І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет21/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы
К+ иондарының қатысына жүргізілетін зерттеулер. Пробиркаға 3 тамшы зерттелетін ерітіндіні және 2-3 тамшы натрий гексанитрокобальтатын (III) қосады. Сары түсті кристалды тұнбаның түзілуі калий ионның қатысын көрсетеді.



Аммоний тұздары бар

Егер аммоний тұздары қатысатын болса, онда оларды жою қажет себебі Na+ және К+ иондарын анықтауға кедергі жасайды. Ол үшін 1 мл зерттелетін ерітіндіні кішірек фарфор ыдысына құяды, абайлап буландырады және әуелі жай содан соң қатты отында аммоний тұздары толық ыдырағанша қыздырады. Бұл операцияны тартпа астында жүргізу керек. Ақ түсті будың бөлінуі тоқтағаннан кейін ыдыс ішіндегі қалдықты тағы 10-15 мин күйдіреді, салқындатады және жуғышпен ыдыстың қабырғасын шаймалай отырып, дистиллденген су қосады. Ерітіндіні пробиркаға енгізеді оған 3-4 тамшы Несслер реактивін қосады. Қызыл-қоңыр тұнбаның болмауы аммоний тұздарының толығымен жоқ екендігін көрсетеді. Егер аммоний тұздары толық жойылмаса, онда ерітіндіні қайтадан булайды және күйдіреді. Бұл операция сынама Несслер реактивімен аммоний тұздарының қатысы жоқтығы дәлелденгенше қайталанады.


Ерітіндіде аммоний тұздары толық жойылған кезде ғана К+ және Nа+ иондарының қатысына зерттеулер жүргізуге болады. Натрий иондарын анықтау кезінде ерітіндінің ортасын анықтаудың қажеті жоқ, өйткені ұзақ уақыт күйдіру нәтижесінде бос қышқыл болмайды.
Бақылау анализі барысында жүргізілген нәтижелерді келесі таблица түрінде толтыру ұсынылады (2 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет