І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ


А. Катион ауыр металдарға жатпайды



бет103/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы
А. Катион ауыр металдарға жатпайды. Егер зерттелетін заттың катионы ауыр металдарға жатпаса, (яғни магний немесе бірінші топтың не үшінші топтың катиондарына жататын) онда анионды анықтағанда ерітіндіні алдын-ала өңдеусіз жүргізуге болады.
Ең алдымен аниондардың тобын анықтау қажет. Ол үшін келесі зерттеулер орындалады.
Пробиркада 2 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2 тамшы барий хлоридін қосады. Тұнбаға түсуі бірінші топ анионның бар екендігін көрсетеді.
Егер барий хлориді тұнба бермесе, онда екінші топ аниондарының қатысына зерттеу жүргізіледі. Ол үшін 2 тамшы зерттелетін ерітіндіні 2 тамшы сұйылтылған азот қышқылымен қышқылдайды және 1-2 тамшы күміс нитраты ерітіндісін қосады. Тұнбаға түсуі екінші топ анионның бар екендігін көрсетеді.
Егер барий хлоридімен, не күміс нитратымен тұнба түзілмесе онда анықталатын анион үшінші топқа жатады.
Зерттелетін заттың анионы қандай топқа жататындығы анықталған соң, анықталатын тұздың құрамына қандай анион кіретіндігі анықталады. Ол үшін алынған топтың аниондарына тексеру реакцияларын жүргізу қажет. Қателік жібермеу мақсатында барий және күміс тұздары тұнбаларының қышқылдарда немесе басқада реактивтерде ерігіштігіне назар аудару қажет. Анионды бір ғана реакция жүргізумен шектеуге болмайды. Зерттеліп отырған анионның өзі екендігін нақтылау үшін, тағы бір тән реакциясын жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет