І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік


Мінез-құлықтағы қиындықтар



бет8/16
Дата15.09.2017
өлшемі3,39 Mb.
#33247
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Мінез-құлықтағы қиындықтар

Биологиялық фактор



Ұсақ әлеуметтік фактор


Биологиялық фактор - әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақат алудан, уланғыш заттардан және т.б. зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады.

Ұсақ әлеуметтік фактор – баланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жандалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.

Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін басқалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік басым болады.

Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:



  1. Қабылдамау

  2. Гиперсоциалды

  3. Қорқақ-секемшіл

  4. Эгоорталықты

Қабылдамау – егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, сүю болмаса, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.

Гиперсоциалды – мұндай ата-аналар – «дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйықтағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.

Қорқақ-секемшіл – бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіңе «Мен ауырып қалмаймын ба?», «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқақ-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қорқынышпен қарайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.

Эгоорталықты – бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік деңгейі жоғары болады. Баланың ортаға деген көзқарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уақытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.

Міне, осылай дұрыс тәрбиелемеуден баланың мінез-құлқы қиын болып қалыптасады. Сондықтан әрбір отбасы дұрыс тәрбие бермеуден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейді.

Әлеуметтік педагог мектептегі қиын балалар және құқықбұзуға бейім балалардың ең алдымен, отбасылық жағдайын, баланың әлеуметтік ортада бейімделуін жоғарыдағы теорияларға негізделе отырып анықтауы қажет. Мектепте қиындық туғызып жүрген оқушының өзіндік ерекшеліктерін анықтай келе, ондағы негізгі себепті факторды саралап, әлеуметтік педагог, педагог-психолог және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары педагогикалық, психологиялық және құқықтық жұмыс атқарады.

Әлеуметтік педагогта төмендегіше құжаттар болуы қажет:


  • Оқушылардың тізімі, мектеп директоры бекіткен;

  • Жұмыс жоспары;

  • Оқушылар туралы мәлімет, тәртібі, үлгерімі, ата-анасы туралы мәлімет, отбасы жағдай;

  • Тұрғын-жайын зерттеу актісі;

  • Оқушылардың бос уақытын, қызығушылығы және танымдық қабілеттерін анықтауға байланысты алынған сауалнамалар мен түзету жұмыстарын жүргізілгендігі туралы семинар-тренингтар.


Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру

Жазғы сауықтыру лагеріне қажетті құжаттар:

- Оқушылардың мектеп директоры бекіткен тізімі;

- Оқушылардың толық құжаттары;

- Мектеп директорының бұйрығы;

- «Қамқорлық» кеңесінде қаралғандығы туралы хаттамасы;

- Жазғы сауықтыру лагеріне баратын мекемелермен келісімшарт;

- Оқушыларға бөлінген қаржы туралы актісі.

- Ата-аналардың өтініші.



Ескерту: Егер де оқушы белгілі кездейсоқ жағдайларға байланысты лагерге бара алмағанда, оқушылардың орнын ауыстыру туралы бұйрығы шығарылып, өзге оқушы жіберіледі. Міндетті түрде ата-анасының бас тартуы жөнінде өтініші болуы қажет.
Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест , семинар-тренингтар тағы басқа)

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік зерттеу және болжам жүргізу жұмыстары

Ата-ананың жауапкершілігі бала тәрбиесіне аса мән беруді талап ететін ұғым болып табылады. Өйткені, баланың мінез-құлқын, өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру, заман талабына сай азамат етіп өсіру оңай міндет емес. Сәби аяғын тәй-тәйлап басқаннан бастап-ақ ата-анасымен тән қасиеттерге дағдыланады, ұяда көргенінен өнеге алады. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді үйренеді, еңбекке, өнер-білімге бой ұрады. Сондықтан да, отбасында күнделікті болып жатқан сан алуан ірлі-уақты оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, ересектерді еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, туыстар мен жолдастарға ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі-бәрі балаларға тікелей әсер етеді, мінез-құлқы соған орай қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқан да соны ілесің» деген халық даналығы да осыған байланысты туса керек.

Шын мәніндегі өнеге бедел – ата-ананың да, мұғалімнің де, әлеуметтік педагогтың да бала тәрбиесіне үлкен көмек беретін дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. Онсыз балаға ойдағыдай тәрбие беру қиын. Бала ата-ананың бойынан оның беделін түсіретіндей кемшілікті көп көрсе, жағымсыз мінезге көшеді, ешкімнің сөзін тыңдамайды. Керісінше, ұстамды, еңбекқор, білімді ата-ананың өнегесін кез келген сәби тез бойына сезінеді әрі сүйсінеді.

Баланың әлеуметтік ортаға бейімделуіне негізінен үш фактор әсер етеді: тұқымқуалаушылық, отбасы және тәрбие.

