І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ


І БӨЛІМ. АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ



бет2/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

І БӨЛІМ. АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІ


1.1 Аналитикалық химияның дамуы


Аналитикалық химия - химиялық қоспаларды тану тәсілдері мен олардың құрамын, құрылымын анықтау әдістерін зерттейтін ғылым.
Ерте заманан адам әр нәрсенің түр-түсі, иісі, дәмі, қаттылығы бойынша қарапайым тәсілдер қолданып заттарды ажырата алған. Сол кездің өзінде заттарды қайта кристадау, сүзу, және айдау арқылы тазарта білген. Алғаш «химиялық анализ» терминің ағылшын ғалымы Бойль XVII ғасырдың басында енгізді. Ол күкірт және тұз қышқылдарын кальций мен күміс-тұздары көмегімен анықтауды және индикаторды енгізді.
Аналитикалық химия жеке ғылым ретінде М.В. Ломоносов массалардың сақталу заңын ашып, сол бойынша есептеулер жүргізгеннен бері дами бастады. М.В. Ломоносовпен қатар өмір сүрген академик Т.Е. Ловиц микрокристаллоскопиялық анализдің негізін салады.
Зат массасының сақталу заңын пайдаланып француз ғалымы Лавуазье оксидтерге химиялық анализ жүргізеді.
XVIIІ- XIX ғасырда аналитикалық химияның дамуына швед химиктері Бергман мен Берцелиус жұмыстарының маңызы зор болды. Ал француз ғалымы Гей-Люссак заттарға титрометрия әдісімен анализ жасауды алғаш іске асырды. 1859 ж неміс ғалымдары Бунзен мен Кирхгоф спектрлік анализдің негізін қалады.
Аналитикалық химияның ең көрнекті даму белесі – Д.И. Менделеевтің периодтық заңды ашуы мен период жүйесін жасауы еді. Период жүйесі бойынша элементтерді қасиеттеріне қарай кластарға бөлу анализді жеңілдетті.
Алғаш сапа және сан анализінің теориялық негізін Н.А. Меншуткин (1871) «Аналитикалық химия» кітабында жазды. Бұл еңбектің аналитикалық химия теориясын дамытуда мәні зор болады. Онда сапа анализінің күкүртті сутегі әдісі алғаш қолдынылған.
Аналитикалық химияның келесі даму белесі атом құрылысының ашылуымен, ерітінділер теориялары және электролиттік диссоциация теориясымен байланысты.
1903 жылы орыс ғалымы М.С. Цвет хромотографиялық анализді ашты.
Аналитикалық химияның теориялық және іс жүзінде дамуына үлес қосқан ғалымдар Н.С. Курнаков, И.В. Тананаев, А.К Бабко, В.И. Вернадский, И.П. Алимарин, А.П. Виноградов және басқалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет