І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


ІІ-тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ



бет11/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

ІІ-тарау. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ
2.1. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен ролі
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттері (оның ішінде спорт жаттықтыруы) оқыту, дамыту және тәрбиелеу тәрізді іс-қимылдың үш түрі нәтижесінде және соның барысында (оқытушы орындайтын қызметтер) шешіледі.Оқыту - дене жаттығулары тәсілдерін, тазалық пен гигиена дағдыларын, спорт тактикасы мен ілімдік білімдерді меңгеруге бағытталған, жүйе.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын дамытуды денсаулықты нығайту, қимыл қабілеті мен тұлға пішінін жетілдіру деп, ал тәрбиені идеологияны, мінез-құлқының мөлшерін, ақыл-ой, ерік және көңіл күй аясының тәртіп талаптарының, эстетикалық талғам мен этикалық тәлімнің қалыптасуы деп түсінген дұрыс. Дене тәрбиесі ілімінде көп жағдайда дене тәрбиесінің міндеттері іс-әрекеттің екі түрі-оқыту мен тәрбиенің барысында және оның нәтижесінде шешіледі. Бұл жағдайда (оқытушы орындайтын қызмет) дамыту ескерілмейді. Адамның дене табиғатына қатысына қарай, ол биологиялық заңдылықтар бойынша жүретін белгілі бір жағдай мен процесті сипаттайды делінеді, бірақ басқару әрекетінің нәтижесі қатысты емес. Бұл көзқарастарды жақтайтындар педагогикалық процес ретінде саналатын «дамыту» түсінігін (дамытуды басқару ретінде) «тәрбие»түсінігінің синонимі деп есептейді. Адамның қозғалыс қабілетіне қатысы бойынша «дамудың» орнына қолданылатын «тәрбие» сөзін қолдануға басты дәйек ретінде олар «дене тәрбиесі» деген түсінікті келтіреді. Бұны былай талқылайды. Егер дене тәрбиесінің маңызы адамның дене дамуын басқарудан құралса, онда, әрине, адамның пішіні мен қызметі тәрбие пәні болып табылады. Егер «дене тәрбиесі» түсінігі дұрыс болса, онда «тәрбие» сөзін де ішінара қимыл сапаларына қатысына қарай «тәрбие» сөзін пайдалану да дұрыс.Келтірілген мәлімдемелердің логикалық тұрғыдан дұрыстығы мынадан танылуы мүмкін, яғни «дене тәрбиесі» түсінігін анықтаудағы бастапқы көзқарас өте орынды. Алайда, бұл жерде де үлкен қате жіберіледі.Дене тәрбиесінің негізгі мақсаты тек тұлғаның пішінін, ағзаның вегетативтік және анимальдық қызметін дамытуды басқару ғана емес. Дене тәрбиесінің негіз болып саналатын қозғалыс әрекеті – адамның ақыл-ой, ерік және көңіл-күйінің белгілі жақтарын, атап айтқанда бүкіл тұлғаны қалыптастырудағы күшті ықпал. Демек, «дене тәрбиесі» түсінігін кең көлемде қарастырады.«Тәрбие» түсінігін ағзаның жеке бөліктерін органдары мен қызметін жетілдіруге бағытталған процестің мәнін ашу үшін пайдалану ғылыми түрғыдан толықпаған және қате ұғымға әкеледі. Осындай ұғымдарды басшылыққа ала отырып, біз саусақты, дененің белгілі бір жалғасқан ұлпаларын т.б. тәрбиелеу деп түсінуге тиіс боламыз. Шындығында, адамның қимыл сапасына ағзаның вегетативті қызметі мен дене пішініне қатыстылардың барлығы тәрбиеге емес, керісінше дамытуға қатысты.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы оқытушылардың орындайтын маңызды қызметі оқыту болып табылады. Ол басқа да міндеттерді шешуге көмек береді. Қимыл сапаларын, тұлға қалпын жақсарту, денсаулықты нығайту және т.б. дамыту мақсатында дене жаттығуларын орындау алдында осы қимылдарды үйрену қажет. Тек, жай жүру, жүгіру тәрізді (дене жаттығулары) табиғи қозғалыс түрлері ғана ерекшеленуі мүмкін. Оқыту әсіресе спорт жаттықтыруында үлкен мағынаға ие болады. Спорттың күрделі дәлдіктегі түрлерінің спорт нәтижелерінің алға ілгерілеуі спорт жаттығуларының тәсілдерін меңгеру. Қозғалыс құрылымын жетілдіру, олардың жеке бөлшектерін орындаудың барынша тиімді нұсқаларын табу жолымен жүргізіледі. Бұған мысал ретінде диск лақтыруда тұлғаның снарядтан озып кетуі немесе штанганы кеудеге және «жұлқа» көтерудегі ұмтылысты пайдалануды айтуға болады. Спорттың әрбір түрінде қолданылуы спорт нәтижелерін жақсартатын тәсілдік жаңалықтар болуы мүмкін.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешуге арналған оқытудың мәнін анықтау сондай-ақ ағзаның қызметі мен дене пішінін, атап айтқанда күш, шапшаңдық және де басқа қимыл сапаларының күрт шектелуімен дәлелденеді, олар шексіз дәлел бермейді, ал тарихи жоспардағы қозғалыс дағдыларын жетілдіру мүмкіндігі шектеусіз және өмір сүру барысында бұл процес адамның жаттығуына қарай ұзарып, жалғаса береді.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың ілімдік негіздері мен іс-тәжірибесі былай дамыды. Оқытудағы ең бастысы оқушы қалай және нені орындауды түсінуі болды. Қимылды жетілдіру үшін қолданылатын қайталау «жаттанды» деп саналып, жүйеден алынып тасталды. Бір ғана спорт жаттығуларының көптеген түрлерін оқытты. Оқыту әдістеріне түсіндіру, бұйрық, сақтандыру (Г.А.Дюпперон) және имитация (А.А.Жемчужникова) жатқызылды. Көптеген ғалымдар (Л.В.Геркан мен Г.К.Бирзиннен басқалары) дене жаттығуларын оқытудың жалғыз ғана дұрыс жүйесі ретінде үйренген қимылды түгелдей қайталауды таныды. Олар оқыту барысындағы күрделі дене жаттығуларын жеке бөліктерге бөліп оқытуды дұрыс деп санады. Тактика мәселелері бұл кезеңде оқытылмады. Спорт тактикасын қарсыласын жаңылдыру амалдары деп есептеді. Үйренген қимылдардың құрылымы туралы түсінік қалыптастыру оқытушының негізгі міндеті болды. Дене жаттығуларын оқыту барысында оқытушы жұмысының бірізділігін қатаң сақтау қажет болды. Мысалы, алдымен үйренетін қимылды көрсету, сосын оны бейнелеп көрсетіп, соңынан қайталап жасап көрсетуге кеңес берілді. Тек осылай оқытқаннан кейін оны орындауға рұқсат етілді. Қате жіберілген жағдайда пайдаланылатын әдістер бірізділігі қайталанды. Оқытуда негізгісі үйренетін жаттығуды түгелдей орындау болды.«Жеделдетіп» оқыту (И.И. Гребенщиков) ең тиімді саналды. Оларды жеделдету үшін қимылды көп рет қайталау «жаттанды» деп саналды, яғни саналылық ұстанымын бұзды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет