Изотоптық анализпен кәсіби аналитиктер аз араласады, оны көбінесе физиктер, геологтар, биологтар жүргізеді. Изотоптық анализ жасанды элементтерді, мысалы трансурандық элементтерді зерттеуінде қажет.
Заттық анализ кезінде сарапталатын затта зерттелетін компонент қай түрде болатыны және осы түрдің мөлшері анықталады. Мысалы, As қосылыста қандай тотығу дәрежесінде болады: (III) немесе (V).
Заттық анализдің молекулалық және фазалық әдістермен ұқсастығы көп.
Молекулалық анализ – бұл химиялық қосылыстарды табу және анықтау. Мысалы, құрамында N2,O2, CO2, инертті газдар, азот және күкірт оксидтерінің қоспасы бар ауадағы газдардың анализі.
Органикалық препараттардың анализін жүргізетін мамандар үшін функционалды немесе құрылымды-топтық анализдің маңызы ерекше. Біріншіден бұл функциональды топтарды анықтау, яғни органикалық қосылыстарда жекеленген топтарды – карбоксил, гидроксил, амин және т.б. анықтау.
Фазалық анализ – бір текті емес объектте, мысалы, минералдарда қоспаларды немесе үлгінің жеке фазаларда элементтердің не қосылыстардың таралуын анықтау.
Үлгінің массасына қарай химиялық анализ макроанализге – 1,0-10,0 г; жартылай микроанализге – 0,1-1,0 г; микроанализге – 0,01-0,10 г жіктеледі.
Берілген химиялық анализді орындау үшін анализдің қажетті әдісін және оны іске асыру әдістемесін дұрыс тандау керек. Анализ әдісі деп заттың құрамын анықтаудың әмбебап және теориялық дәлелденген тәсілін түсінеді. Анализдің әдісі туралы айтқанда оның негізіне салынған қағиданы, заттың құрамы мен өлшенетін қасиеттің арасындағы байланыстың сандық (мөлшерлік) бейнені, іске асыру үшін қолданылатын құралдарды және өлшеу нәтижелерін өндеу тәсілдерін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |