І бөлім: Тәрбие жұмысының жоспары



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі47,21 Kb.
#123218
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тәрбие


І бөлім:
1.Тәрбие жұмысының жоспары
1.1. Тәрбие жүйесінде басшылыққа алынатын құжаттар
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары:
Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы 518-IV Кодексі;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы 345 Заңы;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы 214-ІY Заңы;
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі 169- VI Заңы;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 319 Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.


1.2 Тәрбиенің негізгі бағыттары
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады. Тәрбие бағытының бірі – білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу. Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемасын белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениет адамын тәрбиелеу міндеті тұр.
2) Рухани-адамгершілік тәрбие – адамгершілік келбеті, адамгершілік сана; құндылық сезімдері мен қасиеттері – ізгілік, ар-ождан, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, ынтымақтастық, ұлтаралық келісім, толеранттылық сияқты құндылықтарды қалыптастырады. Волонтерлік білім алушылардың адами әлеуетін ашуға, адамгершілікті тәрбиелеуге және әлеуметтік тәжірибені дамытуға ықпал етеді. Волонтерлік – бұл адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, достық, мейірімділік, төзімділік және жасампаздық институты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет