Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық мазмұны
Гигиеналық білім беру және тәрбие беру міндеттерін шешуге арналған тарихи қалыптасқан немесе арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет дене жаттығулары деп аталады. Оларды негізгі төрт бөлімге бөліп қарастырады: спорт жаттығулары, гимнастикалық жаттығулар, ойындар және түрлестік іс-шаралар. Дене тәрбиесі оның міндеттерін орындаудың басты құралы дене жаттығуларымен ерекшеленеді. Осыған байланысты, педагогикалық құбылыс ретіндегі дене тәрбиесі-бұл гигиеналық, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін дене жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.Дене тәрбиесінің гигиеналық міндеттеріне дене дамуын жақсарту мен денсаулықты нығайту, білім беруге-білімді меңгеру мен қимыл қабілеттерін жетілдіру, тәрбие беруге-тұлғаны бүтіндей қалыптастыру жатады. Осыған орай дене тәрбиесінің міндеттері мыналалар: 1) денсаулықты нығайту; 2) дене дамуын жақсарту; 3) қимыл қабілетін жетілдіру; 4) білімді меңгеру; 5) тұлғаны толық қалыптастыру.Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесімен біріге отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды.
Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ұйымдастырудың негізгі екі түрі – дене мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі.
Дене мәдениеті сабақтары («дене мәдениеті»)-бұл дене тәрбиесі міндеттерін спорттық және гимнастикалық жаттығуларды, ойындар мен туристік іс-шараларды үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
Спорт сабақтары («спорт») – бұл дене тәрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.
«Дене мәдениеті» мен «спорт» түсініктері мәндері жағынан бірдей педагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда бұл түсініктер арасында айырмашылықтар да бар, олар: оның бағыттары мен қолданылатын құралдарының ерекшеліктері. Дене мәдениеті сабақтарының негізгі мақсаты жалпы дене дайындығы болса, ал спорт сабақтарының мақсаты – іс-әрекет қабілетін дамытуда жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болып табылады. Бағыттарындағы айырмашылық осы. Сондай-ақ дене мәдениеті сабақтарында бір ғана немесе топтама сабақтарға сәйкестендірілген көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар пайдаланылса, ал спорт сабақтарында – нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып табылады.
Спорт жарыстарына қатысуға дайындық басты мақсаты болып саналатын спорт сабақтары спорттық жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сөзі ағылшынның (тренировка) «train» сөзінен шыққан, яғни, үйрену, жаттығу, тәрбиелеу деген мағынаны береді. Жаттықтыру мақсаты – дайындалушының белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетін жетілдіру болып табылады. Спорттық жаттықтыру – бұл жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен іс-әрекет қабілетін дамытуды ең биік деңгейге жеткізуге, таңдаған спорт түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.
Спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы міндеттер толық орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің әрқайсысы оның биік спорт нәтижелеріне жету мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамассыз ететін сипатқа ие болады.
Спорт жаттықтыруы спортшының жарысқа қатысуға дайындығын қамтамассыз ететін бір ғана фактор болып табылады. Спортшының жарысқа қатысуына дайындығын қамтамассыз ететін шаралар кешенін спорт дайындығы деп атайды. Ол дене, тәсілдік, тактикалық, теориялық және психологиялық тәрізді сәйкес дайындық түрлерін жүзеге асыруды немесе дайындық: түрлерін қамтамассыз етуді қарастырады. Дене дайындығы - ағзаның вегетативті қызметін, тұлғаның іс-әрекет сапасы мен пішінін, сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. Тәсілдік дайындық - таңдаған спорт түрі барысында іс-әрекетті орындауды жетілдіру деңгейімен сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің жағдайлары мен талаптарына сай мінез-құлықты, қимыл мен іс-әрекетті өзгерту қабілеттілігімен сипатталады. Теориялық дайындық таңдаған спорт жарыстарына қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті алынған білімдер көлемімен сипатталады. Психологиялық дайындық-адамның спорт жаттықтыру мен жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен көңіл-күй жақтарының дамуымен және жағдайымен сипатталады.
Спорт дайындығының аталған барлық түрлері өзара бірлік пен байланыста көрінеді, бірақ олардың әрқайсының айырмашылығы спорттық мамандандырылу пәніне байланысты болады. Мысалы, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, суға секіру мен басқа да спорт түрлерінде басты міндет тәсілдік міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр атлетика мен түрлі қашықтықтарға жүгіруде дене дайындығы (сәйкес қимыл сапасын дамыту), спорт ойындары мен бірсайыс тәрізді спорт түрлерінде тәсілдік-тактикалық дайындық басты міндет болып саналады т.б. аталған дайындық түрлерінің маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, дайындық деңгейіне, спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.
Дене тәрбиесі және спорт сабақтары әсерінен пайда болатын және қимыл-қозғалыс көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы өзгерістер жаттықтырылу жағдайы ретінде анықталады. Спорт сабақтарындағы жаттықтырылудың жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.
Спорттық пішін белгілі бір спорт түрінің талаптарына сәйкес денелік, тәсілдік-тактикалық және психологиялық дайындықты қамтамассыз ету нәтижесі болып табылады. Бұл спортшының барынша жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті жаттықтыру жағдайы болып табылады.Жаттығуға қойылған талаптар ағзаның икемделіп, бейімделуінен туындайды, яғни ағзаның жаттығуы нәтижесі жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Адамның жаттығуы шексіз жүйелі жаттығулар нәтижесінде адам кейде өз қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайта алады.Сабақтардағы дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық принциптерінің бұзылуы кері әсерлерге әкелуі мүмкін, кейде жүйелі жаттығулар нәтижесінде ағзада болатын ілгерішіл өзгерістердің күрт бұзылуымен көрінетін артық жаттықтырылу жағдайы туындайды.Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық принциптерін сақтаған жағдайда бірдей түрдегі спорт сабақтарындағы жаттықтыруды дамытудағы ілгерлеушілік орындалатын қимыл күрделілігіне байланыстын болады. Шағын бұлшықет тобынның қатысуымен жасалған қимылдар күрделі шоғырланған қимылдарға қарағанда тез нәтижеге жетеді. Дене мәдениеті мен спортпен жүйелі айналысу сабақтарында жаттығуды ұлғайту шегі жас шамасына байланысты. Өз сипаты жағынан төзімділік пен ептілікті қажет ететін спорт түрлеріне қарағанда, жылдамдықты талап ететін спорт түрлерінде жас шамасы көп жағдайда жаттықтырудың дамуын шектейді. жаттықтырудың дамуын шектейді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде 30 жастан асқан адамдар жоғары спорт нәтижелеріне жетуі сирек, ал алыс қашықтыққа жүгіретіндер, семсерлесушілер арасында 40 жастан асқан жоғары дәрежелі спортшылар көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |