Баланың сөздік қорын нақтылау.
Бұл міндеттің негізгі мақасты – бала тілінің стиліне, мәнерлілікке, сөз мағынасын қаншалықты түсінетіндігіне көңіл бөліп, анықтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керек:
а) біріңғай заттардың, нәрселердің атауын балаларға меңгерту. Мысалы, жеміс дегенде алма, алмұрт, шие, өрік т.б. бәріне ортақ жалпы бір атау, өйткені бұл ұғымға бас киім, аяқ киім, басқа да киім түрлері (тіпті жыл мезгілдеріне байланысты киілетін киім түрлерін) еніп отыр.
ә) балалаларға жаңа сөздердің мағынасын тереңдетіп түсіндіру. Мысалы, екінші сәбилер тобындағы балалар мереке деген сөзді жай көңілді оқиға деп ұғынса, ересектер тобындағы балалар ол сөздің бүкіл халықтық мәнін (республика күні т.б.) түсінеді.
б) сөздің тура және ауыспалы мағыналарына назар аудару. Мәселен, Таңертең де түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады.(А.Асылбеков)
Кіп-кішкене, момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам: «Қозым деп»,
«Қошақаным — өзің» — деп (М.Әлімбаев)
в) Жаңа сөздерді қайталау. Балаларға үйретілген жаңа сөздерді тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен күннің екінші жартысында қайталатып, естеріне түсіріп отыруы тиіс. Сонда баланың сөздік қоры молайып, актив сөздерінің саны артады.
Сөздік қорды жандандыру.
Бұл қай топта болмасын жүргізілетін негізгі күрделі жұмыс. Өйткені, балалар сөйлегенде сөздің мағынасын түсініп, орынды қолданулары қажет. Ал, тәрбиеші түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлегенде, сөздерді таңдай білулеріне, сөйлемдерді қатесіз құруларына бағыт сілтейді. «Балбөбек» және т.б. балама бағдарламаларында балалардың сөздік қорын жандандыруға ерекше мән берілген.
Сонымен балалардың сөздік қорын жандандыру дегеніміз – олардың сөздік қорын мағынасын толық түсінетін сөздермен молайту және ол сөздерді күнделікті сөйлегенде пайдалануларын қамтамасыз ету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мағыналас сөздерді (синоним сөздерді) көп білу. Олардың сөйлегенде сөз реңктерін ажырата білуге көмектеседі. Ал заттардың, құбылыстардың кеңістіктегі көлемін, қасиеттерін салыстыруға үйрету де қарама-қарсы мағыналы сөздерді (антонимдерді) пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |