Алдын ала зерттеу. Кейбір аниондардың қатысуы немесе қатыспауы туралы алдын ала зерттеу жүргізу арқылы мәлемет алуға болады.
Сыртқы түрін сипаттау. Егер ерітінді түссіз болса, онда боялған CrO42-, Cr2O72-иондар жоқ деп болжауға болады. Ерітінді түсі сары немесе қызыл-сары болуы олардың қатысын айтады.
Ерітіндінің реакция ортасын анықтау. Ерітіндінің рН-ін бөлек сынамада әмбебап индикаторы арқылы анықталады. Егер pH 2 болса, ерітіндіде SO32-, СО32-NO2-, S2O32-, S2- аниондар қатыспайды. Ерітіндіде рН мәні жоғары болса, аталған аниондар болуы мүмкін. Сілтілік ортада барлық аниондар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |