І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктеме



бет9/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктеме

Сабақтағы оқушыларға деген жеке және қосынды ықпалдар адамның басынан өткеретін қысымның дәрежесімен сипатталатын жүктеменің төлеміне байланысты болып табылады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында ол сабақ пәніне (жаттығу), жаттығуды ұйымдастыру мен қимыл жасау ортасына тәуелді болады. Сабақ-бұл нақты қимыл, іс-әрекет (спорттық немесе гимнастикалық жаттығу, ойынның немесе туризмнің түрі). Қимыл ортасы деп сабаққа лайықталған жағдай түрін айтамыз, ал жаттығуды ұйымдастыру деп мына бөлімдердің өзара қатынасын түсінеміз: а) жаттығудың қарқындылығы; б) жаттығудың көлемі; в) жаттығу барысындағы демалыс түрі мен оның ұзақтығы.Жаттығудың қарқындылығы орындалатын қимылдар қысымымен сипатталады. Айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларында олар біркелкі емес ықпалдар әсерінен өзгеріп отырады. Айналымдық жаттығулар түрлерінде қарқындылықтың өзгеруіне әсер ететін ықпалдар ең алдымен қимыл жылдамдығы содан кейін ауырлатылған аяқ киім, белдік, т.б. түріндегі арнайы қолданылатын тартылулар болып табылады. Одан бөлек, спорттың айналымдық түріндегі жаттығулар қарқынына қимыл ортасы әсер етеді.



Айналымдық емес қимылдардағы жаттығулар қарқындылығы мынаған байланысты: 1) орындалатын жаттығулардың дәлдік күрделілігі, (темірді тұрып, отырып және жатып қысымдап көтеру); 3) қимыл бағыты (мысалы, ядроны 200 немесе 400 бұрышта көкжиекке лақтыру); 4) пайдаланатын снарядтардың түрлері мен салмағы; 5) қарсыласының салмағы (қарсыласуы және жетілуі); 6) оқушының жүйке-бұлшықет қысымының деңгейі (қимыл жылдамдығы, қимыл дәлдігі, қимыл ауқымының ұлғаюы және басқа), яғни көлемді қимыл әсеріне жету үшін қажетті жағдайлар.Жаттығу көлемі орындалатын қимылдардың сандық шамасымен сипатталады. Айналымдық дене жаттығуларында көлем қашықтықтың бағындырылған ұзындығына, жаттығудың ұзақтығына және белгілі тапсырманың қайталану санына тәуелді болады.Айналымдық емес дене жаттығуларында көлем бірдей дене жаттығуларының қайталану сандарына, орындалатын дене жаттығуларының (көптүрлілігі) санына және белгілі бір тапсырманың қайталану санына тәуелді болады.Дене тәрбиесі сабақтарында жалпы дене дайындығын жаттығу көлемін қамтамасыз етуге бағытталған айналымдық емес жаттығуларды меңгерумен сабақтың тығыздығы анықталады. Оның ауқымдылығы пайызбен сипатталады.Сабақтың моторлық және жалпы тығыздығының айырмасын анықтау формасы. Сабақтың моторлық тығыздығы сабақ уақытының барлығында орындалатын жаттығуға жоғалтқан (бүтіндей немесе оның жеке бөліктерін) уақыт қатынасында айтылады. Мысалы сабақтың негізгі бөлігінің ұзақтығы 30 минутқа тең, сабақтың бұл бөлігіндегі жаттығу орындауға кеткен уақыт көлемі 10 мин. Сабақтың негізгі бөлігінің тығыздығы 33%-ға тең Сабақтың жалпы тығыздығы – бұл сабақтың барлық уақытына қатысты, пайдаланылғаны педагогикалық тұрғыдан аяқталған уақыттың қатынасы. Педагогикалық тұрғыдан аяқталған уақытқа оқытушының білімді және мақсатты көрсетуі мен түсіндіруі, оның нұсқауы, қайта сапқа тұрғызуға арналған бұйрықтары, жаттығуды орындауға кеткен уақыт және олардың арасындағы демалыс жатады.Жоғарыда аталғандай, жүктеме көлеміне сол сияқты демалыстың ұйымдастырылу түрі мен ұзақтығы да әсер етеді. Тек олардың өзгеруі ғана (біркелкі дене жаттығулары мен жаттығу қарқындылығымен) бір жағдайда үлкен көлемде тездікті дамытуға, екінші бір жағдайда жалпы және жылдамдық төзімділігін, бұлшықет көлемін ұлғайту немесе күш пен күш төзімділігін дамытуға көмектеседі.Демалыс ұзақтығы түбегейлі түрде спорт жаттығулары тәсілін меңгеруеі табысты болуына ықпал етеді. Ұзақтығына қарай демалыс қатқыл, экстремалды және толық болады. Қатқыл демалыс келесі жаттығулар, яғги алдыңғы қимылдардан сақталған шаршау аясында жүргізіледі, эстремалды демалыс алдыңғы жаттығулардың шаршауын жояды, бірақ оның тиімді жақтарын сақтап қалады. Толық демалыс алдыңғы жаттығулардың орындалу нәтижесін өшіруге әкелетін жаттығулар ұзақтығына байланысты жүргізіледі.

Ұйымдастыру түріне қарай демалыс әлсіз, белсенді, аралас болып бөлінеді. Жаттығулар барысында әлсіз демалыс барлық арнайы қимылдарды тоқтатады (тұрып, отырып, жатып демалу). Белсенді демалыс арнайы қимыл мен іс-әркеттер, яғни жұмысқа қабілетін қалпына келтіруді жылдамдату үшін қолданылатын демалысты атайды. Көптүрлі қайталама жаттығулардан кейін белсенді демалыс 2-3 есеге әлсізінен қарамастан дұрыс нәтиже береді. Оның әсері әсіресе жақсы жаттыққан спортшыларда белгілі болады.Спорттың айналымдық түрлерінде жаттығулар арасында үзілістегі демалыс түрі барынша мақсатты болады, онда да ұзақтығы айналымдық қимылдағыдай, бірақ қарқыны аз болып келеді. Сол сияқты спортшы сабақтың немесе аталған спорт түрінен жарыстар аяқталған. Ең демалуы тиіс. Әрине, күшті тез әрі жақсы қалпына келтіру үшін мәреден кейін бірнеше уақыт қажет. 3-5 минут қимылды жалғастыру керек (желаяқ сәл баяу жүреді, жүзгіш біраз суда қимыл жасайды), т.б. Жүгіруден кейін қимылды тез тоқтату бұлшықет пен сіңірдің жарылып немесе тартылып қалуы сол сияқты гравитациялық шок болуы мүмкін (қысқа мерзімді есінен айырылу). Баяу жүру-айналымдық емес спорт жаттығуларынан кейін де өте тиімді демалыс түрі болып саналады. Белсенді демалыс қимыл құрылымы бойынша көптүрлі құрылған және барлық қимыл аясына әсер ететін спорт түрлерінің шаршататын жаттығуларынан соң онша тиімді емес. Спорттың бұл түрлерінде бокс, баскетбол, хоккей, т.б. қысқа үзілістер уақытында қалпына келтіру үшін қандай да бір қимыл жасамай, керісінше отырып демалған дұрыс.Аралас демалыс деп әлсіз және белсенді демалыстың үйлесімін айтамыз. Айналымдық емес спорт түрлерінің сабақтарында демалысқа арналған үзіліс уақытын үш бөлікке бөлуге кеңес беріледі: бірінші бөлікте (уақыттың 25%-ы) баяу демалып, екінші бөлікте (50%)-белсенді және үшінші бөлікте (25% уақыт) – баяу демалу қажет.Уақытша шаршауға әкелетін қимылдар аяқталған соң үзілісте босаңсыту жаттығуларын орындап, массаж жасатып немесе өзіне массаж жасап, сол сияқты суық сумен жуынып, сулы сүлгіні желкесі мен кеудесіне, аяғын салқын сумен жууға кеңес береді.Бір сабақ барысында, апталық сабақ айналымында немесе жаттықтырудың белгілі бір кезеңіндегі жүктемені нақты жаттығуды орындау барысында үш негізгі амалмен өзгертуге болады: 1) тіксызықты-көтерілетін; 2) сатылық; 3) толқын тәріздес (Л.П.Матвеев). Тіксызықты көтерілу амалында бір сабақ барысында немесе бір сабақтан келесі сабаққа жүктемені қатаң түрде бірте-бірте ұлғайтып немесе азайтуға мүмкіндік береді. Сатылы жүктеме белгілі бір уақыт барысында бір деңгейде сақталады, сосын ұлғаяды, қайтадан осы деңгейде сақталады және т.б. Толқын тәріздес жүктеме сабақ барысында немесе бірнеше сабақ барысында бірте-бірте, сатылап көтеріледі және оның ұлғаюы мен азаюына жалпы жағдай жасай отырып, төмендейді.Жеңіл (аз), орташа және үлкен (көп) жүктемелерді ажырату. Спорт-қимыл әрекетінде спортшы туындататын күш жұмсау деңгейі бөлшектік көлемдерде бейнеленеді (күштің ширегімен немесе жартысымен орындауға болады). Ол күш аясында аталған спортшының мүмкіндігі жететін ең жоғарғы деңгейді басшылыққа аламыз. Спортшының мүмкіндігінен асып кететін жүктеме шектен тыс деп есептеледі.Осы көрсетілген градациялар жүктеме көлемінің жан-жақты бағасын береді. Олардың нысанды бағасының негіздері орта жүйке жүйесінің, ағзаның вегетативтік жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының жаттығулар барысында және оны орындағаннан кейінгі түрлі мерзімдердегі болатын қуат шығыны мен қызмет өзгерістерінің көрсеткіштері болып табылады.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жүктемесінің мөлшері туралы түсінік қалыптастыруда екі көзқарас нақты белгіленген. Біріншісі аз жүктеменің, екіншісі-үлкен жүктеменің мақсаттылығын қарастырады. Бірінші көзқарас 1946 жылға дейінгі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының ғылыми-әдістемелік ережелері дамытуға арналған.Тиімді деп танылған жүктеме мөлшері туралы түсінікті А.А. Зикмундтың қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшыларға арналған нұсқалары бойынша құруға болады. Ол бір сабаққа аяқпен жай жүгіріп өтуге 50м, ал баяу жүгіруге 150м жетеді деп есептеді.В.В.Герканның пікірінше спорт жаттықтыруынан жетістікке жету үшін аптасына 3-4 сабақ жеткілікті деп есептелді. Оның айтуынша, «жаттығушының негзігі «ұраны» асыра жаттығудан гөрі» қалыпты жаттыққан жақсы болуы тиіс. Г.А.Дюпперюн күніне барынша шамасы келген биіктікке бес рет секіру биіктікке секіретін спортшыларға жеткілікті деп есептеді.Жеткілікті жүктеменің өлшеуіші пульстің минутына 120 рет ұру жиілігі болды. Бұл кезеңдегі спортшыларға арналып берілген жаттығу мөлшерінің жеткіліксіз екенін анық көрсету үшін, қазіргі кездегі көзқарас бойынша, ол ең жақсы деген жағдайда да тек денсаулық топтарында жаттығатын егде жастағы адамдардың жүктемесіне сәйкес келетінін айтамыз.Бұндай бөлек, аз жүктемелер барынша мақсатты болып танылды. Бұнда да Вильгельм Рудың ережесі бойынша, яғни, күшті қоздырғыштар ағзаны шаршатып, ал әлсіздері жақсы қоздырады делінді.

Спорт сабақтарындағы жоғары жүктеменің лайықтылығы кері қайтарылды, себебі спорт жаттығуларының тәсілін меңгеру танымдық әсер болса, ал қимыл дағдыларын меңгеру үшін ағзаның вегетативтік аясындағы қызмет өзгерістерінің мәні бағалаланбады. Бұл зерттеу мәселен мынаны көрсетеді, яғни үлкен жүктемеден қорқу – адам ағзасының мүмкіндіктері туралы шала түсініктің нәтижесі, ғылыми ережелердің дене тәрбиесі іс-тәжірибесіне енуінің жеткіліксіздігі және дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін түсіну шектеулілігі болып табылады. Жоғары жүктемелердің дұрыстығы туралы тұжырым тек ғылыми зерттеулердің мәліметтерінде ғана емес, сол сияқты жоғары маманданған спортшылардың жаттықтыру сабақтарындағы жинақтаған тәжірибені талдауғада негізделеді. Ол жүктеме көлемі мен спорт нәтижелері арасындағы заңды байланыстың болатындығын көрсетеді. Жүктемені арттыру заңды түрде нәтижені арттыруға жәрдем береді, ал оны төмендету белгілі бір уақыттан кейін нәтиженің төмендеуіне әкеліп соғады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы жоғары нәтижелердің дұрыстығы туралы айтқанда жаттығудың көлемі мен қарқындылығы тәрізді негізгі екі ықпалдың қайсысы арқылы оны көтеру керек екенін анықтау қажет.

Барынша маманданған спортшылардың жаттықтыру сабақтарын талдау және осы сұраққа жауап іздеу үшін жүргізілген зертеулер егер жүктеме жаттығу көлеміне қарай жоғарылайтын болса көлеміне қарай жоғарылатып болса нақты нәтижелер беретінің көрсетеді (сабақтар саны апта бойына, күнге, айналымдық спорт түрі сабақтарында километражға байланысты артып отырады). Тек бірте-бірте артып отыратын жаттығу көлемдерінде ғана қимылдың жоғары қарқындылығы кезеңденіп қолданылады.Дегенменде, жаңадан келген спортшылар мамандалған спортшыларға қарағанда қарқындылығы бойынша жоғары жүктемелерді қолданады (әрине нақты спортшыға арналған жүктеме көлемі айтылып отыр). Жүктеме қимылының қарқындылығына қарай үлкен жүктемелер ең жоғары маманданған спортшылар үшін де аптасына 1-2 рет, жарысқа қатынасын да есепке ала отырып қолданылады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет