І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы



бет13/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

А

Б

Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета



Елизавета

Елизавета

Елизавета

Елизавета


10-сурет. Қимылдың тұрақтылығы, тербелісі,

қалыптылығы және жеке ерекшелігі
Спорт жаттығулары тәсілі мен спорт тактикасының тұрақты ерешеліктерін спортшының (команданың) стилі деп атайды.Спорт жаттығуларының тәсілін спортшының өзіндік тәжірибе көмегімен, қимыл зерттеуінің нысандық (аспаптық) әдістерін пайдаланып оқытушылар жүргізген педагогикалық тәжірибелер жетілдіреді.
2.3. Адам қимылының кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы

Қимыл әрекеттеріне оқыту адамның кинематкалық, динамикалық және ырғақтық сипатын меңгеруінен құралады.Қимыл өзінің топтарын қосқанда түгелдей кеңістікте, уақытпен, белгілі бір ішкі және сыртқы күштердің өзара байланысында және белгілі бір ырғақпен орындалады. Кеңістікті уақытты және уақытты-кеңістікті сипаттар қимылдың кинематикалық құрылымын, ал кішкі және сыртқы күштердің өзара әсерлері-қимылдың динамикалық құрылымын, ал уақытты-кеңістікті және динамикалық сипаттар біріге отырып, қимылдың ырғақтық құрылымын құрайды (11-сурет). Қимылдың кинематикалық құрылымының үш түрлі сипаты бар: кеңістікті, уақыттық және уақытты-кеңістікті. Кеңістікті сипат дене қалпын, дене қимылының жолын және оның бөліктерін бейнелейді.




11-сурет. Адам қимылының кинеатикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары


Дене қалпын былай бөледі:

а) бастапқы қалып;

ә) қимыл барысындағы қалып;

б) дене жаттығуын аяқтайтын қалып (дұрыс немесе шартты белгіленген) (12-сурет). Спорт әдебиеттерінде бастапқы қалыпты сөрелік қалып деп атайды.



12-сурет. Дене тұрғысы

а) бастапқы; ә) қимыл кезінде; б) қимылды аяқтаған соң
Мақсаты қимыл өнерін меңгеру болып табылатын спорт түрлерінде дене қалпы қимыл тәсілімен тең бағаланады.Қимыл жолдарын былай бөледі: қимыл құлашы мен бағыты. Жолдың пішіні бойынша қисық сызықты және түзусызықты қимыл болып бөлінеді. Адам қозғалысында қисықсызықты жол болады. Тіксызықты қимылдар кейбір қысқа үзіктерде дене бөлігінің жоғары жылдамдығын дамыту міндетті болып саналатын жағдайда кездеседі (мысалы, бокстағы тіке соққыдағы қол қимылы, семсерлесудегі семсерді тығу қимылы).

Қимыл бағыты бойынша негізгі аралық және айналу болып бөлінеді. Негізгі қимылдар, бұл-жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға, аралық қапталына және жоғары-солға, қапталына оңға және басқалар; айналу-артқа және алға, яғни сагитальдық жазықтықта (мысалы, артқа және алға аунау, кері аунау), бет жазығымен солға және оңға (мысалы, қапталға ауысу), көлденең жазықтықта (мысалы, суға секіруде «бұралу») оңға және солға.Қимыл жолының құлашы бұл дененің қимылдаған бөлігінің басып өтетін қашықтығы. Құлаш бұрыш градусында немесе сызық шамасымен анықталады (13-сурет).



13-сурет. Қимылдың кеңістіктік сипаттары

Спортшының іс-әрекеті мен қимылын бағалайтын төреші мен көрермен спорт күресі өтетін әлеуметтік ортаны құрайды. Көрермендердің саны мен құрамы, олардың жекпе-жек барысындағы спортшымен ара қашықтығы, олардың спорт жекпе-жегі бойындағы реакциясы мен мінез-құлықтары спорт жарыстарының нәтижесі үшін мәнсіз емес. Сондықтан сабақ барысында жағдайларды тек жарыс өтетін орын метеорологиялық және басқа жағдайларда ғана емес, сонымен қатар көрермендердің қошеметін де мүмкін болатындай жарыс жағдайына лайықтап өткізу керек.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижесіне әсер ететін және әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-техникалық талаптарға бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдау құралдарын жетілдіріп, жаңа спорт түрлерінің пайда болуы (ең алдымен техникалық түрлерін), дене тәрбиесі мен спортты басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейту жатады. Ғылыми зерттеулердің әдістемесін жетілдіру адам іс-әрекеті қимылының бұрын белгісіз заңдылықтары мен оны дамыту жолдарын айқындап, спортшыларды медициналық қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді.Жасы, жынысы, дайындығы әртүрлі адамдардың қимыл мүмкіндіктері туралығылыми мәліметтердің пайда болуы, бұл мәселе туралы біздің түсінігімізді өзгертеді. Бұл сабақ пен оған қолданылатын құралдар мен әдістерге де қатысты.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру мен ұйымдастыруды жетілдіру оқытушылардың өнері мен білімін көтеру, әлеуметтік жағдайлар мен ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті жақсарту спорт нәтижелерін тез жақсартуға мүмкіндік береді.Спорттағы ғылыми-техникалық ілгерілеушілік ең алдымен спорт аяқ киімі мен құрал жабдықтарын және киімдерін дайындауға арналған аспаптар мен материалдарды жетілдірумен бейнеленеді. Спорт нәтижелерін жақсартуға спорт алаңдары мен жүгіру жолдарына арналған сырықтарды дайындауға арналған жаңа синтетикалық материалдарды, сондай-ақ жеңіл атлетика, гимнастика мен акробатика сабақтарында қонуға арналған орындарды жасайтын материалдарды ойлап табу көп ықпал етті.

.

14-сурет. Уақыттық және кеңістік уақыттық қимыл сипаттамасы
Еркін және мәжбүрлік жылдамдық түрлері бар. Егер адам өз қимылының басқарушысы ретінде болса, онда жылдамдықты еркін деп атайды. Егер негізгі фактор, яғни қимыл шарты өзгермелі жылдамдық болса, оны мәжбүрлік деп аталады (мысалы, тауға шаңғымен көтерілгенде жылдамдық еркін, ал таудан түскенде – мәжбүрлік).Қимылдың динамикалық сипаттамасы үшін «қимыл күші» ұғымы пайдаланылады. Адам қимылына әсер ететін күштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі күштерге жататын мыналар: а) қимыл аппаратының белсенді күштері – бұлшықеттің тартылу күші (адамның кез-келген қимылы-басқа да ішкі және сыртқы күштерімен өзара байланыста болатын бұлшықет тартылу күшін жұмсау нәтижесі); ә) тірек-қимыл аппаратының әлсіз күштері (бұлшықеттің серпімділігі және басқа); б) реактивті күштер – дененің жылдамдық алу қимылы нәтижесінің топтарының өзара қатынасынан туындайтын бейнелеуші күштер. Сыртқы күштерге мыналар жатады: а) өз денесінің ауырлық күші (жердің тартылыс заңы); ә) тірек реакциясының күші; б) сыртқы ортаның қарсылысының, тебілудің қарсылық күші; в) дененің ауыспалы бөліктерінің инерция күштері (15-сурет).

15-сурет. Қимылдың қарқындық сипаты


Қимылдың ырғақтық құрылымы уақытты – кеңістікті және динамикалық сипаттардың бірліктерімен бейнеленеді. Ырғақ, бұл – қимылдың уақыт пен кеңістікте белгілі сәттердің ерекшеліктерімен кезектесуі болып табылады. Кейбір спорт жаттығуларында ол (гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, ауыр атлетикада, кедергімен жүгіруде, секіруде және лақтыруда, т.б.) өте дәл көрінеді. Екі немесе одан да көп спортшылар қатысатын спорт түрлерінде (жалпы қимыл мақсаты бар) ырғақ белгілі қимылдарды орындауға сәйкестеніп көрінеді. Ырғақ снаряд қимылынан туындайтын күштер қозғалған снарядпен спортшының күшіне сәйкес түрде пайда болады, ол белгілі бір мақсатты орындау үшін пайдаланады. Бұндай ырғақ сырықпен секіру орындарында, батуттағы жаттығуларда және т.б. орындалады. Күш әсерін бір жаттығуды екіншісіне сәйкестендіріп орындағанда ырғақ болады. Мысалы, ол белтемірдегі тірекке артқа құлап, асылып, сосын пайда болған күштерді қолданып артқа көтерілу арқылы белтемірге тіркеліп орындайтын гимнасттың қимылында туындайды. Спорт тәжірибесінде ырғақ қимылды қарқынмен орындау ретінде көрінеді. Негізінде қимылды жеке сәттерді түрлендіруге белгілі бір күш салу әсері бірнеше адамдар арасында жүргізіледі және ырғақтың бірден – бір пайда болу жолы болып табылады.Спорт жаттығуларының ырғағы өзінің топтары – бөлімдері, фазалары мен элементтерінің қимыл ырғақтарын біріктіреді. Ырғақ жоғары нәтижеге жетуге көмектесетіндігі дұрыс, әрі тиімді, сол сияқты нәтижені төмендететін дұрыс емес және тиімсіз болып келеді. Қимылдың тиімді ырғағы сыртқы ортаның қарсылас күштерімен өзара байланыста қалыптасқандықтан, олардың өзгерісі қимыл ырғағына әсер етеді. Демек, жұмсақ топырақты жолдағы жүгіру ырғағы битумды жолмен жүгіру ырғағынан өзгеше болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет