І дене мәдениеті мен спорт сабақтарында қолданылатын принциптердің, ҚҰралдар мен әдістердің жалпы сипаттамасы


Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары



бет15/25
Дата21.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#113053
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Дене шынықтыру және басқару жүйесі

2.5. Дене жаттығуларын оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың басты мақсаты қимыл дағдыларына машықтану болып табылады. Қимыл дағдылары-бұл адамның оқыту нәтижесінде меңгерген қимыл әрекеттері. Барлық жасалған қимылдар (адамның барлық қимылының 99%-ы) түрлі күрделіліктегі қимыл дағдылары болып табылады. Қимыл дағдылары ауыспалы қасиетке ие.Қимыл дағдыларының ауыспалылығы оларға оң немесе теріс ішінара әсерімен бейнеленеді. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы қимыл, дағдыларының ауыспалылығы түрлі дене жаттығуларының жеңіл ерекшеленетін қрылым ұқсастығы бар жағдайда пайда болады, мысалы,қол добы мен баскетбол ойындарындағы немесе бруське асылып жазылып көтерілуі, сондай-ақ белтемірге жазылып көтерілу әдістерін (баскетбол ойнаған адам қол добы ойындарының тәсілін меңгереді, белтемірде жазылып көтерілуді меңгергеннен кейін бруське жазылып көтерілу оңайырақ). Сондықтан бұндай дене жаттығуларын бірізді және біруақытта үйренген жөн. Оң ауыспалы түрлеріне қиылысып ауысу жатады. Ол адам орындауға жақсы жаттыққанымен, кейін сол жағымен де жақсы орындауымен сипатталады.Қимыл дағдыларының теріс алмасуы түрлі дене жаттығуларын орындағанда қимылдың жеке элементтерін жасау қиын болған кезде туындайды. Мысалы, биіктікке секіру мен кедергімен жүгіруде тебілу фазасы орындалады, алайда оның бұл түрдегі сипаты кей бөлшектерде ерекшеленетін соншалық жаңадан бастаған спортшы оны дұрыс жасай алмайды. Сондықтан бұл екі жаттығуды бір мезгілде үйрену дұрыс емес (16 сурет).



16-сурет. Кері тебілуге оқытудағы қимыл дағдыларын кері ауыстыру үлгісі:



а-кедергімен жүгіру; ә-биіктікке секіру
Қимыл дағдыларын құрып, дамытатын төрт әрекетті атап көрсетеміз: 1) білім аясын меңгеріп, қимылдың мақсатын, құрылымы мен нәтижесін танытатын танымдық әрекет; 2) сәйкес шартты рефлекторлы байланыстарды белгілеп, қорытатын әрекет; 3) ағзаның вегетативті қызметі мен тірек-қимыл аппаратын морфологиялық және қызметтік қайта құру әрекеті; 4) үйренетін қимыл талаптарына сәйкес қимыл сапасы мен психика жағынан дамыту әрекеті.Қимыл дағдыларын машықтануды дамытумен қатар меңгеру түзу емес, үзбегі қисық сызықпен жүргізіледі. Бастапқыда машықтану тез болады, сосын ұзақ уақыт баяу жылжиды, онда мезгіл-мезгіл үзіліс және төмендету жағдайы кездеседі, содан кейін машықтанумен күрт шұғылданып және қайтадан үзіліс немесе баяулау кезеңі басталады.Күрделі дене жаттығуларын оқытуға бөлінетін кезең үш кезеңге бөлінеді таныстыру, қимыл құрылымын меңгеру және дене жаттығуларын орындауды жетілдіру.Бір немесе бірнеше сабаққа созылатын таныстыру кезеңінде дене жаттығуларын үйрету туралы, ең бастысы оның кинематикалық құрылымы, сол сияқты аталған спорт түрінен спорт жекпе-жегінің негізгі шарттары мен ережелері туралы алдын ала ұғымдар мен түсініктер құру міндеті тұрады. Бұл міндеттердің біріншісін шешу үшін қимыл құрылымын жеңілдетіп, жаттығуды оңайлатып орындайтын жағдай туғызу қажет болады (мысалы, кедергі биіктігін төмендету, снаряд салмағын азайту, алаң көлемі мен қимыл қарқынын азайту, қашықтықты қысқарту, жарыстарда сақтауға қажет ережелерді ескеру).Бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылатын қимыл құрылымын меңгеру кезеңінде мынадай міндеттер қойылады: 1) үйренетін қимылдың кинематикалық, динамикалық және ырғақтық сипаттары туралы нақты мәлімет құру; 2) жеңілдетілген жағдайда тербеліс шартында оларды дұрыс орындау үшін спорт күресінде қолданылатын негізгі амалдар мен жаттығуларын меңгеру; 3) аталған спорт түрінің негізгі тактикасымен таныстыру.Шұғылданушы өз нәтижесін көтеруге тырысатын уақыттың барлық жетілдіру кезеңінде мынадай міндеттер қойылады: 1) спорт күресінің өзгермелі жағдайында көп күш жұмсап қимылды орындауда дұрыс тәсілді сақтауға мүмкіндік беретін спорт жаттығуын меңгерудің жетілдіру деңгейіне жету; 2) үйренетін спорт түрінің талаптарына сәйкес қимыл сапасы мен психикалық қасиеттерін дамыту; 3) тактикалық әдістерді игеру және оны туындаған жағдайға қарай шығармашылықпен қолдану қабілетін дамыту.Арнайыландырылған спорт сабақтарында (спорт машықтануы) спорт жаттығуларының тәсілдеріне оқытуға арналған кезең болады. Бұл кезең 3 аптадан бірнеше жылға созылады. Оның жалғасуы шұғылданушы мен спорт түріне байланысты болады. Оқытуға дайындық кезеңінде шұғылданушылардың қызығушылықтары мен қабілеттері анықталып, аталған спорт түрі сабақтарына белсенді оң көзқарас қалыптасады, аталған қимыл дағдыларына меңгеруге арналған негіз болып табылатын дене дайындығы қамтамасыз етіледі. Кейде бір спорт түрінің тәсілін меңгеру үшін басқа спорт түрімен айналысу қажет (мысалы, суға секіруге оқытуда акробатикамен айналысу қажет). Көп жағдайда оқуға дайындық міндеттері оқытушы қатыспай-ақ шешіледі (мысалы, балалық жастағы ойындар барысында немесе түрлі спорт түрлеріндегі өзіндік сабақтар). Бұл аталған спорт түрінен алдын ала дайындықсыз тәсілдерді үйренуге кірісуге мүмкіндік береді.Дене жаттығуларына оқытудың барлық кезеңдерінде (спорт жаттығуларының тәсіліне) басқарушы ережелер дене тәрбиесі мен спорттық педагогикалық ұстанымдары болып табылады (14-суретті қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет