NH4+ ионның қатысын зерттеу. Бірінші зерттеу аммоний ионына жүргізіледі, себебі K+ және Na+ иондарын ашуға кедергі жасайды.
Пробиркаға 1-2 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 3-4 тамшы Несслер реактивін қосады. Қызыл-қоңыр тұнба түсуі ерітіндіде аммоний тұздарының қатысын көрсетеді. Дымқыл қызыл лакмус қағазда көк түстің пайда болуы аммиак қатысын көрсетеді.
Анализдің жүру барысы ерітіндіде аммоний тұздарының қатысына байланысты.
Аммоний тұздары жоқ
Егер аммоний тұздары болмаса, ерітіндідегі K+ және Na+ иондарының қатысына зерттеулер жүргізуге болады.
Na+ иондарының қатысына жүргізілетін зерттеулер. Пробиркаға 3-4 тамшы зерттелетін ерітіндіні енгізеді және лакмус бойынша ортасын анықтайды. Ол үшін шыны таяқша көмегімен зерттелетін ерітінді тамшысын лакмус қағазына (күлгін болса тіпті жақсы) енгізеді. Егер орта қышқылдық болса, онда сұйылтылған КОН ерітіндісін әлсіз сілті реакциясына дейін тамшылатып қосады. Әр қосылған тамшы КОН ерітіндісінен кейін, лакмус бойынша ерітіндінің ортасын анықтап отыру қажет. Зерттелетін ерітіндіні қажетті әлсіз сілтілік ортаға жеткенен кейін, оған 5 тамшы калий гексогидроксистибиаты (V) К[Sb(OH)6 ] ерітіндісін қосады. Реакцияны салқын ағынды судың астында, шыны таяқшамен пробирка қабырғасын үйкеу арқылы жүргізеді. Ақ кристалды тұнбаның әсіресе оның пробирка қабырғасында тұну ерекшелігі, натрий иондарының қатысын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |