында берілген текстерді ғылым-көпшілік әдебиет үлгілерінің тұңғыш нұсқасы деп санауға болады. Кітаптың соңғы 50 бетінде табиғат, география, тарихтағы жануарлар дүниесі және басқа да ғылым жаңалықтары туралы қысқаша орысша-қазақша екі тілде әңгімелер, дәрігерлік кеңестер берілген. Осы кезден бастап орыс және қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз беттерінде ғылымның әртүрлі саласынан жазылған мақалаларды, медицина, ветеринария тақырыбына жазылған жеке кітапшаларды кездестіреміз. Бұл материалдардың басым көпшілігі орыс тілінен аударылған аударма материалдар. Сөйтсе де олар сол дәуірдегі Қазақ әдеби тілінің жәй-күйін танытуда, ғылым түсініктерді ана тілімізде жеткізуде тіліміздің қаншлықты болғанын байқауда да аса қажетті нұсқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет