Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні Қазақстанды ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр-тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі.
Одан бұрынғы кездегі адамдардың бас сүйектері сақталмаған.
Қазақстан жерін қола дәуірінде еуропеоидтік нәсілге жататын адамдар мекендеген. Андрондар қыр мұрынды, ат жақты, ақшыл өңді, сарғыш шашты, орта бойлы болған.
Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан және Шығыс Қазақстандағы қорымдардан табылған адамдардың бет әлпеттері ұқсас.
Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін антрополог М.Герасимов жасады.
Монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақтарда көбірек байқалады. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында монғолоидтық белгілер аздау кездеседі.
Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуға қоныстанған байырғы үйсіндердің түріне ұқсас болып келеді. Жетісу үйсіндерінің бас мүсінін антрополог М.М.Герасимов жасаған. Монғолоидтық белгілер үйсіндердің еркектеріне қарағанда әйелдерінде көбірек кездеседі.