2.9. Дене жаттығуларын оқыту әрекетінде қимылмен тыныс алуды қалыптастыру
Тыныс алу саналы түрде (белгілі бір шамада) реттеуге болатын ағза қызметіне жатады. Ағза бүтін зат. Ондағы барлық қызмет өзара байланыста болады. Сондықтан тынысалуды реттеп, тынысалуды қимылмен және дененің белгілі қалпымен үйлестіріп, ағзаның басқа да қызметтеріне әсер етуге болады. Психикалық және дене әрекеттері өзара байланыста болғандықтан, тыныс алуды реттеу, психикаға да әсер ететін болады. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары оқытушысының міндеттерінің бірі тыныс алуды қимылмен дұрыс үйлестіруге оқыту болып табылады.Тыныс алу жаттығуларын жүйелі қолдану арқылы тыны салу бұл – шықеттерді дамытып, кеуде жасушысының қозғалмалылығын және тегістігін ұлғайтады, өкпенің өмірлік көлемін арттырып, денсаулықты нығайтады, өзін-өзі жақсы сезінуге көмектеседі, жұмыс қабілетін арттырады.Дене жаттығуларын және тыныс алу әдісіне оқытудағы бірізділік үйренетін қимылдың күрделілігіне байланысты болады. Спортшының іс-әрекеті мен қимылын бағалайтын төреші мен көрермен спорт күресі өтетін әлеуметтік ортаны құрайды. Көрермендердің саны мен құрамы, олардың жекпе-жек барысындағы спортшымен ара қашықтығы, олардың спорт жекпе-жегі бойындағы реакциясы мен мінез-құлықтары спорт жарыстарының нәтижесі үшін мәнсіз емес. Сондықтан сабақ барысында жағдайларды тек жарыс өтетін орын метеорологиялық және басқа жағдайларда ғана емес, сонымен қатар көрермендердің қошеметін де мүмкін болатындай жарыс жағдайына лайықтап өткізу керек.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижесіне әсер ететін және әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-техникалық талаптарға бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдау құралдарын жетілдіріп, жаңа спорт түрлерінің пайда болуы (ең алдымен техникалық түрлерін), дене тәрбиесі мен спортты басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейту жатады. Ғылыми зерттеулердің әдістемесін жетілдіру адам іс-әрекеті қимылының бұрын белгісіз заңдылықтары мен оны дамыту жолдарын айқындап, спортшыларды медициналық қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді.Жасы, жынысы, дайындығы әртүрлі адамдардың қимыл мүмкіндіктері туралы ғылыми мәліметтердің пайда болуы, бұл мәселе туралы біздің түсінігімізді өзгертеді. Бұл сабақ пен оған қолданылатын құралдар мен әдістерге де қатысты.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру мен ұйымдастыруды жетілдіру оқытушылардың өнері мен білімін көтеру, әлеуметтік жағдайлар мен ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті жақсарту спорт нәтижелерін тез жақсартуға мүмкіндік береді.Спорттағы ғылыми-техникалық ілгерілеушілік ең алдымен спорт аяқ киімі мен құрал жабдықтарын және киімдерін дайындауға арналған аспаптар мен материалдарды жетілдірумен бейнеленеді. Спорт нәтижелерін жақсартуға спорт алаңдары мен жүгіру жолдарына арналған сырықтарды дайындауға арналған жаңа синтетикалық материалдарды, сондай-ақ жеңіл атлетика, гимнастика мен акробатика сабақтарында қонуға арналған орындарды жасайтын материалдарды ойлап табу көп ықпал етті.
Жаттықтырудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы бұлшықет жұмысы мен тез қалпына келетін жұмыс қабілетін (қалпына келтіру құралдары) артыру үшін және сабақтың жиілігін көбейту, олардағы жүктемені ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды ықпал болып табылады. Бұндай құралдарға мыналар жатады: арнайы тамақтану, емдік шаралары, дәрумендеу, массаж, физитотерапевттік процедуалар, бірнеше фармакологиялық құралдар пайдалану, ине егу, машина, т.б. Спорт нәтижелеріне спорт жаттықтырулары мен спорт жарыстарының нәтижесі мен барысы туралы ақпараттық техникалық құралдарын жетілдіру үлкен ықпал көрсетеді.
Тарау қорытындысында мынадай тұжырымдар жасауға болады.
Қарапайым дене жаттығуларындағы қимыл мен тыныс алуға оқыту бір мезгілде жүргізіледі. Күрделі дене жаттығуларын оқытуда тыныс алу әдісін меңгеру қимыл тәсілін меңгеруден қалып қояды. Бірінші кезеңде оқушылардың зейіні қимыл құрылымында ғана тіркелді. Оқытушы оқушының тынысты ұстап қалмай бірсыдырғы тыныс шығарғанына жеткізуге тырысады. Қимылды меңгеру шамасы бойынша ғана оқушылар үйренетін жаттығуды дұрыс орындауда тиімді тыныс алу түріне оқытылады.Дене жаттығулары өз дәлдігі бойынша неғұрлым күрделі болған сайын, соғұрлым оның қимылмен тыныс алу дәлдігін оқыту мен оның тәсіл негіздерін меңгеру арасында көп уақыт жүреді.Қарапайым дене жаттығуларын орындау уақытындағы тыныс алу бойынша әдістемелік нұсқауларда мынадай ережелер келтірілген: 1) тек мұрын арқылы дем алу (тыныштықта, оның ішінде ұйықтағанда ауызымен дем алған адамдар мұрын қуысы ауруларымен жиі ауырады); 2) кеуде қуысын қысатын киімді немесе беkбеу тағудан бас тарту керек; 3) дұрыс сымбатты сақтау; 4) «төменгі» және «толық» тыныс алуды пайдалану; 5) денені қатыстырып, баяу қимылдағанда тыны алуды тіктелген кезде, ал дем шығарғанды бүгілгенде жасау керек; 6) егер бұлшықет жиырылуы босаңсуға ұласса, онда босаңсу кезінде дем алып, жиырылған кезде дем шығару қажет; 7) егер қимыл шапшаң ырғақта жүргізілсе, онда бір тыныс алумен бірнеше қимыл, ал дем шығарғанда бір-екі қимылға көп жасалады.Спорт жаттығуларында қимыл қоршаған ортаның құрылымы мен аясына байланысты тыныс алумен жалғасады. Тыныс алу әдісімен спорт жаттығуларын төрт топқа бөлеміз.Бірінші топқа төзімділікте көрінетін айналымдық спорт түрлері жатады. Бұл түрлерде тыныс алу ырғақпен жүргізіледі. Орта және алыс қашықтыққа, коньки тебуде, ескес есуде және де басқа түрлерінде тыныс алу кезіндегі ерін пішіні «и» әрпіндей, ал дем шығарғанда «у» әрпіндегідей болады. Дем шығару адам шырақты үрлеп өшіргендей болады. Ол демді ішке тартудан гөрі ұзақ әрі қарқынды болады. Ескек есу, жүзу және басқа да айналымдық спорт түрлерінде тыныс алу мен шығарудың қатынасы олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қимыл жылдамдығына тәуелді болмақ.
Тыныс алудың жиілігі қимыл жылдамдығына, ал қимыл жиілігі-тыныс алу жиілігіне байланысты жүреді. Сондықтан төзімділікті қажет ететін айналымдық спорт түрлерінде қашықтық мәресінде тыныс алуды жиілеткен жөн. Бұл қимыл жиілігін ұлғайтуға көмектеседі (ең болмағанда оны сақтауға).
Екінші топқа жеке тұлғалық түрде орындалатын жылдамдық, күш спорт түрлері жатады. Ондағы көбірек жұмсалған күш сәттері күшенуге жалғасады. Тыныс алуды ұстап тұру кеуде қуысын тіркеуге көмектеседі, сол арқылы белсенді қимылға жеткізетін бұлшықеттердің жиырылуы үшін жақсы жағдай туғызады. Лақтытруда, шаңғымен трамплиннен секіруде, суға секіруде снарядпен бірнеше гимнастикалық жаттығуларды орындағанда және ауыр атлетикада тыныс алу осылай жүргізіледі.Төртінші топқа спорттың нысанаға ату түрлері жатады. Бұл түрлерде дәлдеу мен шүріппені басу кезінде көптеген мергендер демін жартылай ішіне тартып немесе жартылай шығарады. Бұл кеуде қуысының тербелуден және иық белдеуін қимылдаудан сақтайды. Тыныс алуды тежеу орындалатын қимылға зейінді жақсы аударға жәрдемдеседі, ол 12-15 секундқа жалғасады. Егер бұл уақытта мерген атып үлгере алмаса, ол көздеуді тоқтатып, бірнеше рет терең тыныс алып, тыныс шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |