3.3 Екінші аналитикалық топ катиондары
Екінші аналитикалық топ катиондарына Ag+, Pb2+, Hg22+иондары жатады. Катиондардың тұздары суда нашар ериді. Бұл топтың катиондарының нитраттары ғана жақсы ериді, сол сияқты қорғасын, күміс ацетаттары. Күміс және сынап (І) гидроксидтері тұрақсыз және пайда болған сәттен бастап оксид пен суға ыдырайды. Қорғасын гидроксиді қиын еритін әлсіз электролитке жатады және амфотерлі қасиеттерге ие. Екінші топ катиондарының тұздары гидролизге ұшырайды және олардың ерітінділері қышқылдық ортаны көрсетеді. Бұл катиондар комплексті қосылыс түзуге қабілетті. Топтық реагенті хлорсутек қышқылы немесе суда еритін оның тұздары жатады. Топтық реагентпен әсер еткенде ірімшік тәрізді тұнбалар түзіледі PbCl2, AgCl, Hg2Cl2.
Достарыңызбен бөлісу: |