І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет46/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2

3. Буго және Тиле реакциясы. Мышьяк қосылыстарын қышқылдық ортада натрий дигидрофосфиты NaH2PO2 көмегімен қыздыру кезінде, мышьякқа дейін тотықсызданады. Мышьяктың қатысы оның концентрациясына байланысты қоңыр тұнба түзіледі немесе ерітінді күрен-қоңыр түске боялады:

NaH2PO2 + НСl= NaCl + H3PO2


As2O3 + 3H3PO2= 2As↓ + 3H3PO3


Гутцайт реакциясымен салыстырғанда Буго және Тиле реакциясының сезімталдылығы төмен, бірақ сурьма, фосфор, сульфидтер қосылыстары қатысында мышьякты ашуға мүмкіндік береді.




3.9 Төртінші аналитикалық топ қоспасының анализі


1. Топтық реактивтің әсері. Құрамында төртінші топ катиондары бар 1мл ерітіндіге аз мөлшермен 10% натрий гидроксиді ертіндісін тұнба толығымен ерігенге дейін араластыра отырып қосады. Бұл кезде бастапқыда түзілген гидроксидтер Al(OH)3, CrOH3, Zn(OH)2 өзіне сәйкес тұздар Na[Al(OH)4], Na3[Cr(OH)6], Na2[Zn(OH)4] түзіп ериді. 8 – 10 тамшы сутегі пероксидін қосып, су моншасында газдың бөлінуі аяқталғанша қыздырады. Осы кезде Na3[Cr(OH)6] натрий хроматына дейін тотығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет