І бөлім: Тәрбие жұмысының жоспары


) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі47,21 Kb.
#123218
1   2   3   4   5
Байланысты:
тәрбие
Насыр А. Зооантропоноз реф
6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие білім алушыларға эстетикалық сананы; эстетикалық талғамды қалыптастыруға көмектеседі. Мектептегі көп мәдениетті тәрбие басқа мәдениеттердің, ұлттардың, діни сенім және т. б. өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыруға бағытталуы керек. Осы бағытты іске асырудың негізгі тетіктері – Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; балалар мен жастар жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру, халықтар достығы фестивальдері, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; танымал адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер. 7) Зияткерлік тәрбие білім құндылығын; зияткерлік ұстанымды; әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу кибермәдениет мен кибергигиенаны қалыптастырады. Зияткерлік тәрбие лингвистикалық, музыкалық, логикалық-математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық, тұлғааралық, тұлға ішіндегі зияткерлікті дамытуға бағытталуы керек. 8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене бітімін жетілдірудің құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастырады. Орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері бойынша мектептік спорт лигалар желісі мен спорт секцияларын кеңейту маңызды. Ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт лигаларын, қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша оқушылар спартакиадасын дамыту қажет. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің, АИТ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтының негіздері бойынша семинар-тренингтер өткізу тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет