Бірінші аналитикалық топ аниондарының қатысына сынама жүргізу. рН-ші 7-9 тең болатын, 2 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2 тамшы BaCl2 барий хлориді ерітіндісін қосады. Ақ түсті тұнбаның түзілуі бірінші аналитикалық топтың бір немесе бірнеше аниондардың қатысын көрсетеді.
Екінші аналитикалық топ аниондарының қатысына сынама жүргізу. 2 тамшы зерттелетін ерітіндіні 2 н азот қышқылымен қышқылдық реакцияға дейін қышқылдайды және 2-4 тамшы күміс нитратын AgNO3 қосады. Түзілген тұнба екінші аниондардың қатысын көрсетеді.