І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті бақылау



бет17/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

2.7. Дене жаттығуларын оқыту барысындағы саналылық және сезімдікті бақылау

Саналылық және сезімдікті бақылау дене тәрбиесімен спорттың педагогикалық ұстанымдарының бірі болып табылады. Бұл ұстаным адамның қимылы мен психикасы арасындағы заңды байланысқа негізделген.

Орындалатын қимылдар ең алдымен сезім мүшелерімен қабылданады. Оларды көруге болады, кейде одан шығатын дыбыстарды естуге болады, ең бастысы оларды кинестезикалық сезіммен қабылдау болып табылады.

Қимыл әрекетін оқыту процесінде сезім мүшелерінің қосынды әрекеті орталық жүйке жүйесінде жинақталады. Одан кейінгі әрекеттерде туындаған бейнелерді тексеріп, нақтылауға мүмкіндік беретін жаңа сезім пайда болады. Қимылды орындауға жаңа әрекеттер жасағанда жаңадан үйренетін қимыл туралы барынша дәл ұғымдар құрылып, санада жинақталып, түйінделетін жаңа сезімдер пайда болады. Олар тәжірибе жүзінде қайтадан тексеріледі. Қимыл дағдыларын меңгерудің бір кезеңінің екіншісінен айырмашылығы қимылды орындауды ашуда жаңа сезімдер, тіпті жаңа сезімдерді қабылдаулардан тұрады. Кез-келген дағдыны, меңгеру, кез-келген құбылысты танудың бірізділігі мен мәні осыған құрылған.Орындалатын қимылдың бірнеше жақтарын тану деңгейі дене жаттығуларын оықтудағы табыстың шарты болып есептеледі. Жоғары маманданған спортшы орындалатын спорт жаттығуларын жақсы бақылайды. Осыған байланысты ол оны өте жетілдіріп орындауға қабілетті болады.Дарындылық пен қимыл тәжірибесінің теңдігінде оқыту нәтижесі туындаған сезімге зейінді шоғырландыру қабілеті мен үйретілген ұғымдардың деңгей байланысты болып табылады. Оқушының зейінін аудару қаншалықты жақсы болса, оқу нәтижесі де соншалықты жақсы болады. Бұл сыртқы қоздырғыштарға да, сол сияқты оқушының өзіндік ойына да қатысты.Алайда қимылды орындау барысында шешетін қимыл міндеттерін олардың құрылымына сәйкес бақылау сезім аппараттарымен жүргізіледі. Ол қимылды орындау барысында терде, бұлшықетте, буындарда, сіңірдегі пайда болатын сезімдермен, яғни кинестезиялық сезімдермен жүзеге асырылады.

Қимылдың негізгі сипаттарына сәйкес кинестезиялық сезімталдықтың жекелеген пайда болуын бөліп қарастырады: «Кеңістік сезімі», «Қашықтық сезімі», яғни қимылды кеңістікке лайық мөлшерлеу қабілеті; «Снарядты сезіну», яғни снарядтың пішінін, салмағын, серпімділігін нәзік сезінуді дамыту; «уақытты сезіну», яғни өз қимылдарын уақытпен үйлестіру қабілеті; «қоршаған орта сезімі» («суды сезіну», «ауаны сезіну», «қарды сезіну», «мұзды сезіну»), яғни қоршаған ортаның қарсылығын бағалау қабілеті.

Туындаған кинестезиялық сезім жүйелілік жаттығуларында сақталады. Жақсы меңгерілген қимыл құрылымы қаншалықты ұзақ үзіліс болғанымен ұмытылмайтыны белгілі. Велосипедпен жүруді жақсы меңгерген адам егер осы арада оншақты жыл өтсе де осы жаттығуды орындауға қабілетті болады. Бұл орындалуы бұлшықет күшін көп талап етпейтін ағзаның арнайы дамуын немесе қорқыныш сезімімен күресуді талап етпейтін жүзуге, коньки тебуге, т.б. спорт жаттығуларына қатысты болады. Кинестезиялық сезімге келсек, ол сабақтағы аз ғана үзілісте де ұмытылып кетеді.Қимыл дәлдігі күрделі болған сайын жаттығу арасындағы үзіліс те соншалықты қатты әсер етеді. Егде тартқан цирк әртісі былай деген: «Егер мен бір күн жаттықпасам, онда оны жалғыз мен сезем, егер екі күн жаттықпасам, оны менің жолдастарым сезеді, егер үш күн жаттықпасам, оны енді көрермендер де сезеді».Санадан тыс сезімдік бақылаудың мәні қимылдың автоматтануы көлемімен сипатталады, онда адам қимыл міндетін жеке топтарға зейін аудармай-ақ орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет