SO42-анионы. 2 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы BaCl2 ерітіндісін қосады. Түзілген тұнбаның ерігіштігін 2н НСІ немесе 2н HNO3 тексереді. Қышқылдың артық мөлшерінде тұнбаның ерімеуі SO42- анионнның қатысын дәлелдейді.
SO32-, S2O32- және S2-аниондары. S2- ионы екінші топқа жататындығына қарамастан, ол SO32- және S2O32 иондармен бірге ашылады.
а) SO32 ионын бөлу және ашу. Центрифугалық пробиркаға 20 тамшы зерттелетін ерітіндіні енгізеді және SrCl2 немесе Sr(NO3)2 –ті тұнба толық түскенше құйяды. Пробирканы 10-15 мин тұрғызады да центрифугалайды. Центрифугатты бөліп алады, тұнбаны 3-4 рет дистилденген сумен шаяды (жуғыш су иод суын түссіздендірмеу керек). Тұнба құрамында SrSO3, SrSO4 және қиын еритін стронцийдің тұздары болуы мүмкін. Жуылған тұнба сұйылтылған хлорсутек қышқылымен өңдейді. Алынған ерітіндіге тамшы түрінде иод суын қосады. Иод суының түссізденуі SO32- ионның қатысын дәлелдейді.