2.12. Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету.
Спорт жаттығуларының тәсілін меңгеру – күрделі міндет. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлығында бастаушы және маманданған, спортшыда үлгі тәсілден үлкен немесе аз ауытқу білінуі мүмкін. Бұл ауытқулар қате деп қарастырылады.
Дене жаттығуларын орындаудағы қателер төрт топқа бөлінеді: 1) биомеханикалық; 2) физиологиялық; 3) психо-педагогикалық; 4) әрекет ортасының шарты.Биомеханикалық негіздемесі бар қимылдағы қателер себебінің тобына мыналар жатады:1) Адам денесінің көптізбектілігі әсерінен пайда болатын және оқытудың бірінші кезеңдерінде қимылды бұзатын реактивті күштер. Олар қимыл мақсатына жетуге кедергі келтіреді. Дене жаттығулары тәсілдерін меңгеру шамасы бойынша келесі пайда болатын реактивті күштер қойылатын қимыл міндеттерін шешуге арналған адамның қимыл аппаратымен қолданылады. Көптеген спорт түрлерінде (гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау және т.б.). Спорт жаттығуын меңгерудің жоғары деңгейі бұлшықеттің тартылу күшін аз қолданып, бірақ реактивті күштерді толық және тиімді пайдалануға жол ашады. 2. Қимылдың алдыңғы топтарын қате орындау әрекетінің соңы спорт жаттығуының бөлімі мен келесі фазаларының бұрын жіберілген аз кемшілігі өте үлкен қатеге әкеледі.3. Қимыл нәтижелерінің нысандық қателерінің аздығы дене жаттығуларын орындаған соң көп жағдайда еңбек әрекетін қарағанда бұл қимыл сапалары туралы талқылауға болатын ешқандай із қалмайды. Жазуға оқытқанда оқушы өзі жазған әріпті кітапта немесе оқытушының жазған әрпімен салыстырады; еңбек әрекеттеріне оқытуда өз әрекетінің дұрыстығын анықтауға болады, мысалы жасалған заттар сапасы бойынша. Жүгірудің, гимнатикалық жаттығуларының және басқа дене жаттығуларының нәтижесі дене дамуын, дене дайындығын және денсаулықты нығайту, т.б. жақсартқанда пайда болады. Кей жағдайларда оларды орындай салысымен мұғалім немесе оқушы біле алмайтындай із қалмайды.4. Оптимальды қимыл ырғағын қадағаламау.Физиологиялық негіздемесі бар қимыл қателерінің себептері тобына мыналар жатады:1. Орталық жүйке жүйесінде пайда болатын қоздырғыш және тежегіш процестердің иррадациясы, ол қатысуы қойылған қимыл міндеттерін шешуге кедергі келтіретін бұлшықет топтарының жиырылуы мен босаңсуына әкеледі (реактивті күштердің пайда болуындағыдай).2. Туындаған кинестезиялық сезімталдықтың бұлыңғырлығы және шапшаң өтетіндігі.
3. Қимыл дағдыларын кері ауыстыру әсерінен жаңа қимылды меңгеруге алдағы қимыл тәжірибесі кері әсер етуі мүмкін.4. Спортшының шаршауы, нашар жағдайы, ауруы.Психо-педагогикалық негізделмелердегі қателер себебінің тобына мыналар жатады:1. Қажетті қимыл сапаларын дамытудың жеткіліксіздігі.2. Үйренетін қимыл мәндерін түсінбеу, олардың құрылымы туралы жалған ұғым.3. Психикалық факторалар: қорқыныш, сенімсіздік, шешімсіздік, қызығушылықтың болмауы, т.б.4. Бұлшықеттің артық жиырылуы.Қимыл қателерін туындататын қоршаған ортаның қолайсыз топтарына сабақ орындары, құрал жабдықтардың сәйкес келмеуі, сол сияқты метеорологиялық және климатттық жағдайлар жатады.Дене жаттығуларын орындағанда жіберілетін қателерді былай бөлуге болады: 1) қимыл тиімділігі мен спорт нәтижелеріне көп мөлшерде әсер ететін негізгілері; 2) оқушылардың аталған спорт жаттығуларында жіберетін типтік қателер; 3) негізгі қателердің нәтижесі болып табылатын жеке қателер (В.В. Белинович).
