2.2. Дене жаттығуларының тәсілі (техникасы)
Дене мәдениеті мен спорт сабақтарындағы оқыту мазмұнын дене (спорттық) жаттығулары спорт тактикасы мен білімі құрайды, олар спорт сабақтары мен жарыстарының міндеттерін орындауға қатысты.Дене жаттығуларының тәсілі-бұл оларды орындау амалы ол кеңістікті бағындырудың амал айлаларын снарядпен, әріптесімен және қарсыласымен өзара қарым-қатынасты қарастырады. Алайда, ең жоғары маманданған спортшылардың тәсілдеріне талдау жасағанда қателер кездестіруге болады. Дене жаттығулары дұрыс немесе қате, жақсы немесе нашар болуы мүмкін, бірақ тәсілсіз ешқандай қимылды, тіпті оның ең қарапайым бөліктерін де орындау мүмкін емес.Спорт жаттығулары тәсілдері түрлі топтардан құралған қимылдың күрделі жүйесін қарастырады. Спорт жаттығулары тәсілдерін бүтіндей және оның топтарының тәсілдеріне қарай бөледі. Спорт жаттығуларының топтары – бұл оның бөлімдері, кезеңдері мен элементтері болып табылады.Спорт жаттығуларының бөліктері – бұл аталған жаттығуды құрайтын негізгі машықтар мен әдістер. Мысалы, жүзу бөліктеріне сөре, қашықтық бойынша жүзу, кері бұрылу, мәреге жету, ал ұзындыққа секірудің бөліктері-жүгіріп келу, тебілу, ұшу, қону жатады. Бірсайыс тәрізді спорт түрлері мен спорт ойындарындағы спорт жаттығуларының бөліктері жекелеген амалдар болып табылады (мысалы, баскетболда допты ұстап алу, алып жүру, допты беру, допты кәрзеңкеге салу).Кезеңдері – бұл қандай да бір спорт жаттығуларының бөлімінің жекелеген әдістердің топтамаларының арнайы деталдары. Мысалы, жүзу бөлігі – бұрылуда кезең ретінде бассейн қабырғасынан аяқпен (немесе қолмен) тебілу, аяқ немесе тұлғаның қимылын және т.б. айтуға болады.Мысалы, аяқты бүгу, жүгіру кезіндегі тірек элементі. Шаңғымен жүруде тебілу алдындағы жартылай отыру, ұзындыққа секіру, т.б. элементі болуы мүмкін (7-сурет). Спорт, еңбек, әскери және басқа күрделі қимылдарды талдау жолымен құралған қарапайым гимнастикалық жаттығулар қимыл элементтерінің көптеген әдістерін қарастырады.
7-сурет. Спорт жаттығуының топшалары.
а-бөлімі; ә-фазалары; б-элементтері
Жаттығудың жеке топтарының бір-біріне әсері өте үлкен, ол жаттығудың орта және соңғы бөліктерін тек бастапқы фазалары немесе элементтерін ауыстырғанда ғана өзгертуі мүмкін немесе керісінше (8-сурет).
8-сурет. Спорт жаттығуларының жеке топтарының қатынасы
Бүтіндей спорт жаттығуларын, олардың бөліктері мен фазаларын оларды құрайтын қимылдардың үш түріне бөледі: дайындық, негізгі, қорытынды. Дайындық қимылдарының қызметі қажетті инерцияны құру, дұрыс бастапқы қалыпты алу, жиырылу алдында бұлшықетті босаңсыту болып табылады. Негізгі қимылдардың қызметі – аталған спорт жаттығуларының қимыл міндеттерін орындау. Қорытынды қимылдардың қызметі – спорт жаттығуын орындағаннан соң дене қалпының тұрақтылығын сақтау немесе қимылды жалғастыруға жағдай жасайтын қалыпты алу.Қимылды орындау барысында нәтижелері бойынша жақын екі жұптасып көрінетін құбылыстар пайда болады, бірақ қимыл қалыптастылығы мен тұрақтылығының механизмі бойынша ұқсамайтын, сол сияқты қимыл тербелісі мен жеке тұлғалылығы жағынан қарама-қарсы құбылыстар туындайды.Тұрақтылық – оқушы көп қадамнан кейін мақсатына жететін қимылды меңгеру деңгейімен сипатталады (Мысалы, он лақтырудың тоғызында баскетбол кәрзеңкесіне доп салу).Қалыптылық – аталған қимылдың негізгі сипаттарын барлық орындаушылар үшін, орындау міндеттілігімен түсіндіріледі (Мысалы, ұзындыққа секірушілердің барлығы сәйкес жылдамдықта және белгіленген бөлікке сәйкес ырғақта тебіліп, дене бөліктерінің бір-біріне қатысы бойынша белгіленген қалпын сақтап, ауада ұшып, жүгіруі тиіс).Тербеліс – тіпті мақсатқа дұрыс жеткенде де орындалған қимылдың негізгі сипаттарының өзгеріске ұшырауымен сипатталады. 9-суретте көрсетілгендей балғаның әр соққысы шегеге тиеді. Алайда бұнда сипаттайтын қимыл жоқ. Бұл құбылыс адамның барлық қимылдарына қатысты болады (Мысалы, баскетболдағы он айып добының биомеханикалық талдауы тоғыз үздік орындаудың құрылымының өзінде ерекшелік болатынын көрсетеді).
9-сурет. Қимыл тұрақтылығы мен тербелісі
Қимылдың жеке тұлғалылығы орындаушының дене ерекшелігіне орай сипаттардың өзгеруімен сипатталады.Сонымен, тұрақтылық адамның қимыл міндеттерін шешу қабілетімен, қимыл мақсатына жетуімен, ал қалыптасу-қимылдың барлық құрылым жақтарының ортақтығымен сипатталады.
Тербелісітілігі қимылды орындау заңдылығын көрсету болып табылады, ал олардың жеке тұлғалылығы орындаушының ерекшелігіне байланысты болады. 10-суретте тұрақтылықтың, тербелістің, қалыптылық пен жеке тұлғалылық ұғымдарының мәні көрсетілген. Онда екі адам «Елизавета» сөзін (А және Б) жазған, ол бір-біріне өте ұқсас, бұл-қимылдың тұрақтылығын көрсетеді. Ал олардың әрқайсысы әр жазылғанда жеке әріптерде өзгешеліктер бар, бұл-тербеліс болып табылады. А мен Б әрбір әріптің жазылу ережесін сақтай отырып жазғаны қимыл тұрақтылығы болып саналады. Ал бір сөзді жазуда А мен Б-ның жазуында тек олардың өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар, бұл-жеке тұлғалық болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |