3) Ұлттық тәрбие аясында жаңа оқу жылында білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту мақсатында цифрлық дәуір ерекшеліктерімен байланыстыра отырып «Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске асырылатын болады. Әрбір халық өзінің төл мәдениетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сақтауы тиіс. Дәстүр жастарды тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
4) Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру: отбасы мүшелері арасындағы сыйласымдылық, үлкенді құрметтеу, ананы сыйлау, әкені қадір тұту, отбасы берекесі, отбасылық дәстүрлер, бауырмалдық, туысқандық, денсаулыққа қамқорлық, салт-дәстүр сабақтастығы, сүйіспеншілік. Отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық іс-шараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде көрініс табуы тиіс.
5) Білім алушылар бойында еңбек тәрбиесін, экономикалық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие білім алушылар бойына шығармашылық еңбек, еңбек мәдениеті, экономикалық сана, кәсіп, мансап, функционалдық сауаттылық, туған табиғатқа деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды сіңіруге ықпал етеді. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады: қолөнер көрмесі, мектеп маңайын және ауылын көгалдандыру мен абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, көңілді шеберлер қаласы, еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты және тағы сол сияқты іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |