ҚОРЫТЫНДЫ
Спортшы мен спорт командасының тактикалық дайындығы деңгейі туралы олардың жарыс жағдайы мен спорт жекпе-жегінде туындаған жағдайға қарай өз мінез-құлқын, қимылы мен әрекетін өзгерту қабілеті бойынша сараптауға болады.
Бұл тараудағы айтылғандарды қорыта келе мынадай тұжырым жасауға болады.
Сабақтардағы дене жаттығуларына оқытуды ондағы пайда болатын қимыл сапасының дамуын бір мезгілде, ал спорт машықтануын да таңдаған спорт түрінің тактикасын меңгерумен бірмезгілде жүргізеді.
Дене жаттығуларын дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында оқыту тыныс алуды орындалатын қимылмен үйлестіру қажеттігін көрсетеді.
Дене жаттығуларын жетілдіре орындау орындалатын қимыл міндеттері мен туындаған жағдайларға олардың құрылымын сәйкесдендіре қадағалап, оған саналы және сезімдік бақылау жолымен түзету ендіруге үйренумен жетуге болады.
Арнайы тактикалық дайын болу спорт жекпе-жегінің жоспарын құру жолымен қамтылады, ол жеңіске немесе жақсы нәтижеге қалай жетуге болатынына жауап береді. Бұл тұрғыда аталған жарыстың негізгі тактикалық тапсырмалары анықталады. оның бірнеше нұқсасын қарастырған жөн. Спорт жекпе-жегінің жоспарын құру үшін жарыс өтетін орынның ерекшелігі, климаттық және метеорологиялық жағдайлары, құрал-жабдықтар, т.б. ерекшеліктері алдын-ала талқыланады. Кей жағдайларда қарсыластарының дене және тактикалық даярлығы ұйымдастырылған түрде оқылады. Олардың спорт белдесуін жүргізу мәнері, олардың әлсіз және күшті жақтары талқыланады.Спорт ойныдары мен жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде жарыстарды бақылау жолымен қарсылас қандай амалдар қолданады, ал оған қандай әдістер қолдану жақсы нәтижелер беретіні талқыланады.Егер қарсыласта осындай «барлаумен» айналысса, онда өзінің мүмкіндігін барынша ашпау керек. Кейде керісінше жауапты жарыс болар алдында бұл жекпе-жекке зиян келтірмесе, онда қарсыласты бағдарынан жаңылыстыру үшін тіпті төмен нәтиже көрсетуі мүмкін.Спорт күресу жоспарында спортшының жарысқа дейінгі, түгелдей жарыс кезіндегі және жекелеген әрекеттер, жүзулер, жүрулер арасындағы әрекеті мен мінез-құлқының негізгі бағыттары қарастырылады. Кейде спорт жекпе-жегі жоспары бой жазуға дейін анықталады. Бұл минуттарда оқытушы спортшының психикалық жағдайын, өзін сезінуін, оның қимылының жеңіл әрі тәсілдік жетілуін ескереді. Жекпе-жек кезінде жасалған жоспардың жарамсыздығы жиі кездеседі. Онда спортшы оны дереу қайта құрып, әріптестері мен қарсыластарының шарттары мен әрекеттеріне сәйкес қимылдауы қажет.
Жұмысты қорыта келе, мынадай тұжырым жасауға болады.
Дене дайындығын қамтамассыз ететін жағдай денсаулықты нығайту, қимыл сапаларын дамыту, дене пішінін жақсартып және сан түрлі қимыл дағдыларын меңгеру болып табылады.
Көрсетілген міндеттерді дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында шешуді анықтайтын негізгі ықпалдар сабақ пәні (дене жаттығуының түрі), жаттығу көлемі мен қарқындылығының қатысы, жаттығу кезінде және сабақ арсындағы үзілістегі демалыстың ұзақтығы мен сипаты, сол сияқты жаттығуға жол ашатын жағдайлар болып табылады.
Қимыл сапасын дамыту ағзаға жалпы және уақытша әсерлердің өзара байланысымен және орындалатын қимыл құрылымын меңгерумен бірлікте жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |