2.8. Бірте-бірте жүктемені көтеру және оны дене жаттығуларын оқыту барысында алмастыру мен қолайлы жағдайларды есепке алу, реттеу, алмастыру
Жүктемені бірте-бірте арттыру және оны алмастыру, сондай-ақ сәйкес жағдайларды есепке алу, реттеу және алмастыру дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары болып табылады. Олардың біріншісі қимыл әрекеті нәтижесінде жүргізілетін барлық тіршілік атаулының дамуы мен қалыптасуына сәйкестенген жаттығу заңына негізделген, ал осы арқылы жеткен нәтиже арнайы қоздырғыштардың сипаты, ұзақтығы мен пішінінің көптүрлілігіне байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спот сабақтарында ол жаттығуды ұйымдастыруға тәуелді болады.Қимыл әрекеттерін меңгеруге бағытталған жаттығуды ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі үйренген қимылдарды қайталау санының мөлшерін анықтау болып табылады. Дене жаттығуларының тәсілін меңгеру үшін көп мөлшерде қайталау қажет. Бұл барлық қимыл дағдыларына қатысты. Жүруге, жазуға, қасықты дұрыс ұстауға үйренер алдында мыңдаған қайталаулар қажет болады. Ағзаға қойылатын өз талаптары мен дәлдіктері бойынша үйренетін дене жаттығуы күрделі болған сайын адам оны меңгеруге тырысады, көп қайталайды. Спорт машықтануындағы қайталаудың сандық мөлшері мен жеткен нәтижелері арифметикалық және геометриялық ілгерлеушіліктегідей болады. Спорт нәтижелері белгілі бір мөлшерге жету үшін жаттығудың сандық мөлшері де сонша көп болуы тиіс.Дене жаттығуы күрделі болған сайын, оны көп дүркін орындау да сонша күрделі болады. Қимыл күрделілігі жаттығу барысындағы үзілістің қажетті ұзақтығын да анықтайды. Дәлдігі бойынша күрделі үйренетін қимылдардың демалысқа арналған үзілісі қарапайым қимылды үйренуге қарағанда жиі әрі ұзақтау болуы тиіс. Сондықтан күрделі дене жаттығуларын оқыту кезінде бүтін қимылдарды қайталауды олардың жеке топтарын қайталаумен үйлестіру керек.
Дене жаттығуларын оқытудағы жаттығу жүйелілігінің тағы бір маңызды мәселесі оны қалай бөлу болып табылады. Күрделі дәлдіктегі дене жаттығуларын үйренгенде зейінмен қайталаған дұрыс екені анықталады (Н.Г.Озолин, И.А.Меркурис және т.б.). Егер шұғылданушы күн барысында жаттығуға мысалы, 60 минут бөлді десек, онда бұл уақыттың 20 минуттан үш сеанс қайталауға жібереді, бұл 60 минут бойы жаттыққаннан жақсы. Қайталауды апта бойына бөлуде де осыны айтуға болады. Жаттығуды ұйымдастырудың бұндай шоғырландыру әдісі сызықты әдіске қарағанда тиімдірек болады.Сондай-ақ орындалатын қимылдардың тығыздық деңгейін де анықтау маңызды. Дене жаттығуларын оқытудағы бірінші кезеңде қимыл қарқыны шұғылданушының мүмкіндігінен төмендеу болуы тиіс. Шұғылданушының өзінің жоғары мүмкіндіктерінен көп есе баяу қимыл жасай алуға тиіс екеніне иландыру қажет. Оқытудың басындағы үйренетін қимылдың төмен қарқыны дұрыс құрылымды сақтау үшін қажет. Алайда күшті төмендету көбіне орындалатын қимылдардың құрылымын бұзады, ол қимыл міндетінің өзін орындауды қиындатады. Одан бөлек шартты рефлекторлы байланысты көп дүркін қайталауда қимыл құрылымының қатынасы ғана емес, сол сияқты жұмсалған күш қатысы, қимылды үлкен күшпен орындау әрекеті тағайындалады, ал олардың қатты үйренген қимылдары белгіленген шартты рефлекторлы байланысты бұзылуға ұшыратады. Бұны болдырмау үшін дене жаттығуларын қолданатын үлкен күшпен және оны алмастырумен орындайды (17-сурет).
1 кезең
2 кезең
3 кезең
17-сурет. Қимыл дағдыларын меңгергеруге арналған
жаттығуларының қарқынды өсуі
Қимылды аз күшпен дұрыс қайталауға мүмкін болғанда жылдамдықпен орындалатын жаттығуларға көшу қажет, яғни қимылды баяу бастап (аз күшпен) сосын оны бірте-бірте жылдамдату (қарқынды үдету) қажет. Егер шұғылданушыларда қимылды бақылауда қиындықтар туындайтын болса, онда қимылды орындаудың жылдамдығын төмендету қажет.Қимылды меңгерудегі бұдан ары үдету олардың дұрыс құрылымын сақтауға үйрену мен оны ауыспалы және қарқынды күшпен орындауды бақылаудан тұрады. Қарқынды күшті қолдану қажетті тартымдылық сезімдерін танып, бекітуге жақсы мүмкіндік береді. Қарқындылығы жөнінен ұзақ және біркелкі жаттығулар бұл сезімдерді болдырмайды.Дене жаттығуларын оқытуды ұйымдастырудың маңызды ғылыми әдістемелік ұстанымы қолайлы жағдайларды есептеп, реттеп және алмастыру болып табылады. Бұл талаптың негізінде оның әрекеті жүретін адамның қоршаған ортаға қалыптасуы, дамуы және жағдайының заңды тәуелділігі жатыр.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жаңа және күтпеген қоздырғыштардың пайда болуы оқу нәтижесіне, әсіресе оның бастапқы кезеңінде кері әсер етеді. Алайда, егер белгілі жағдай қимылды орындауға үнемі жәрдемдесіп отырса, онда олардың өзгерісі қалыптасқан үлгіні бұзылуға ұшыратады. Сондықтан оқушы үйренген қимыл құрылымын меңгеріп, аталған дене жаттығуына тән ырғақты меңгеріп және ірі қателерді жойып, сонымен қатар жеңілдетілген жағдайда едәуір күшпен оны орындауға қабілетті болған жағдайда қолайлы жағдайды бірте-бірте спорт жарыстарына, еңбек әрекетіне тұрмысқа жақындатып күрделендіру қажет.Белгілі бір кезеңде спортшыны спорт жекпе-жегінде кездесетін жағдайлар тәрізді барынша күрделірек жағдайларда қимыл жасауға үйрету керек. Спортшының әрекеті белгіленген алаңмен шектелетін спорт түрлерінде көбінде басқа мөлшердегі алаңдарда кезеңімен машықтануды өткізіп тұрған пайдалы (мысалы футболды көлемі кіші алаңда ойнау, кілемнің жартысында ғана күресу, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |