2.11. Дене жаттығуларын оқыту кезіндегі сөйлеу, көрсету және басқа ақпарат әдістері мен көмекші құралдары.
Сөйлеу мен көрсету дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы ақпараттың негізгі әдістері мен құралдары болып табылады.Дене жаттығуларын оқытудың оң нәтижелеріне жету егер оқытушының сөзі белгілі талаптарға жауап брегенде ғана болады. Ол мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Оқытушы үйренетін қимыл туралы білетінінің барлығын емес, тек шұғылданушы сол кезде білуі тиіс білімді ғана жеткізуі тиіс. Сөйлеудің қысқалығы спорт терминологиясын дүниеге әкелді. «Жазылып», «көтерілу», «жұлқыну», «ырғу», «сөре», «мәре» және басқа терминдер қимылды көп сөзбен түсіндіруді алмастырады.Оқытушы сөзі анық әрі дәл болуы тиіс. Күрделігі қарапайым етіп, ал жеңілді күрделендірмеу керек. Оқушының мәліметті қалай түсінгенін білу үшін оны қайталауын талап ету керек. Оқушы ескертуді неғұрлым дұрыс әрі дәл қайталаса, ол қимылды соғұрлым жақсы әрі шапшаң меңгеріп, кемшілікті түзейді. Оқытушы сөзі түсінікті болуы үшін ол қимылды бейнелеп көрсету қажет. Бұл орындалатын қимылдарды көлік, жануардың, тұрмыс және еңбек әрекетімен салыстыру жолымен, үйреніп жатқан спорт түрлерінде, ойындарда, кәсіпқой спортшылар мен әртістердің қимылдарымен салыстыра отырып, түсіндіріледі. Оқытушының тәжірибелігі мен тапқырлығы көбіне оның орындалатын қимыл мәнін бере алатын дұрыс бейне табуы қабілетімен анықталады.Оқытушы сөзі мазмұны мен айтылуы жағынан түрліше болуы тиіс. Егер сөз саптауы ұзақ уақыт бір сарынды болып келсе, ол өз тиімділігін жоғалтады. Оқытушы сөзінің айтылуы көбіне шешуші мәнге ие болады. А.С. Макаренко айтқандай, педагогикалық шеберліктің көрсеткіштерінің бірі «бері кел» сөзін бірнеше мәнермен айту қабілеті болып табылады. Көп сарынды сөз қаншалықты мазмұнды болғанмен мақсатқа жете алмайды. Тек айтуды ғана емес, сол сияқты қалай айтуды білу де қажет.
Дене жаттығуларын орындауда пайдаланылатын бейнелеудің екі түрі бар: көмексіз көрсету және көрнекі құралдар арқылы көрсету. Көмексіз көрсету өз кезегінде мына түрлерге бөлінеді: 1) шынайы көрсету, бұл оқытушының өзі немесе шұғылданушының біреуі көрсететін қимыл; 2) оқытушының шартты немесе белгілі қимылды көрсетуі; 3) орындалуы тиіс жағына қарама-қарсы жағына үйренетін қимылдың көрсету мазмұны бар бейнелеп көрсету; 4) бастауыш көрсету – бұл оқушылардың орындауымен бірігіп қимылды көрсету; 5) қосыла көрсету – бұл бір қимылдың қайсысын жасау, қайсысын жасамауды (дұрыс, дұрыс емес) түсіну мақсатында бір қимылдың екі нұсқасын бірінен кейін бірін көрсету; 6) сергітуге, тәртіпті бұзбауға, оқушы әрекетіне қатынасын ашуға; белгілі бір қимылды орындау қажеттігі туралы белгі беруде қолданылатын сілтемелер.Дене жаттығуларын оқытудағы көрсетуді қолдандағы әдістемелік құралдар мына ережелерге бағынады:
1. Барлық жағдайда көрсетуге болмайды. Оқытушы көрсетпеген қимыл сипаттамалары да бар (ырғақ, кинестикалық сезімталдық). Тек оқушы түсіндіргеннен кейін қимылды елестете алмай және оны дұрыс орындай алмаған жағдайда көрсету керек. Кей жағдайларда күрделі спорт жаттығуларына оқытудың бастапқы кезеңінде оқушыға оның жақсы қабылдауы үшін негіз болатын дұрыс қимыл түрлерін белсенді іздеу үшін (тек түсіндірумен) алдын ала көрсетілмеген қимылды орындауды ұсыну пайдалы. Оқушы оқытушының сөзі бойынша қимылды орындауға кіріскеннен кейін көрсету құндылығы арта түседі.2. Оқытушы сөзі көрсетудің басы болып, онымен үйлесіп және соған жалғасуы мүмкін. Күрделі дене жаттығуларын оқытуда бірінші нұсқа дұрыс: оқушы үйренетін қимыл туралы айқын білімді уақытында алады және зейінін жаттығудың барынша маңызды бөліктері мен элементтеріне аударады. Сабақтағы сөз бен көрсетудің қатынасы оқыту кезеңі мен оқушының мамандануына байланысты жаңадан бастауыш мен балалар сабақтарында оқытудың бірінші кезеңінде көрсету жоғары маманданған спортшылар сабағындағыға қарағанда үлкен орын алады.3. Алғашқы көрсетуде қимылды бейнелеуден бас тарту қажет. Оқушы үйренетін спорт жаттығуын түгелдей және жарыс жағдайындағыдай орындалуын көруін үлгі етуге болады. Басынан бастап-ақ оқушы қимыл бірізділігі туралы ғана емес, сол сияқты үйренетін күрделі жаттығудың қарқындылығы, ырғағы және құлашы туралы да ұғым алуы керек.4. Қимылды көрсету кезінде және оқушы қимылын бақылау кезінде қадағалау бұрышы мен қашықтықты дәл анықтау маңызды. Егер қимыл оқытушыға әрдайым оқушыға қарағанда бір ғана нүктеден болса, онда ол тек қимылдың бір ғана жағын көруі мүмкін. Сол сияқты оқытушының оқушыны қадағалауы да осы жайға келеді. Қимылды орындап жатқан оқушыны түрлі бұрыштардан қадағалау қажет (18-сурет). Оқытушының оқушыны бақылағандағы ара қашықтығы қимыл құлашына байланысты, яғни құлаш үлкен болған сайын қашықтық та ұлғая түседі. Бақылаушы мен оқушы арасындағы қимыл құлашы мен қашықтық 18-суреттегідей болуы қажет, яғни егер қимыл құлашы 1м болса, онда бапкер оқушыдан 3м-ден кем емес қашықтықта болуы керек.5. Шынайы көрсету спорт жаттығуларының өзара байланысқан бір-екі бөліктеріне оқушының зейінін шоғырландыруымен, сол сияқты оқытушының қимылды көрсетуі мен оны оқушылардың орындауы арасындағы үзілісті қысқартуымен тиімді болмайды.6. Үйренетін қимылды дұрыс көрсету үшін мұғалімнің өзі осыған дайын болуы қажет. Біреуді оқыту үшін ол өзі оқуы керек. Әрине егде жастағы оқытушылар күрделі дене жаттығуларын үнемі түгелдей дәл көрсете бермейді. Бірақ лайық дайындықта олар жаттығудың жеке бөліктерін дәл көрсетеді, ол маманданған спортшылардың сабақтарында өте жеткілікті болады. Жаңадан бастаған оқушыларға жақсы дайындалған оқушылар жаттығу көрсете алады.
18-сурет. Споршы әрекетін бақылауға қажетті нүктелер
Дене жаттығуларын оқыту барысында қолданылатын көрнекі құралдарға кинофильмдер, киношеңберлер, кинограммалар, фотосуреттер, суреттер, қимылдың шектік сызбалары жатады. Оған қойылатын талаптар суреттегі бейнелер орындау тәсіліне лайық болуы тиістігімен көрінеді. Белгілі бір спорт түрінен танымал шеберлердің тәсілі түсірілген кинофильмдер мен киношеңберлерді үздік көрнекі құралдар деп есептеуге болады. Олар жаттығу туралы үзіктер мен түсірілімдерді түрлі жылдамдықпен көп дүркін көруге мүмкіндік береді. Рапидпен түсірілген кинофильмдер мен кинокадрлер қимылды баяу орындауды көріп, әдетте байқалмайтын детальдарды байқауға көмектеседі. Алайда қимылды баяу көруді көп қолдануға болмайды, себебі бұнда оның уақыттық қатынасы сөз болады. Кәдімгі және баяу көрсетілімді кәдімгі – баяу қайтадан кәдімгі түріндегі сызбамен көрсетуге болады.
Спортшының іс-әрекеті мен қимылын бағалайтын төреші мен көрермен спорт күресі өтетін әлеуметтік ортаны құрайды. Көрермендердің саны мен құрамы, олардың жекпе-жек барысындағы спортшымен ара қашықтығы, олардың спорт жекпе-жегі бойындағы реакциясы мен мінез-құлықтары спорт жарыстарының нәтижесі үшін мәнсіз емес. Сондықтан сабақ барысында жағдайларды тек жарыс өтетін орын метеорологиялық және басқа жағдайларда ғана емес, сонымен қатар көрермендердің қошеметін де мүмкін болатындай жарыс жағдайына лайықтап өткізу керек.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының нәтижесіне әсер ететін және әлеуметтік талаптарға байланысты ғылыми-техникалық талаптарға бұқаралық ақпарат құралдарын тасымалдау құралдарын жетілдіріп, жаңа спорт түрлерінің пайда болуы (ең алдымен техникалық түрлерін), дене тәрбиесі мен спортты басқару мен жоспарлау мүмкіндіктерін кеңейту жатады.
Ғылыми зерттеулердің әдістемесін жетілдіру адам іс-әрекеті қимылының бұрын белгісіз заңдылықтары мен оны дамыту жолдарын айқындап, спортшыларды медициналық қамтуды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жасы, жынысы, дайындығы әртүрлі адамдардың қимыл мүмкіндіктері туралы ғылыми мәліметтердің пайда болуы, бұл мәселе туралы біздің түсінігімізді өзгертеді. Бұл сабақ пен оған қолданылатын құралдар мен әдістерге де қатысты.Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын құру мен ұйымдастыруды жетілдіру оқытушылардың өнері мен білімін көтеру, әлеуметтік жағдайлар мен ғылыми-техникалық ілгерілеушілікті жақсарту спорт нәтижелерін тез жақсартуға мүмкіндік береді.Спорттағы ғылыми-техникалық ілгерілеушілік ең алдымен спорт аяқ киімі мен құрал жабдықтарын және киімдерін дайындауға арналған аспаптар мен материалдарды жетілдірумен бейнеленеді. Спорт нәтижелерін жақсартуға спорт алаңдары мен жүгіру жолдарына арналған сырықтарды дайындауға арналған жаңа синтетикалық материалдарды, сондай-ақ жеңіл атлетика, гимнастика мен акробатика сабақтарында қонуға арналған орындарды жасайтын материалдарды ойлап табу көп ықпал етті.
Жаттықтырудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы бұлшықет жұмысы мен тез қалпына келетін жұмыс қабілетін (қалпына келтіру құралдары) артыру үшін және сабақтың жиілігін көбейту, олардағы жүктемені ұлғайтуға мүмкіндік беретін маңызды ықпал болып табылады. Бұндай құралдарға мыналар жатады: арнайы тамақтану, емдік шаралары, дәрумендеу, массаж, физитотерапевттік процедуалар, бірнеше фармакологиялық құралдар пайдалану, ине егу, машина, т.б. Спорт нәтижелеріне спорт жаттықтырулары мен спорт жарыстарының нәтижесі мен барысы туралы ақпараттық техникалық құралдарын жетілдіру үлкен ықпал көрсетеді.
Тарау қорытындысында мынадай тұжырымдар жасауға болады.
Ақпараттың көмекші құралдары мен әдістерін белгілеу жаттығуларды бүтіндей және спорт жаттығуларының жеке сипаттарын орындау сапасын жаттығу барысында немесе қимылды орындап бола салысымен сипаттауға, сол сияқты қойылған қимыл міндеттерін дұрыс шешуге көмектесетін жағдайларға мүмкіндік береді.Ақпараттың қосымша құралдар мен әдістерге мыналар жататыны белгілі: қимыл барысындағы дыбыстар (мысалы, жүгірудегі қадам дыбысы; шаңғымен жүрудегі қардың сықыры) және қимылдан қалған іздер (мысалы, мәнерлеп сырғанау); жедел ақпарат құралдарының бағдары, тәсілдік құралдары. Белгілі бір орында қойылған жекелеген заттар (доп, жалауша, арқан), сол сияқты еденге, снарядқа мысалы, биіктікке секіруде бұрыштың дұрыстығын бақылау үшін жүгіріп келу бұрышында секіру секторын сызықпен, ал серпілетін аяқтың қимыл бағытының дұрыстығын бақылау үшін аспалы шар ілінеді сызылған сызықтар бағдар бола алады. Дененің бір бөлігіне екінші бөлігінің қалпы бағдар болуы мүмкін (мысалы, ядроны лақтыруда қол қимылының дұрыстығын оның мұрынға қатысты бағытын бақылауға, ал найза лақтыруда қол қимылының дұрыстығын құлақ қатысына қарай бағытынан білеміз. Сабақ орындарындағы заттар, мекеменің бөліктері, сол сияқты оқушылардың біреуі немесе оқытушының өзі бағдар бола алады .Жедел ақпараттың тәсілдік құралдары дыбыстық, жарықтық, тактильдік болуы мүмкін. Жедел дыбыстық тәсілдік құралдарына спорт жүрісі-кезіндегі топырақтың тербеліс қимылынан шыққан дыбысты тіркеуге арналған қондырғы мысал бола алады.Жүруде бір тіректі фаза екі тіректімен кезектесуінде әрбір қадам дыбыстық белгі береді. Дыбыстың жоғалуы спортшының жүгіруге өткенін, яғни оның жүру тәсілінің дұрыс емес екенін көрсетеді. Осы құрылғыны найза лақтырудағы, ұзындыққа секірудегі және басқа жүгіріп келудегі ырғақ дұрыстығы туралы ақпарат үшін пайдалануға болады.Жедел жарықтық ақпараттың жасанды техникалық құралдарын қолдану жай күрделі аппаратураны өте талап етеді. Оның құрастырылуы орындалатын міндеттер мен орындалатын жаттығулардың құрылым ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады.Жарықтық ақпарат қимылдың құлашының дұрыстығы, жұмсалатын күштің, қимыл жылдамдығы және т.б. көлеміне қарай белгі беру үшін пайдаланылады. Мысалы, параллель брусояда жаттығуды орындауда қатаң белгіленген қимыл құлашына жету қажет. Электр шамының жарығы егер гимнаст денесі сәйкес битіктікте орнатылған фотоэлементтер алаңын кесіп өтсе, жанады.Жедел жарық ақпараттарының техникалық құралдарының бірі-видеомагнитофон болып табылады. Ол жаттығуды орындаған соң, оны көруге және сол арқылы өз қимылын көріп сақталған кинестезиялық сезімталдықты жүргізуге мүмкіндік береді.Ақпараттың тактильді құралдарына дәл жіберілмеген қимыл туралы белгі беретін жеңіл сипауды тіркейтін құралдар жатады. Егер тиіп кеткен кезде әлсіз болса да ауырса, онда қорғаныш рефлексі пайда болады. Бұндай бейімделу, мысалы – жүзуші есу қимылынан қате жіберген кезде оны әлсіз ток ұратын болып құрастырылған қондырғы (құрғақтағы жаттығу) (Д.Саунсинмен). Кей жағдайларда бұндай құралдарды бір рет пайдалану ұзақ уақыт бойына қайталанған қателерді түзетуге көмектеседі.Жедел ақпарат құралдары автотренажер қызметін де атқарады (мысалы, семсерлесуде семсер шаншуға арналған қорғалмаған орынды көрсететін, жанатын шам). Автотренажермен орта және алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтар үшін жүгіру жолының жан-жағынанда белгілі жылдамдықпен жылжитын электр шамының жарығы қызмет етеді (светолидер).
Достарыңызбен бөлісу: |