Осы үш ұғым біріне-бірі тізбектеліп, біріне-бірі ұштасып жатса, баланың өмірге бейімделуі, қоғамда жеке тұлға болып дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. Баланы отбасыда ғана дұрыс тәрбиелеп қана қоймай, мектепте де білім алуы мен тәрбиеленуіне басты назар аударған жөн.

Еліміздің Ата Заңының 30-бабында - әрбір азамат тегін орта білім алуға міндетті деп айтылып өткен. Осыған орай, біздің мемлекетімізде бала 6 жастан 16 жасқа дейін мектеп табалдырығынан білім алып, тәрбиеленіп шығады. Осы кезеңде педагог пен ата-ана арасында тығыз ынтымақтастық болуы тиіс. Ата-ана өз баласы туралы педагогқа толық мағлұматты мектепке баласы алғашқы күннен барғаннан бастап-ақ жеткізгені жөн болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі таңдағы мектептердегі әлеуметтік педагогтар ата-ана мен баласы арасындағы қарым-қатынасты, оқушының әлеуметтік ортасы, психологиялық-медициналық жай-күйі жөнінде ақпаратты анықтауда әлеуметтік зерттеулер жүргізілуі тиіс.

Мұндай әлеуметтік сауалнамалар ата-ананың өз баласы жөніндегі мәліметті, арнайы даярланған сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.

Әлеуметтік педагогикалық зерттеулер мынадай сатылардан тұрады:



  1. Зерттеу жүргізілетін объектілер мен субъектілерді анықтау (кімдерге және қай жерде жүргізілетіндігін анықтау қажет).

  2. Мақсатты анықтау

  3. Сауалнама, яғни зерттеу жұмысының сұрақтарын даярлау.

  4. Зерттеулерді жүргізу.

  5. Нәтижесін талдау (жалпы саны - 100%

қатысқаны – Х ),

сараптама жүргізу, хаттамасын жазу және тіркеу, яғни хаттамаларды нөмерлеу (1-11 сн.).



  1. Қорытындысын шығару және әлеуметтік болжам жасау (салыстырмалы түрде).

Сонымен, қазіргі таңда өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу мақсатында мектепте «ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын» дамытқан жөн. Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасап пікір алмасып, әлеуметтік-психологиялық зерттеулер мен әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүргізу қажет. Сонда ғана, білімді ұрпақ, саналы жеке тұлға тәрбиелеп шығара аламыз. Негізі әлеуметтік педагогтардың да мақсаты осы болып табылады.

Мектептегі әлеуметтік педагог өзінде есепте тұрған оқушылардың отбасына әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сынып жетекшісінен оқушының отбасы туралы мәлімет жинап, оқушының отбасының әлеуметтік құжаты (паспорты) толтырып қояды.


Өткізілген семинар-тренингтер, сауалнама және тесттердің

хаттама үлгісі

Өткізілетін күні Мектеп аты, сыныбы

сауалнама (тест) атауы

ХАТТАМА №

Сыныпта барлығы:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Қыз бала саны:

Ұл бала саны:

Ұлттық құрамы:

Қойылатын сауалнама сұрақ саны:

Сауалнама мақсаты:

1-сұрақ бойынша «қойылатын сұрақ жазылады» және көрсеткіштері көрсетіледі (мониторниг жасалады).

2.

3.



Қорытындысы, яғни әлеуметтік болжам жасалады: қойылған сұрақтар бойынша қай сыныпта жоғары көрсеткіш және қай сыныпта төмен көрсеткіштеріне байланысты сыныптарды салыстырмалы түрде нәтижесін талдап жазып, әлеметтік кеңес ұсынылады.

Әлеуметтік педагог қолы аты-жөні


Отбасына әлеуметтік кеңес беруді ұйымдастыру

Мектепте әлеуметтік педагогтар педагог-психолог мамандарымен, сынып жетекшілермен, әкімшілік құрамымен және ата-аналармен тығыз байланыста қызмет атқарады. Яғни, олармен оқушылардың құжаттарын тағайындауда, олардың әлеуметтік мұқтаждығына көмек беруде және оқушылардың ішкітұлғалық, тұлға аралық шиеленісті жағдайлар туындағанда, оқушы мен педагог арасында кикілжің пайда болғанда әлеуметтік педагогпен бірлесе жұмыс жүргізеді. Осы кезеңде, әлеуметтік педагогта кеңес беру журналының 2 түрі болуы тиіс. Біріншісі, сынып жетекшіге, оқушыға, пән мұғалімдеріне арналған кеңес беру, ал екіншісі ата-аналарға арналған кеңес беру журналы тіркеліп отыруы қажет. Алғашқы беті мектеп директоры бекіткен, тігіліп мөр басылған болуы шарт.

Олар төмендегіше:

КЕҢЕС БЕРУ ЖУРНАЛЫ

(сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне және оқушыға)



Кеңес алушының аты-жөні

Лауаз-ымы

Отбасы-ның

түрі,


бала саны

Отбасы-лық әлеумет-тік-материал-дық жағдайы, хал-ахуалы

Туындаған мәселе

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Берілген кеңес

Нәтижесі

1

Жандосов Таңат

Оқушы

әкесі мен анасы ажырасқан, әкесімен өгей анасының қолында тұрады, отбасыда 3 бала

Орта деңгейде, отбасыда әкесі, өгей анасы, әжесі, 2 қарындасы және өзі тұрады

Оқушы мектепке оқу жылының ортасында келіп, әлеуметтік ортаға бейімделуінде, бірқатар қиындық туындауда

Топарасында дау-дамай тудырмауға көмектесу, бақылау, әңгімілесу, сауалнама және сурет салғызу

Оқушының әлеуметтік ортада бейімделуіне топпен, психологпен бірлесе тренингтар өткізу, оқушының жаңа орта өзін ыңғайлы сезінуіне көмектесу

Бір апта бақылау, екінші аптада оқушы-ның ортада өзін еркін сезінуін байқау, оқушылармен достық қарым-қатынасқа түскендігін анықтау. Сынып жетекшісімен сөйлесу

АТА-АНАҒА КЕҢЕС БЕРУ ЖУРНАЛЫ





Күні, айы,жылы, уақыты

Ата-ананың аты-жөні

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Отбасылық жағдайы, бала саны

Қай тақырыпта кеңес берілуі

Ескертпе

Қолы




























Қарапайым педагогқа қарағанда, әлеуметтік педагогтың ролі ең алдымен білім беру емес, тәрбиелеуде, оның әлеуметтік көмек беру және қорғау функиясында. Әлеуметтік көмектің бағыты белсенді болуы керек және әлеуметтік жұмыстың субъектілері ретінде клиенттерді тартуы қажет. Әлеуметтік педагогтың отасымен байланысы әрбір нақты отбасы (жалпы отбасы туралы емес) туралы мәлімет пен оның ерекшеліктерін, адамдардың тіршілігінің осы саласында қарым-қатыас жасау процесінің заңдылықтарын ескеру негізінде жасалады.

Әлеуметтік педагогтар – балалармен, олардың ата-аналарымен, ересектермен, тұрғындарымен отбасы-тұрмыстық микроортада және көршілер ортасында, жасөспірімдермен, жастардың, топтарымен және бірлестіктерімен тәрбие жұмысымен жүргізетін, мәдени-сауық, дене шынықтыру-сауықтыру, еңбек, ойын және басқа жұмыстарды, топпен қарым-қатынас жасуды, балалармен ересектердің социумда техникалық, көркем шығармашылық және шығармашылықтың басқа да түрлерін ұйымдастыратын мамандар.

Әлеуметтік педагог балаларды, жасөпірімдер мен жастарды әлеуметтендіру процесінде мүмкін болатын және мақсатты «араласуды» қамтамасыз етеді, отбасы мен басқа да тәрбиелеу институттарына көмек береді, балалар мен ересектер арасындағы байланыстыршы жік, длдал «үшінші тұлға» ролін атқарады, жеке тұлғамен және қоғаммен жұмыс жасайды. Ол жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби бағдар алу кезеңінде көмектеседі, балалардың қоғамдағы құқытарын қорғайды.

Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының негізігі бағыттары



    • ата-аналарды ағарту және кеңес беру;

    • жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажға алу;

    • жеке бейәлеуметтік топтарға басқа бағдар беру және оларды «бұзу» жөніндегі жұмыс;

    • жаңа рольдерге бейімделуге көмектесу;

    • қызметтің қанағаттанарлық салаларын табуға көмектесу;

    • жас отбасыларына кеңес беру;

    • кәсіби бағдар алуға көмектесу;

    • топтық, отбасылық сауықтыру ұйымдастыру;

    • жалғызбасты адамдарға көмек беруді ұйымдатыру;

    • үйінде және арнайы мекемелерде әлеуметтік назарды талап ететін адамдарды анықату;

    • микросоциумда қария адамдардың белсенділік көрсетуі және олардың мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде біраз мәселелерді шешу: дәрігер, заңгер, психолог сияқты көптеген мамандармен ақпарат алмасуды талап етеді. Әлеуметтік жұмыстарды мақұлдау мен оларды қоғамдық тұрғыдан мойындау, көбінесе кеңес берушілер ретіндегі әлеуметтік қызметкердің атқаратын ролімен анықталады. Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын , сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амадарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқауымен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланатын шара.

Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші тренинг және басқаларын атап өтуге болады.

Әлеуметтік қызметте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы - әңгіме-дүкен қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе шиеленістер негізіне жататын адамның ішкі мәселлерін шешуге бағытталған.

Кеңес беру мақсаты - өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуге баулу.

Кеңес берудің мақсатын анықтау көмек сұрауға өтініш білдірушінің сұранысына, кеңес берушінің теориялық бағдарын байланысты болады.

Кеңес беру бұл төмендегідей бірнеше кезеңдерге бөлінетін бір мезгілдік қана әрекет:



    • өтініш иесін кеңес алуға итермелеген себептерді анықтау;

    • талдау, бағалау, анықтау мәселелері;

    • мәселенің құрылуын және кеңестің мақсатын анықтау;

    • әрекет ету жоспарын белгілеу;

    • тиісті әрекеттерді жүзеге асыру;

    • кеңес берудің нәтижесін бақылау және қортындылау.

Отбасылық кеңес берудің негізгі мақсаты - адамның ішкі психикалық өмірі мен оның тіршілік әрекетіне әсер ететін жүйеаралық қатынастар арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Осыған орай, іс жүзінде әлеуметтік қызметкер өзінің кәсіби қызметіне қатысты отбасымен жұмыс жүргізгенде кеңесшінің, көмекшінің, аудармашының, делдалдың, адвокаттың, брокердің, тәлімгердің және басқалардың ролін (қызметін) атқаруы мүмкін.

Әлеуметтік қызметкер – кеңес берушінің тұлғааралық дағдылары мен білітктілігінің қатарында төмендегі мынадай қабілеттіліктер болуы тиіс:



    • іскерлік, қызметтік өзара қарым-қатынас құру мен оны сақтай білу;

    • сезімталдықпен жұмыс істеп, оның өзіне және басқа адамдарға ықпалын санасына тоқи білу;

    • басымдылық, өшпенділік және ашу-ыза көрсету арқылы жұмыс жүргізу өзі үшін және басқа адамдар үшін аса зиянды екенін түсіне білу;

    • мінез-құлық пен мақсатты анықтап, түсініп және өзінше түсіндіре білу.

Отбасылық кеңес бер отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік проблемалар, шиеленістік жағдайлар кезінде әлеуметтік педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтиды.

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру мыналар болып табылады:



    • өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмектер;

    • тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету т.б.

    • отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауруларын тексеріп анықтау және емдеу, салауатты өмір салтыпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;

    • рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрғылықты сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағдарларын қолдау;

    • бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылғын анықтау және оны түзету: психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, тіл дамыту, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау;

    • отбасының ішкі және сыртқы қатынастары саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала-ата-ана және ерлі зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.

Отбасылық кеңес берудің айырмашылығы - әлеуметтік қызметкер кеңес бер барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңімен жұмыс жүргізеді де, соңынан олардың бәрін кездестіреді.

Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: байланыс орнату, проблемаларды анықтау, іс-әрекет фазасы, шешім қабылдау фазасы және кері байланыс.

Бірінші фаза - өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес алушыларымен өзара әрекеттесу шегіне анықтауды талап етеді. Ол фазада клиент пен психологтың араласуы, олардың қарым-қатынасын құрудағы арақашықтығы қандай болуы керектігі анықталады.

Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын анықтау. Бұл фазада кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері нақтыланады. Әлеуметтік қызметкер өз зерттеулеріне сүйене отырып, пробламаны анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт-бағдарын түсіндіру. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, біржақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек.

Үшінші фаза – іс-әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблемаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң-терісін анықтау арқылы оны жаңаша түсінуге жетелеу жүргізіледі.

Төртінші фаза – шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен салыстырмалы мінез-құлық көрсетуі. Бұл фазада білгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стартегиясын құрады. Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сенімге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар, клиент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрі жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізп, ең соңында өзіне қолайлы деген әдістерін таңдап алады.

Бесінші фаза – кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді.

Жұмыс жүргізу барысында кеңесші өзінің арнайы білікітілігі мен дағдысын былайша сыннан өткізуі тиіс: оңай және қиын сұрақтар қою; кеңес алушының сезіміндегі басты ойларды назарға алу; әңгіме барысында кеңес алушының ойын да ескеріп отыру; кеңес алушының айтқандарын ой елегінен өткізіп және қорытындылай білу; керек кезінде үндемей отыру, гипотеза ұсынып және оны дәлелдей білу және бірлесе шешім қабылай білу.

Сонымен,отбасына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру әлеуметтік қызметкер кеңесшінің жұмыс жүргізуін негізделетін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны оның түрлер мен отбасының жас шамаларына қарай бағдарланады.
Үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогикалық

жұмыс жүргізу

Мүгедек және денсаулығы жарамсыз үйде оқытылатын оқушылармен әлеуметтік педагогтар оқушының ата-анасымен, мектеп педагог-психологімен және пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс атқарады.



Әлеуметтік педагогтың міндеті:

  1. Оқушы туралы мәліметті сынып жетекшісінен алу және оның әлеуметтік жағдайын, топтамасын анықтау;

  2. Оқушының отбасымен танысу;

  3. Оқушының үйін зерттеу актісін түзу, өзіндік арнайы бөлме бар немесе жоқтығын анықтау;

  4. Педагог-психологпен және ата-анасымен бірлесе оқушының мінез-құлқын, хал-ахуалын анықтау және байқау;

  5. Оқушының ата-анасымен сөйлесу, сауалнама алу және пән мұғалімдерінің тұрақты түрде баруын бақылауға алу.

  6. Оқушының бос уақытта немен айналысатынын, қалай және кіммен өткізетіндігін сараптау;

  7. Оқушының әлеуметтік ортада бейімделуіне көмектесу.


Әлеуметтік педагогтың оқуға жарамсыз және үйде оқытылатын оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары



Атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі

Жауапты

1.

Мектеп бойынша оқуға жарамсыз және үйде оқытылатын оқушыларды анықтау. Медициналық сараптамасының айқындалуы бойынша және оқушының құжаттарын жинақтау.

Қыркүйек

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,

әлеуметтік педагог




2.

Үйде оқытылатын оқушыларды кітаппен қамтамасыз ету.

Қыркүйек

әлеуметтік педагог, кітапхана қызметкерлері

3.

Үйде оқытылатын оқушылардың тұрғын жай актісін жүргізу. Ата-анасымен, отбасы әлеуметтік жағдайын анықтау.

Оқушының көңіл-күйін, отбасыдағы хал-ахуалын анықтау.



Әр тоқсан сайын

әлеуметтік педагог, педагог-психолог,

сынып жетекшілер



4.

Үйде оқытылатын оқушылардың сабақ кестесі бойынша мұғалімдердің баруын бақылау, ата-анасымен байланыс жасау.

Үнемі

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,

әлеуметтік педагог



5.

Үйде оқытылатын оқушылардың әлеуметтік ортасымен араласу деңгейін және бос уақытта немен айналысатындығын анықтау, әлеуметтік педагогикалық сараптама жасау.

Үнемі

әлеуметтік педагог, педагог-психолог, сынып жетекшілері

6.

Сынып жетекшілерімен бірлесе және әкімшілік тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру

Желтоқсан

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,

әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер


7.

Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету: ата-анасына кеңестер беру.

Үнемі

әлеуметтік педагог, педагог-психолог

8.

Оқушының оқу үлгерімін талқыға алу, пән мұғалімдерімен бірлесе әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару.

Үнемі

Оқу ісі жөніндегі орынбасар,

әлеуметтік педагог, педагог-психолог



Әлеуметтік педагог қолы аты-жөні


Оқушы туралы мәлімет


  1. Оқушының аты-жөні:_____________________________

  2. Туған жылы, айы, күні:____________________________

  3. Сыныбы:________________________________________

  4. Әлеуметтік мәртебесі:_____________________________

  5. Ауруының түрі:__________________________________

  6. Әкесі туралы мәлімет (жұмыс орны):________________

  7. Анасы туралы мәлімет (жұмыс орны):________________

  8. Отбасындағы мүшелер саны:________________________

  9. Отбасы жағдайы:__________________________________

  10. Мекен-жайы, телефоны:_____________________________


Материалдық-тұрмыстық жағдайы мен отбасының моральдық-психологиялық ахуалын зерттеу

АКТІСІ
Шымкент қ. Тұратын көше үй пәтер

Біз, төмендегі комиссия мүшелері



  1. (Аты-жөні)

  2. (Аты-жөні)

  3. (Аты-жөні)

Осы отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы актіні құрдық:

Отбасының құрамы, аты-жөндері, жұмыс, оқу орындары_______________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Отбасының табысы (жалақысы, жәрдемақысы)________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Тұратын үй жағдайы, материалдық-тұрмыстық жағдайы:_______________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Моральдық-психологиялық климаты:________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқушының денсаулығы: __________________________________________

________________________________________________________________

Травма (себеп) жасайтын факторы______________________________

________________________________________________________________

Тұжырым және ұсыныстар (қандай әлеуметтік көмек қажет?)___________

________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолдары
Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарына арналған

САУАЛНАМА

Құрметті ата-ана!

Сізден, мына төмендегі сұрақтарға тлық жауап беруіңізді сұранамыз. Алдын-ала рахмет айтамыз.


  1. Оқушының аты-жөні:_______________________________________

  2. Туған күні, айы, жылы:______________________________________

  3. Мектебі, сыныбы:___________________________________________

  4. Сынып жетекшісі:___________________________________________

  5. Ауруының түрі:_____________________________________________

  6. Қай уақыттан бастап үйде оқиды?______________________________

  7. Оқулықпен қамтамасыз етілуі (мектептен алды ма, әлде өзі сатып алды ма?):__________________________________________________

_______________________________________________________________

  1. Сабақ кестесі (уақыты, пән атауы, мұғалімдері):__________________

_______________________________________________________________

  1. Сабақ ұзақтығы (уақыт өлшемі):________________________________

  2. Оқыту бағдарламасы қанағаттандырады ма?_____________________

  3. Оқушының оқу бағдарламасын қабылдауы:______________________

  4. Осы мектепте оқыту барысында қандай өзгерістер бар?____________

  5. Оқушының мінез-құлқы, отбасымен араласу деңгейі қандай?_______

  6. Оқушы бос уақытында немен айналысады?______________________

  7. Оқушының ерекше қабілеті бар ма(сурет салу, тоқыма тоқу, кесте тоқы т.б.)?__________________________________________________

  8. Сынып ұжымы мен баланың қарым-қатынасы (келіп тұрады ма, туған күніне келеді ме?)_______________________________________

  9. Мектептен көмек көрсетіледі ме?_______________________________

  10. Ата-ананың аты-жөні:________________________________________

  11. Ата-ананың қызметі:_________________________________________

  12. Отбасыда неше бала бар, аты-жөндері, туған жылдары?:___________

  13. Отбасы жағдайыңыз (біреуінің астын сызыңыз): өте жақсы, орта, төмен.

  14. Ата-ана тілегі:____________________________________________



ІҮ БӨЛІМ
Әлеуметтік-психологиялық тренинг жаттығулары

Топтағы қарым-қатынас

Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеті, сенімділік, көмектесуге дайын болу, сезімталдық, көзқарастың кеңдігі, шыдамдылық және өзін-өзі құрметтеумен қатар, ізделінді жеке қасиеттің бірі болып табылады. Басқалармен өзара құрметке, коммуникацияға, ынтымаққа негізделген қарым-қатынас құрғысы келгендердің бәріне осы қасиеттер қажет. Бұған қалай жетуге болады? Біздің өміріміздің бәсекелестік рухта өтуі қиындық келтіреді.

Бәсекелестікте ұтылғандарға қарағанда жеңімпаздар аз болады. Қалай болғанда да жеңілудің болатынын түсіну өзіңе деген сенімсіздік пен әр түрлі үрей туғызады. Нәтижесінде жеңімпаздар озбыр бола бастайды, сөзсіз олардың басқа адамдармен қарым-қатынасы қиындайды. Бәсекелестік бізді психологиялық жағынан тұйық етеді, ерте ме, кеш пе өз күшімізге деген ішкі сенімділіқ жойылады.

Ынтымақтастық адамдарды байланыстырады, ал бәсекелестік оқшаулайды. Дегенмен соңғы жылдары ынтымақтасу идеялары танылуда.

Жаттығулар мен ойындар жарысу принциптерін ынтымақтасу принциптерімен мүмкіндігінше орнын ауыстыруға көмектеседі.

Ойындар мен жаттығулар топта жұмыс істеуге үйренуге, өзіндік сананы дамытуға, өзінің және басқаның даралығын бағалауды үйренуге мүмкіндік береді, яғни күрделі көпбаспалдақты міндеттерді бірігіп шешетін сапаларды қалыптастырады.

Жаттығулар - тек топ мүшелерінің бір-біріне деген қызығушылығын ғана туғызбайды, сонымен бірге әркімнің өзін-өзі дұрыс бағалауын қалыптастырады, басқа адамдармен өзара әрекет дағдысына машықтандырады.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің топтың дамуына психологиялық әсерінің алғы шарты – топты құрудың нәтижесінде топтағы қарым-қатынас процесінің сапалық өзгерісі болады.

Тренингке қатысушылардың маңызды кезеңінің бірі олардың белсенді позициясы. Тренингтің негізгі мазмұны оған қатысушының өзі қатысып отырған топ арасында өзін нақты көре алуы. Сондықтан маңызды ереже ретінде тренингтің өту шеңберінде («осында және енді») ғана жағдайды талқылау шектеледі және пікірін жеке өзі айтады.

Тренингтің ерекше атап өтетін тұсы топтың «эмоциялық әлеуетіне» назар аударуы.

Топтағы қарым-қатынас шектеулі уақыт аралығында, топ дамудың нақты кезеңдерінен өтетіндей ұйымдастырылады.

Ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа кәсіби проблемаларды шешу іскерлігін жаттықтырады.

Негізгі рөлдік ойындар жан-жақты психологиялық мәнге ие және мазмұнына қарамастан кез-келген психологиялық проблемаға қолданылады.

Топ мүшелерінің саны көбейсе (8-12 адамнан көп), онда психологиялық жұмыстың тиімділігін төмендететін бірқатар қиыншылықтар туындайды. Төмендегідей негізгі қиындықтарды атап өтуге болады:



  • бірігу қасиеті төмендейді;

  • тұлға жағдайды бақылай алмайды;

  • топтың дамуын басқару күрделенеді;

  • шағын топтарға бөлініп кетеді;

  • қатысушылар арасындағы байланыс төмендейді;

  • енжар байқаушылар саны көбейеді;

  • уақытты тиімсіз пайдалану байқалады және тренингтің нәтижелілігі төмендейді.

Қазіргі экономикалық жағдайда бізге құнды болып табылатын мынадай адамгершілік қасиеттер қажет: шығармашылық энергия, беріктік, қайсарлық сонымен бірге қомандалық рух, әлеуметтік жауапкершілік сезімі және азаматтық батылдық. Қарастырылып отырған тапсырмалар осы сапаларды дамытуға көмектеседі.

Жаттығу «Бұдан да жылдамырақ бола ма?» 15 мин.

Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау.

  1. Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды (бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұраңыз). Топта барлығы жақсы араласқан соң. «Тоқта» дейсіз.

  2. Бәрі жабулы көздерімен тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. Ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа айтыңыз: «Сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деңіз.

  3. Ол үшін ойыншыларға мынадай кеңес беріңіз; есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл – оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді.

  4. Ойынның әр раундынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раундқа, ойыншыларға, қанша уақыт қажет болғанын айтыңыз, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз.

Нұсқаулар: Ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың бәрі қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

Жаттығу «Танысу»

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірімен танысуы.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.



Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз: әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатынын өзінің 3 қасиетін және өз есімін кезекпен айтады. Сонымен бірге өмірлік кредосын айтады.

Осындай қойылым қатысушылардан өз қасиеттеріне, жеке ерекшеліктеріне әр түрлі жағынан келуді ұсынады және ойдың икемділігін, тапқырлығын талап етеді.



Талдау: Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді?

Жаттығу «Біз»

Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: «Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан ынтымақты қауым құрайық. Мұны бірнеше кезеңмен ақырындап жасаймыз. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз /қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші бір шеңбер жасауға болады/. Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топқа ынтымақтастық ықпалын тигізеді – бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады /бірліктің болуына әкеледі/, ортада тұрған әлде біреуге шабуыл жасау жақсы, дәл осы жағдайда маған… Енді шеңбердегі орындарыңызды ауыстырыңыздар, бәрі – ұл – қыз «арқылы» тұратын болсын.

Келесі адым - өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірлеріңізге өте жақын тұрыңыздар және бір-бірлеріңізді қолпаштаңыздар. Қолдарыңыздан, иықтарыңыздан, белдеріңізден ұстаңыздар – кімге қалай ыңғайлы.

Әрі қарай – қауымдастығымызды сезініп көрейік. Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңбермен тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты – сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? /топ өлең таңдайды/. Сонымен, бастайық…

Соңында, қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік».



Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі.

Қазір өзімізді қалай сеземіз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды /бірлікті/ аз да болса біз сездік пе? Біз шеңберге тұрғанға дейін және осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз? Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөлді. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады.



Жаттығу «Алфавит» 20 мин.

Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бағалауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу, ынтымақтастықты нығайту.

Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді.

Олар «Команда сезімін» жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.


  1. Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлаңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адым - әркім өз есімін дауыстап және анық айтады (фамилиясыз).

  2. Жүргізуші: «Есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталаңызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды».

  3. Бәрі есімдерін айтып болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса алдына, соңғы әріптен басталса аяғына тұру керек. Қатарға тұру кезінде сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз көрсетілген ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреулеріне ғана, өз орнына тұру үшін орындарын ауыстыруына белгі беруге болады.

  4. Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі – бәрі өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады.

  5. Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады. Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па?

Жаттығу «Мәке Жәке Қоқиев» 10 мин.

Мақсаты: Көңіл күйді көтеру.

Бұл жаттығу әсіресе кішкене топпен жұмыс жасауға арналған. Ол қатысушылардың босаңсуына, көңіл күйлерін көтеруге бағытталған. Егер жұмыс үлкен топпен жүргізілсе, оларды 6-8 адамнан ішкі топтарға бөлу қажет. Қажетті жағдайды жасау үшін, келесі оқиғаны айтыңыз: «Бұл ескі кавказдық салт. Бір тайпаның көсемі жоғалды. Күнде кешкілік сол тайпа адамдары жиналып, алау маңында шеңбер жасап отырып, бір-бірінен Мәке Жәке Қоқиевты кімде-кім көрді деп сұрайды. Ең бастысы тайпалардың ішінен ешкім күлмеу керек, себебі көсемнің жоғалуы – ол жаман қасиет».



  1. Қатысушылар шеңбер болып отырады. Ойын бастайтын жүргізуші алыңыз. Ол оң жағындағы көршісіне былай дейді: «Сен Мәке Жәке Қоқиевты көрген жоқсың ба?». Осы сөздерді айтқан кезде жымиюға, тіпті күлуге болмайды.

  2. Оң жақтағы көршісі мынадай белгіленген жолдарды айтады: «Қап, мен оны көрген жоқпын. Мен өзімнің көршімнен сұрайын».

  3. Ол да сол сұрақты күлмей, жымимай оң жақтағы көршісіне қояды. Бірақ ол басқалардың күлкісін келтіретіндей бірдеңелерді қосуына болады.

  4. Кім жымиса немесе күлсе, сол ойыннан шығады.

Талдау: Қазір өзімізді қалай сеземіз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз?

Жаттығу «Рөлдік билер»

Мақсаты: Көңіл күйді көтеру.

Жүргізуші: «Қазір біз рөлдік билерді билейміз. Яғни мен сіздерге образ ұсынамын, сол образды көрсете отырып билеп көрейік. Мұқият болыңыздар. Сонымен, біз «роботтар биін» билейміз… Енді «1-ші курстардың билерін» және т.с.с. »

Талдау: Осы тапсырма ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Не қиындық келтірді? Образдарды көрсету барысында өзіңді қалай сезіндің? Бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар.

Жаттығу «Біз қандаймыз?»

Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлықтарымен жете танысу.

Жүргізушіден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстіңгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қоямыз. «Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің, кез келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. «Минус» белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезекпен оқып шығады. Жүргізуші жеке өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.

Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір-бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?
қарым-қатынас педагогикалық тренингі

Қазіргі кезеңде тренингтің үш түрі кеңінен оқу-тәрбие процесінде қолданылады. Олар:



  • когнитивтік тренингтер;

  • қарым-қатынас тренингтері;

  • релаксациялық тренингтер;

Тәрбие жұмысында көптеп қолданыста жүрген қарым-қатынас тренингін қарастырайық (1 сурет).

1-суретте қарым-қатынас тренингінің құрылысын бердік.

Қарым-қатынас тренингі үш технологияны біріктіреді:


  • өзара қабылдаушылық;

  • өзара түсінушілік;

  • өзара іс-әрекеттілік;

Қарым-қатынас тренингінің толық бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:

  1. Ұжым мүшелері өздерінің дербес қабілеттерін арнаулы тестілеуден өткізіп, біле алады. (Мысалы, арнаулы «Өрмекші-МИБ» әдістемесімен).

  2. Серіктестігін білу мақсатында өз презентациясын жасау арқылы өзара қабылдай алуы;

  3. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдары арқылы өзара түсінушілік;

  4. Бірлескен-жекеленген, бірлескен-жүйеленген, бірлескен-өзара іс-әрекеттілік жұмыстарды қамтитын өзара іс-әрекеттілік.

Іс-тәжірибе көрсеткендей-ақ, тренингке қатысушылардың саны 8-ден 12-ге дейін болғаны дұрыс.

Педагогикалық тренинг құрылысы төмендегідей болады:



  • тренингке дейінгі сыныптың көңіл-күйін анықтау; (1-сурет)

  • әр ойыншының білім, білігін тексеру;

  • үйренетін негізгі білімді жеке, ұжымдық оқыту формасын ойын элементтерін қоса пайдалану барысында меңгеру;

  • тренингтің ортасында сергіту не демалыс сәті, психологиялық бәсеңсу болуы шарт;

  • ауызша не жазбаша кері байланыстың болуы керек.

Егер тренингті дұрыс ұйымдастыра білмесек, тренинг оқыту – білімділік функциясын жоғалтып, көңіл көтеретін іс-шараларға айналып кетуі мүмкін.

Қарым-қатынас тренингін өткізу үшін арнаулы құрал-жабдықтар қажет:



  • қарым-қатынас барысында әрбір оқушының жеке басының мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін әртүрлі тестілер болуы керек;

  • әр топқа немесе әр оқушыға берілетін үлестірмелі тапсырмалар;

  • психологиялық жаттығулар;

  • рөлдік және іскерлік ойындар;

  • видеоаппаратуралар, техникалық құралдар, әр түрлі көрнекіліктер.


1 сурет













Қарым-қатынастық тренинг

































































































Өзара қабылдаушылық технологиясы




Өзара түсінушілік технологиясы




Өзара іс-әрекеттілік технологиясы





















































































Өз презентациясын жасау әдістері




Серіктестігін білу әдістері







Қарым-қатынастың тілдік құралы




Қарым-қатынастың тілдік емес құралдары




Бірлескен-жекеленген




Бірлескен жүйеленген




Бірлескен-өзара іс-әрекеттілік




  • тренингке қатысқан әр топтың, әрбір оқушының жауабын бағалауға арналған арнайы бланк-қағаздар және т.б.

М


С-өҰ Т-Б Т-Б





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет