Күйдіргіш сілтілер алюминий тұздарымен ақ түсті алюминий гидроксиді тұнбасын түзеді:
АlСl3 + 3КОН = Al(OH)3↓ + 3KCl
алюминий гидроксиді тұнбасы амфотерлік қосылысқа жататын болғандықтан, ол сұйылтылған қышқылдарда және сілтінің артық мөлшерінде ериді де комплексті гидроксотұзын түзеді
3.Ализарин 1,2-диоксиантрахион алюминий гидроксидімен «алюминий лагі» деп аталатын ашық-қызыл қосылыс түзеді.
HOAlOH
Al3+ ионына сезімтал реакциялардың бірі болып табылады. Бұл реакцияға Ғе3+, Сr3+ және Zn2+ иондары кедергі жасайды. Сондықтан ерітіндіде Al3+басқа иондар кездессе, оның анықталуы қиынға түседі. Бұл реакцияны жартылаймикро немесе тамшылық әдіспен жүргізуге болады.