Студенттерге берілетін тапсырма:
Дыбыстау мәдениеті деген не ?
Дауысты дыбыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері
ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары
Тіл мәдениетіне анықтама бер
Дыбыстардың жасалу жолдары.
Б.П., _________________
Д.Т., _________________
Т.С.С. ________________
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” бағдарламалары бойынша сөз дыбыстарын дұрыс айту бөліміне әр топқа талдау.
5.2. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері.
Мақсаты: Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың міндеттерімен таныстырып, олар туралы түсінік беріп, ерекшеліктерін меңгерту. Теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жоспар
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Үнреңкін жетілдіру.
Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру.
Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Бала тілін дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері:
І. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
Ол үшін тәрбиеші баланың сөйлеу аппаратының қызметін мұқият бақылап, қандай дыбыстарды айтқанда қате жіберетіндігін тексеруі тиіс.
Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету 3 (үш) кезеңнен тұрады:
а) сөйлеу аппаратын жаттықтыру.
ә) таныстырылатын дыбыстардың айтылуын үйрету.
б) сол дыбыстарды буында, жеке сөзде және сөз тіркестерінде айтқызу.
Осы үш кезеңді жүзеге асыру үшін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
Үйретілетін дыбысты тәрбиешінің бірнеше рет қайталауы. Қандай дыбыстау мүшелері қатысатындығын түсіндіруі.
Сол дыбыстарды балаларға айтқызу және тыныс алуларына көңіл бөлу.
Сол дыбыстан құралған буындарды балаларға түрлі қарқында айтқызу.
Сол дыбысты сөз ішінде қайталап айтқызу үшін тақпақтар оқып беру және жаттату, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтқызу.
Достарыңызбен бөлісу: |