І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырмалар



бет40/41
Дата08.10.2023
өлшемі313,7 Kb.
#184103
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org
2.УМКД Иннов. басқару іскерлік коммуникация
Студенттерге берілетін тапсырмалар:
  1. Озат тәжірибені таратудың маңызы.


  2. Педагогикалық кеңесті өткізудің мақсаты.




ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.
  1. Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу, қорытындылау.


  2. Педагогикалық кеңестің құрылымын жазып, талда




ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Педагогикалық кеңесті өткізудің жоспарын құру, талдау.


  1. 3. Әдістемелік жұмыс формалары.


Мақсаты: Тәрбиеші мамандығын көтеру және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен таныстыру. Теориялық білімдерін іс-тәжірибеде қолданудға бағыттау.
Жоспар
  1. Тәрбиеші мамандығын көтеру.


  2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.




Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Тәрбиеші мамандығын көтеру. Балабақшадағы әр тәрбиеші кәсіптік шеберлігін көтеріп отыруға тиісті. Меңгеруші бұл мәселені яғни тәрбиешілердің керекті және жаңа шыққан әдебиеттермен танысып отыруларын, өз білімін көтеру жоспарын жасауын үнемі қадағалап отырады. Әсіресе тәрбиешілер арасындағы сырттан оқитындарын ерекше назарға алып, егер қажет болса, аға тәрбиешінің оларға көмектесулерін ұйымдастыруы тиіс. Сонымен бірге меңгеруші олардың әдістемелік бірлестіктерге, үйірмелерге аудан жанындағы семинарларға қатысуларын бақылайды. Жекелеген мамандықтың лекциялары да тәрбиешінің білімін көтеруге әсер етеді. /логопед, врач-гигиенист, балалар жазушысы, тілшілер, ғалымдар т.б./
Педагогикалық колледж, пединституттардағы тіл дамыту мәселесімен айналысып жүрген ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мұғалімдердің лекцияларын ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ жаңа шыққан әдістемелік әдебиеттерді талқылау керек. Бес минуттық информацияда газет-журналдардан мақал, хабарлама жасауға болады. Түрлі тақырыптағы стенділер, кітап көрмелерін ұйымдастыруға болады. Басқа балабақшаларға, музейлерге, спектакль, кинофильмге барудың да тәрбиеші шеберлігін арттыруда ролі үлкен.
Тіл дамытуда ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізу. Балабақша мен ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, нәтижелі, жемісті болады. Сондықтан түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек.
Ұжымдық форма /коллективтік/. Ата-аналар жиналысында жыл басында әр топтың тәрбиешісі тіл дамыту бойынша алда қандай мақсаттар тұрғанын түсіндіруі тиіс. Түрлі тақырыпта ата-аналармен лекция, әңгіме, консультация өткізуге болады. Ата-аналарды сабаққа қатыстырғанда артық емес. Балабақшадағы ата-аналарға арналған бұрышта балалардың тілін дамытудың жағдайын көрсететін стенді іліп қою ұсынылады. Сонымен қатар мұнда ата-аналарға арналған әдебиеттер тізімі ақыл-кеңестер көрсетілуі керек. Әдетте, ата-аналар жиналысы кезінде балаларға және олардың өздеріне арналған педагогикалық әдебиттің көрмесі ұйымдастырылады.
Ата-аналар балабақшаның арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір формасы белгілі бір топтың ата-аналарының біреуінің жұмыс орнына балаларды топсаяхатқа апару.
Сондай-ақ ата-аналар конференцияларын, ауызша педагогикалық журналдар ұйымдастырудың да пайдасы мол.
Ата-аналармен жеке жұмыс. Тәрбиеші не меңгеруші баланың сөйлеу қабілеті жайында айтып, нұсқаулар береді. Мұндай жұмысты баланың үйіне барып та жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет