І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ


кесте. Қышқылды-негіздік әдіс бойынша катиондарды жіктеу



бет14/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

1 кесте. Қышқылды-негіздік әдіс бойынша катиондарды жіктеу



Топ

Катиондар

Топтық реагент

Қосылыстар ерігіштігі

I

K+, Na+, Rb+, Cs+, Fr+, Li+, NH4+

Жоқ

Хлоридтері, сульфаттары, гидроксидтері суда ерімтал

II
(хлорлы)

Ag+, Pb2+, Hg22+



HCl

Хлоридтер суда ерімейді

III
(сульфатты)

Ba2+, Sr2+, Ca2+



H2SO4

Сульфаттар суда ерімейді

IV
(амфолитті)

Al3+, Cr3+, Zn2+, Sn2+,
Sn(IV), As(III), As(V)

NaOH (арт)

Гидроксидтері амфотерлік, артық мөлшердегі сілтіде ериді.

V
гидроксилді



Mn2+, Mg2+, Fe2+, Fe3+, Sb(III), Sb(V), Bi3+

NaOH

Гидроксидтері артық мөлшердегі сілті және аммиакта ерімейді.

VI
(аммиакатты)

Cu2+, Cd2+, Co2+, Ni2+, Hg2+

NH4ОН

Гидроксидтері сілтіде ерімейді, бірақ NH4ОН ериді.

Химиялық лабораторияда жұмыс істеудің жалпы ережесі

Химия лабораториясында жұмыстар күйдіргіш, оталғыш және улы заттардың қатысуымен орындалады. Олармен жұмыс істеу өте қауіпті болғандықтан төменде көрсетілген ережелерді бұлжытпай орындайды.



  1. Қауіпсіздік техникасын жете түсініп, толық меңгергеннен кейін лабораторияда жұмыс істеуге болады.

  2. Оқу лабораториясында әртүрлі электр жабдықтары қолданылады: кондуктометрлер, потенциометрлер, түзеткіштер, электр қыздыратын құралдар. Оларды іске қосатын рубильниктер жермен қосылады. Рубильник жанында резеңке кілемше жатады. Электр жабдықтарын іске қосушы осы резеңке кілемшенің үстінде тұрады.

  3. Бұзылған құралмен жұмыс істеуге болмайды. Байқалған ақаулықты оқытушы немесе лаборант есіне салады.

  4. Лабораториядағы электр жарақаты негізінен жұмыс істеушінің электр жабдықтарының оқшауланбаған бөлшектеріне жанасуынан болады. Электр тоғымен зақымданған адам тоқ көзінен босатылады. Осыдан кейін таза ауаға шығарылады, қолдан тыныс беріледі, тез дәрігер шақырылады.

  5. Улы және жаман иісті заттар керек ететін тәжірибелер тартпа шкафтарда жүргізіледі.

  6. Концентрациялы қышқыл және сілті ерітінділерін сұйылтқанда олардың ерітіндісі суға құйылады.

  7. Қайнап жатқан ерітіндіге еңкейіп қарауға болмайды, сұйық ыдыстан шашырап денені күйдіреді.

  8. Сұйықты қыздырған кезде пробирканың аузын тіке өзіне немесе қасында тұрған адамға қаратып ұстамайды. Қыздырған кезде пробирканы еңкейтіп ұстайды, қыздыруды ерітіндінің жоғары деңгейінен бастайды, бірден пробирканың түбін қыздырмайды.

  9. Реакция кезінде бөлінетін газдарды еңкейіп иіскемейді. Егер газдың иісін анықтау керек болса қолмен ауаны өзінің тыныс мүшесіне қарай желпіп иіскейді.

  10. Реактивтерді дәмін татып, қолмен ұстап, иіскеп анықтамайды. Олардың көпшілігі улы заттар. Химиялық лабораторияда су ішпейді, тамақтанбайды.

  11. Кездейсоқ реактивті жеп немесе ішіп қойған адам суды көп ішеді. Сілтілер ерітіндісімен уланған адам 2% сірке немесе лимон қышқылының ерітіндісін ішеді. Қышқылдар ерітіндісімен уланған адам 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісін ішеді.

  12. Газбен уланған адамды таза ауаға шығарады, дәрігер шақырады.

  13. Көзге реактив шашырандысы тисе ағынды сумен жуып, дәрігерге қаралады.

  14. Егер күшті қышқыл ерітіндісі қолға тисе, сол жерді алдымен ағынды сумен жуып, содан кейін 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен шаяды.

  15. Концентрациялы сілті ерітіндісі күйдірген жерді сумен жуып, 1проценттік бор қышқылы немесе 3 проценттік сірке қышқылы ерітіндісімен бейтараптайды.

  16. Қолдың отқа күйген жерін спиртпен шайып, глицерин немесе вазелин жағады.

  17. Қолды шыны сынықтарымен жарақаттап алғанда иод ерітіндісін жағып, кескен жерді бинтпен таңып байлайды.

  18. Тұтанғыш заттар қатысатын тәжірибелерді оттан алыс жерде жүргізеді. Бензин, спирт және эфирдің оталуынан пайда болған өртті құм сеуіп сөндіреді.

  19. Лабораторияда өрт сөндіргіш, құм, киіз және жедел жәрдем көрсетушіге қажетті дәрі-дәрмек салынған аптечка болады.

  20. Жұмыс істегеннен кейін қолды сабындап жуады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет