2. Дифениламин (C6H5)2NH қышқылдық ортада азот қышқылымен тотығады, қанық көк түстің пайда болуымен жүреді. NO2-, CrO42- және басқа тотықтырғыштарда осы реакцияны береді. Реакция фармакопеялыққа жатады.
Ацетат иондарының (СН3СОО-) реакциялары
Ацетат –ионы әлсіз сірке қышқылының СН3СООН анионына жатады. Көбіне сірке қышқылының тұздары суда ериді.
1. Күкірт қышқылы H2SО4 сірке қышқылын өз тұздарынан ығыстырады, оны тән иісі бойынша байқауға болады әсіресе қыздыру кезінде.
2CH3COONa + H2SО4 = 2CH3COOH + Na2SО4
Реакция фармакопеялыққа жатады.
2. Темір (III) хлориді FeCI3 ацетат-иондармен қызыл-күрен түске боялған темір (ІІІ) ацетатын түзеді:
3CH3COONa + FeCl3 = Fe(CH3COO)3 + 3NaCl
Сумен сұйылту және ерітіндіні қыздыру кезінде темір (ІІІ) ацетатының гидролизі салдарынан қызыл-күрен түсті темір (ІІІ) ацетатдигидроксидінің тұнбасы түзіледі:
Fe(CH3COO)3 + 2HOH = Fe(OH)2CH3COO↓ + 2CH3COOH
Реакция фармакопеялық.
Достарыңызбен бөлісу: |