Орындалатын дене жаттығуларының нәтижесінде көрінетін дәл емес қимылды белгілеу үшін қимылды бақылау жаттығуларымен және аспаптарымен бақылау және тіркеу пайдаланады. Қадағалау барысында оқытушы өзінің көзбен қабылдағанын өзінің санасындағы бейнеленген дене жаттығулары тәсілдерінің үлгі бейнесімен салыстырады және осының негізінде оқушының қимыл сапасын саралай алады. Қадағалау кемшілігі оның сенімділігіне кепілдік болмауы есептеледі. Осының барлығында тәжірибелі оқытушы спортшының спорт тәсілі мен тактикасын, дене дайындығын, оның мінез-құлқын кейде дәл бағалап, тіпті кейде басқа әдіс оның көру қабілетін алмастыра алмайды. Қадағалау үйренетін қимыл тәсілін және қадағалау білігін (оқытушының) терең, білу шартына оң нәтиже береді. Оқытушы оқушыларға өзінің ойын үнемі айта бермеу керек. оқушыға күтпеген және барынша ұзақ уақыт қадағалау оның алдын ала біліп, бір рет тексеруінен гөрі жақсы нәтиже береді. Оқушыны қадағалау барысында қадағалау бұрышы мен сәйкес қашықтығын табу маңыздылығы көрсетілген.Қимылды тіркеуге арналған қолданған құрылғылар үш топқа бөлінеді: 1) дене қалпы мен қимылын түгелдей тіркейтін құрылғылар (киносъемка, суретке түсіру және т.б.); 2) қимылдың жеке сипаттарын тіркейтін құрылғылар (спирография, динамография, вектородинамография және т.б.); 3) қимылдың түрлі элементтерін орындау сапасы туралы жедел ақпарат беретін құрылғылар (жедел беретін құрылғылар).Қимыл тиімділігін анықтау үшін қолданатын бақылау жаттығулары бүтіндей және спорт жаттығуларының жеке топтарын орындау сапасы туралы ұғымдар қалыптастыру нақты спорт түрінің тәсілдік-тактикалық ерекшеліктері есебінен құралады. Төменде осындай бақылау жаттығуларының мысалдары келтіріледі.Футболистердегі аяқпен соққы беру тәсілін меңгерудің деңгейін тексеру үшін бақылау жаттығулары. Радиусы 3м шеңберде допты аяқпен айналдыру. Бағалары: «өте жақсы»-4 дәл тию; «жақсы»-3 дәл тию; «қанағат»-2 дәл тию.Найза лақтыру тәсілін меңгеру деңгейін тексеруге арналған бақылау жаттығулары (В.И.Алексеев бойынша) жүгіріп келіп лақтыру нәтижелерін орнынан лақтырумен салыстырып ұлғайту. Бағалары: шеберлік-30м, «өте жақсы»-20м, «жақсы»-15м, «қанағат»-10м, «нашар»-2-4м.Қимылда жіберілген кемшіліктерді анықтап, оны тудырған себептерді және олардың негізгісін табу қажет.Сонымен дене жаттығуларын орындаудағы кеткен қателерді түзету жолы ең алдымен қимыл қатесін анықтап сосын оның себебін тауып, соңында оқушының ерекшелігі мен оқу пәнін ескере отырып, оларды жою әдістері мен құралдарын табуға құрылады.
Қимылдағы қате себептерін анықтау қиындығы бір қатенің бірнеше себептен туындайтынынан шығады. Қимылдағы табылған әрбір қатенің себептері оны жоюға арналған құралды таңдауға себеп болады. Егер қатенің себебі үйренетін қимылдың мәнін түсінбеу, ол туралы теріс ұғым болса, онда түзету құралдары түсіндіру, әдебиеттерді оқыту, кинограммаларды талдау, қимылды көрсету, жақсы орындаушыларды қадағалау және т.б. болып табылады. Егер қатенің себебі оқушының шаршауы болса, онда жою құралы демалыс уақытын ұлғайту, сабақ пәніне қызығушылығын арттыру, жаңа тапсырмалар беру, орындалатын жаттығулардың сипатын өзгерту, т.б. болып саналады.Аталғандардан бөлек дене жаттығуларын орындаудағы қатені түзетуге арналған әдістемелік құралдарда төмендегі ережелер келтірілген.
1. Ең алдымен жарақат келтіретін қателерді, сол сияқты қимыл әсерлілігіне ықпал ететін басты қателерді түзету керек.2. Педагогикалық тұрғыдан барлығы мақұлдаған құралдар арқылы өтетін сабаққа оқу пәніне деген қызығушылықты арттыру.3. Жарыс рухын көтеру, өйткені бұл қойылған міндеттерді шешуге көмектеседі.4. Жекелеген ескертулер жасау, мұғалімнің барлық оқушылардың қателеріне жалпы ескерту жасауы жақсы нәтиже бермейді.5. Шұғылданушының өз күшіне деген сенімділігін арттыру. Оқытушы тек кемшіліктерден тұратын сонысымен оқушының өз мүмкіндігіне деген сенімділігін жоғалтатын үздіксіз ескертулерден бас тартуы қажет. Тіпті үлкен қате жіберген жағдайда да алдымен жаттығу орындаудың дұрыс жақтарын айтып, содан кейін барып қатенің неден шыққанын және оны қалай түзетуге болатынын түсіндіруі керек.6. Қажетті кинестезиялық сезімталдықты қабылдаудан пайда болған қиындық, ықпалынан болған қателер жүйелі қайталанған жағдайда үстін-үстін тапсырма беру әдісін қолдануға болады. Ол оқушыға қарама-қарсы қателері бар қимылды орындауға тапсырма беруге құрылған. Мысалы, жаңа шаңғышы көптеген ескертулерді ұғынбай тік аяқтарымен жылжи береді. Бұл жағдайда оқытушы аяқтарды талап етілгеннен де қаттырақ бүгуге кеңес береді.7. Күрделі дәлдіктегі қимылдарды оқуда жәберілген қателерді барлық жаттығуларды орындап болған соң көрсетеді. Айналымдық спорт түрлерінде оқушы жасаған қатені қимыл барысында түзетеді. Қарапайым қателерді айналымдық емес жаттығуларда да осылай дұрыстайды. Маманданған спортшылар сабағында жіберген қателерді талдау спортшылар қатені туындатқан себеп өзінде екенін түсінетіндей болуы тиіс.
8. Қимылды шаршау мен зейіннің жоғалуының алғашқы белгілеріне дейін қайталау. Бұрыннан жақсы үйренген немесе дәлдігі қарапайым қимылдар жасайтын 5-6 минуттық үзілістен соң, оқудың негізгі пәніне оралу қажет. Сабақ барысында бұны бірнеше рет қайталайды. Үйренген қимылдарды түзету, спорт жаттығуларының меңгерген тәсілін қайта жасау ұзақ және табанды еңбек нәтижесінде болады, кейде (әсіресе айналымдық спорт түрлерінде) ол кері нәтижелерге әкеледі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер барлық жаңадан келгендерді спорт жаттығулардың барынша тиімді тәсілдеріне оқыту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |