1.3 Тәрбие жұмысының мақсаты
Мақсаты:
Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі реттеп, өзгелермен қарым-қатынас жасай алатын, ақпараттық сауаттылығы жоғары, интеллектуалдық қабілеті жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар
ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету;
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен
келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету;
3. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарына бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан
Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге ықпал ету;
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардаң ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін күшейтуге, бала
тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету;
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауымен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-
қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту;
6. Әр бір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін
уәждемелік кеңестің қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету;
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның
өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту;
8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян
келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңестік орнату;
Достарыңызбен бөлісу: |