І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету әдістемесі



бет23/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

2.13. Тактикалық дайындықты қамтамасыз ету әдістемесі
Тактикалық дайындық туындаған жағдайларды тез әрі дұрыс бағалау қабілетін дамытудан, сапалы және өзіндік шешім қабылдауға және оны спорт күресі жағдайында іске асыруға құрылады.Тактикалық дайындықтың екі түрі бар: жалпы және арнайы. Жалпы тактикалық дайындық-бұл таңдаған спорт түрінен спот жарыстарында табысқа жету үшін қажетті тактикалық дағдылар мен білімді меңгеруге бағытталған процесс. Арнайы тактикалық дайындық нақты жарыстарда нақты бір қарсыласымен жекпе-жекте табысқа жетуге арналған тактикалық дағдылар мен білімді меңгеруге бағытталған процесс.

Тактикалық дайындықтың нәтижесі-тактикалық дайын болу. Тактикалық дайын болу жеке тұлғалық, топтық және командалық болып келеді.Тұлғалық спорт түрлерінде (гимнастика, лақтыру, жеңіл атлетикадағы секіру, ауыр атлетика, т.б.). Спорт жаттығуларының тактика тәсіліне оқытудың бастапқы кезіндегі үзіліс бірнеше айдан жылға немесе одан көпке созылады. Спорттың бұл түріндегі тактика мәселелері жарысқа қатысуға дайындық жүргізуде туындайды. Спорт ойныдары мен жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде тактикамен тәсілге оқыту бір мезгілде және үзіліссіз жүргізіледі.Жалпы тактикалық дайын болуды қамтамасыз ететін дене тәрбиесі мен спорттың бұрын қарастырылған педагогикалық ұстанымдарына сүйене отырып мыналар қажет:1. Спорт жаттығуларын орындауға жәрдемдесетін жағдайларды жүйелі өзгерту үйренетін әдістің немесе әдіс амалдарының жалпы құрылымын меңгергеннен кейін меңгерген білігін шартты қарсыласымен, сосын қарсыласпайтын немесе шартты қарсыласатын қарсыласымен, ең соңында жарыстағы қарсыласымен бекітеді: спорт ойындарында алдымен бірге-бір, кейін екіге-екі, сосын үшке-үш нұсқасымен жұмыс жасау керек.2. Жекпе-жек немесе спорт ойындары тәрізді спорт түрлерінде оқу ұрыстарын оқу белдесулерін кең қолданады, яғни қарсыласымен жекпе-жек алдын-ала келісілген бір немесе бірнеше амалдарды қолдану жолымен жүргізілетін жарыс жағдайларының машықтану түрлеріне құру қажет.3. Спорт оқулықтарын, оқытушының әңгімелері мен түсіндіруін, хронометрмен өлшеу көмегімен аталған жарыста тіркелген бақылауларды, қимылдық графикалық жазбасын, жарысқа қатысқандағы өзінің жеке тәжірибесінің талдауын пайдаланып ілімдік дайын болуын көтеру.4. Аңғарымпаздық, шапшаңдық, тапқырлық және айқын ойды сақтау қабілетін дамыту.

5. Периферикалық көруді дамыту, ол жекпе-жек тәрізді спорт түрлерінде және спорт ойындарында алаңды көруге туындаған жағдайды тез бағалауға мүмкіндік береді.6. Тәсілдік дайын болу деңгейін арттыру және таңдаған спорт түрінің талаптарына сәйкес қимыл сапаларын дамыту.7. Жекпе-жек спорт түрі мен спорт ойындарында өз ойын жасыруға, қимылды алдын ала дайындықсыз орындау қабілетін дамытуға, қарсыласын алмастыратын және оның қарсы шаралар қолдану мүмкіндігін нашарлататын жалған қимылдарды пайдалануға оқыту.8. Спорт күресі кезінде өз күшін дұрыс жұмсау қабілетін дамыту осы мақсатта айналымдық спортпен шұғылданатын спортшылар уақытты дәл жоспарланған тапсырыспен бітіру, аралық мәрені қолдануға, мәрені белгілі бір қашықтыққа алшақтату, спорт ойындарында ойын уақытын ұзартуға ойынға бірте-бірте демалған әріптестерін кіргізуге т.б. жетуі керек.

9. Талабы, қатысатын спортшылар құрамы, ауқымы жағына әртүрлі спорт жарыстарына көптеп қатысу. Дәл осы спорт ойындарында спорт жекпе-жегінде қимыл мен мінез-құлықтың ең саналы түрін табуға көмектесетін тәжірибе жинақталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет