III БӨЛІМ. КАТИОНДАР МЕН АНИОНДАРДЫҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ
3.1 Катиондардың бірінші аналитикалық тобы
Бірінші аналитикалық топтың катиондарына K+, Na+, NH4+ жатады. Басқа топтардың катиондарынан айырмашылығы барлық натрий, калий және аммоний тұздары суда жақсы ериді. 1-ші топ катиондарының қосылыстары түссіз болады. Аалитикалық белгісі олардың топтық реактиві болмайды. Аммоний тұздары тұрақсыз және қыздырған кезде оңай айырылады. Бұл қасиетті бірінші топтың катиондары тұздарынан аммоний тұздарын бөлу алуда қолданады.
Натрий және калий кең таралған элементтерге жатады. Адам ағзасында натрий еріген тұздар түрінде (хлорид, фосфат және гидрокарбонат) көбіне жасуша сыртындағы сұйықтықта: қан плазмасында, лимфа және ас қорыту сөлінде болады. Қанның осмостық қысымын негізінен натрий хлориді ұстап тұрады. Сол сияқты калий ағзаның барлық ұлпалар құрамында болады. Кейбір биохимиялық процестерде калий ионы маңызды роль атқарады, жүрек қалыпты жұмыс істеу үшін қандағы калийдің концентрациясын анықтау қажет.
Натрий, калий және аммоний қосылыстары фармацияда қолданады. Натрий хлориді физиологиялық ерітінділердің және қан алмастырғыштардың құрамына кіреді, сол сияқты әр түрлі дәрілік препараттарды дайындау кезінде қосымша зат ретінде пайдаланады. Асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарлағанда NaHCO3 натрий гидрокарбонатын қолданады. Ревматизмді емдеу кезінде натрий салицилаты қолданылады. Аммоний хлориді диуретик (несеп айдағыштар) және қақырық түсіретін дәрі-дәрмектер ретінде қолданылады. Аммиактық судағы 10%-тік ерітіндісі («мүсәтір спирті») аурудың естен тану күйін қалпына келтіру үшін қолданады.
Жеке реакцияларды орындау кезінде зертханалық дәптерге төменде көрсетілген таблица үлгісі бойынша толтыру қажет.
ЖАЗУ ТҮРІ
Анықталатын катион
|
Реакция жағдайы
|
Реактив
|
Байқалатын өзгерістер
|
Реакция теңдеулері
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |