І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша әдістері



бет20/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

2.10. Қимыл әрекеттеріне оқыту барысындағы жаттығудың қосымша әдістері
Қосымша жаттығу әдістеріне мыналар жататыны белгілі: а) «қосымша көмек арқылы жасалатын жаттығулар»; ә) «екі жақты» жаттығулар; б) «қимылды бейнелеп жасау» жаттығулары; в) «қимылды жасап көрсету» жаттығулары. Аталған әдістердің қысқаша сипаттамалары дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының міндеттерін шешу құралдары мен әдістерін мазмұндаумен байланысты берілген. Жаттығудың қосымша әдістері дене жаттығуларын оқыту кезінде кең қолданылады.«Қосымша әдіс» арқылы жаттығу әдістері ең алдымен снарядта күрделі гимнастикалық жаттығуларды оқытуда көрінеді. Жинақтаған тәжірибе бұл әдісті қолдану мүмкіндігі мен басқа да көптеген спорт жаттығуларының тәсілдеріне оқытуда жәрдемдесетінін көрсетті. Қосымша көмек арқылы жаттығу әдістеріне мысал ретінде оқытушының жүзуден құрғақта қол немесе аяқты қимылдатып көрсетуі, семсерлесуде қол қалпы және бокстағы соққыға үйреткендегі жұдырық қалпына жасаған түзетулерін көрсетуге болады.Қосымша көмек бастапқыда жасалуы қиын көрінетін күрделі жаттығуларды орындауға, дененің жеке бөліктерінің қимылы мен қалпы, көп күш жұмсайтын жерлер туралы ұғым қалыптастыруға, қажетті кинестезиялық сезімдерді талғап, сол сияқты өзіне сенімділігін арттырып, қауіпті жаттығуларды орындауда қорқыныш сезімін басуға көмектеседі.Қосымша көмек арқылы жаттығу әдістерін жүзеге асырудағы оқытушының өнері оқушыға қарап дұрыс қалыпта тұруына, оны дер кезінде игеріп, қимылды дұрыс орындауға жәрдемдесетін күшпен снарядты немесе адамның сәйкес дене бөлігін ұстап қалуының тәсілін меңгеру шамасына қарай оқытушы көрсететін көмек (немесе әріптесі) бірте-бірте азая береді.«Қосымша көмек арқылы» жаттығу әдісі оқушы қимылды өзінше дұрыс жасай алмаған жағдайда қолдануға кеңес беріледі. Қосымша көмек арқылы жаттығуды ұзақ уақыт пайдалану зиян келтіреді, өйткені оқушының өз күшіне деген сенімін жоғалтады. өзіндік әрекетті дамытуға кедергі келтіреді.Дене жаттығуларын оқытуда екі жақтан жаттығу әдісінің дұрыстығы орындалатын жаттығулардың симметриялығына байланысты болады. Күрделі жаттығулар осы сипатына қарай төрт топқа бөлінеді: 1) Дененің екі жағына да симметриялы орындалатын айналымдық спорт жаттығулары (жүгіру, академиялық ескек; жүзу және т.б.); 2) асиметриялық қимылдарды қарастыратын айналымдық спорт түрлері (кедергімен секіру, шаңғымен жүру, т.б.); 3) спорт тәсілін екі жақтан да тең меңгерген спортшыға тән асиметриялы айналымдық емес спорт жаттығулары (бокс, күрес, спорт ойындары, конькимен мәнерлеп сырғанау); 4) шешуші қимылдар бір жағымен ғана орындалатын айналымдық емес спорт түрлері (лақтыру, жеңіл атлетикадағы секіру, нысана көздеу, семсерлесу, теннис, т.б.).

Спорттың екінші және үшінші топтарында екі жақты жаттығу мынадай мүмкіндіктер береді: 1) спорт жаттығуын «өз жағына» қарай орындау тәсілін жақсарту, бұл орталық жүйке жүйесіндегі қоздыру тежеу құбылыстарының қатысу әсерімен; 2) жекпе-жек, спорт ойындары және жекелеген гимнастика түрлерінде қимыл мүмкіндіктерінің диапазонын арттыру, сол арқылы спортшыларды қимылды тек бір жағымен орындайтындарға қарағанда барынша дайын ету; 3) кинестезиялық сезімталдықты ұстап, нақтылау, өйткені жаттығуды «өзіне қарай емес» орындағанда, өз жағына қарай ауыстырып, сол арқылы спорт жаттығуының тәсілін меңгеруді жақсартатын үлкен сезімталдық пайда болады; 4) өз күшіне деген сенімділікті арттыру (спортшы қолайсыз жағдайда әрекет етіп, өзіне сенімділігі арқылы өзіне қолайлы қалыпты пайдаланатын жекпе-жек тәрізді спорт ойындарында ерешеленеді); 5) бір жақты қимылды спорт түрлерімен ұзақ уақыт айналысқанда пайда болатын дене кемшіліктерін түзету (каноэ қайығымен жүзу, тапашадан ату, семсерлесу, т.б.). Жүргізілген зерттеулер (В.Ф. Масюта, А.В.Постков, В.А.Бондаренко, т.б.) баскетбол, лақтыру, семсерлесу, гимнастикалық жаттығулар тәсіліне оқыту кезінде «екі жақты» жаттығулар әдісінің дұрыстығын дәлелдейді.

Спорттың бірінші топ түрлерін де (симметриялық сипаты бойынша) «екі жақты» жаттығу әдістерін қолдануға болмайды. Төртінші топта ол кезеңденіп қолданылады. Бір секіруде екі аяғымен қатар тең жаттыққан жоғары маманданған секіруші жеңіл атлетті кездестіру мүмкін емес. Бұл жоғары спорт нәтижелеріне жету үшін спорт жаттығуларының жеке топтарының автоматтануына және сәйкес бұлшықет топтарын арнайы дамыту қажеттілігімен түсіндіріледі. Осының барлығы екі жақты жаттығуды бірдей орындағанда қиындық келтіреді.«Қимылды бейнелеу» жаттығуының физиологиялық негізі психикалық және физиологиялық процестер арасындағы заңды байланыс болып табылады. Адамның кез-келген қимылы-бұл сәйкес психикалық процестердің нәтижесі және керісінше, кез-келген психикалық процесс қандай мөлшерде болмасын адам қимылына әсер етеді. Бұл заңдылықты қарапайым тәжірибеде көрсетуге болады. Ұзындығы метрге жуық жіпті алып, оның бір ұшына шағын жүк байлап, екінші ұшын сұқ саусақтың соңғы буынына (белсенді қолдың) орау қажет. Сосын түзу қолды алдына қойып, зейінді жүкке толық шоғырландырып, жүкті оңнан солға, солдан оңға тербеліп тұр деп ойша елестету керек. айтқандай бірнеше минуттан соң жүк қимылдай бастайды. Аталған қимыл жөніндегі ойша елестету сәйкес бұлшықеттердің жиылуы мен босаңсуында автоматты түрде туындайды. Әрине, қимылды елестету ақиқат орындалатын жаттығуларға тән физиологиялық құбылыстарды аз мөлшерде болса да туындатады.

«Қимылды елестету» жаттығуы дене жаттығулары тәсілдерін тез меңгеруге, үйренетін қимылдарда туындайтын қимыл сапасын дамытуға әсер етуге, қимылдың нақты бейнесін санада орнатуға (әрине, қимыл жасау алдында) және сол арқылы қимыл міндеттерін орындауда үлкен нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Спортшының іс-әрекеті мен қимылын бағалайтын төреші мен көрермен спорт күресі өтетін әлеуметтік ортаны құрайды. Көрермендердің саны мен құрамы, олардың жекпе-жек барысындағы спортшымен ара қашықтығы, олардың спорт жекпе-жегі бойындағы реакциясы мен мінез-құлықтары спорт жарыстарының нәтижесі үшін мәнсіз емес. Сондықтан сабақ барысында жағдайларды тек жарыс өтетін орын метеорологиялық және басқа жағдайларда ғана емес, сонымен қатар көрермендердің қошеметін де мүмкін болатындай жарыс жағдайына лайықтап өткізу керек.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижесіне әсер ететін және әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-техникалық талаптарға бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдау құралдарын жетілдіріп, жаңа спорт түрлерінің пайда болуы (ең алдымен техникалық түрлерін), дене тәрбиесі мен спортты басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейту жатады.

Ғылыми зерттеулердің әдістемесін жетілдіру адам іс-әрекеті қимылының бұрын белгісіз заңдылықтары мен оны дамыту жолдарын айқындап, спортшыларды медициналық қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жасы, жынысы, дайындығы әртүрлі адамдардың қимыл мүмкіндіктері туралы ғылыми мәліметтердің пайда болуы, бұл мәселе туралы біздің түсінігімізді өзгертеді. Бұл сабақ пен оған қолданылатын құралдар мен әдістерге де қатысты.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру мен ұйымдастыруды жетілдіру оқытушылардың өнері мен білімін көтеру, әлеуметтік жағдайлар мен ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті жақсарту спорт нәтижелерін тез жақсартуға мүмкіндік береді.Спорттағы ғылыми-техникалық ілгерілеушілік ең алдымен спорт аяқ киімі мен құрал жабдықтарын және киімдерін дайындауға арналған аспаптар мен материалдарды жетілдірумен бейнеленеді. Спорт нәтижелерін жақсартуға спорт алаңдары мен жүгіру жолдарына арналған сырықтарды дайындауға арналған жаңа синтетикалық материалдарды, сондай-ақ жеңіл атлетика, гимнастика мен акробатика сабақтарында қонуға арналған орындарды жасайтын материалдарды ойлап табу көп ықпал етті.

Жаттықтырудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы бұлшықет жұмысы мен тез қалпына келетін жұмыс қабілетін (қалпына келтіру құралдары) артыру үшін және сабақтың жиілігін көбейту, олардағы жүктемені ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды ықпал болып табылады. Бұндай құралдарға мыналар жатады: арнайы тамақтану, емдік шаралары, дәрумендеу, массаж, физитотерапевттік процедуалар, бірнеше фармакологиялық құралдар пайдалану, ине егу, машина, т.б. Спорт нәтижелеріне спорт жаттықтырулары мен спорт жарыстарының нәтижесі мен барысы туралы ақпараттық техникалық құралдарын жетілдіру үлкен ықпал көрсетеді.

Тарау қорытындысында мынадай тұжырымдар жасауға болады.

Қимылды дәл елестету қиын әрі шаршатады. Алдымен үйренетін спорт жаттығуының орындалуы мен оның құрылымынан тәжірибеден өтуі тиіс. Қимылды елестету жаттығуларының ұзақтығы 2-3 минуттан аспауы керек. Күн барысында осылай бірнеше рет машықтануға болады.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында «қимылды бейнелеу» жаттығулары барлық спорт түрлерінде жаңа спортшыдан бастап, маман спортшыға дейін кең қолданылады. Ол спорт жаттығуының тәсілдерін түгелдей және жеке топтап бейнелеуді құруға, аталған спорт жаттығуында үлкен жүктеме алатын бұлшықет топтарын дамытуға; жекелеген қимыл топтарын автоматтандыруға, жарыс алдында (күрделі спорт түрлерінде) орындалатын жаттығулар бірізділігін есте жаңғыртуға түгелдей елестетуге мүмкіндік береді.Бұл әдісті жүзеге асыру спорт жаттығуларының құрылымын түгелдей және олардың топтарын қайталап жасауға жәрдемдесетін түрлі қолданыстарды жүргізуге көмектеседі (мысалы, шаңғымен жүруді бейнелеу үшін роликті шаңғылар, ескек есуді құрғақта үйренуге арналған машықтану құралдары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет