CO32-анионы. СО32-ионның ашылуына SO32- және S2O32-аниондар кедергі жасайды, сондықтан егер олар бақылау ерітіндісінде байқалған болса, оларды алдын ала тотықтыру арқылы жою керек. Пробиркаға зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысын енгізеді, 10-12 тамшы 3%-тік H2O2ерітіндісін қосып, қоспаны су моншасында қыздырады. 10 тамшы 2н хлорсутек қышқылын қосады және Са(ОН)2 немесе Ва(ОН)2 қаныққан ерітіндісі арқылы өткізген кезде лайланады, яғни СО2 бөлінгендігі бақыланады.
CrO42-, (Cr2O72-) аниондары. Егер ерітінді сары немесе қызғылт түсті болса, онда CrO42- және Cr2O72- иондары болуы мүмкін. 5 тамшы сутек пероксидіне 3 тамшы күкірт қышқылын қосады, 8 тамшы эфир және 2-3 тамшы зерттелетін ерітінді қосып, сілкілейді. Эфирлік қабаттың көк түске боялуы асқын тотықты хром қышқылының (надхромды қышқыл) қатысын көрсетеді.