Бірінші- кез келген адам өзінің қажыр-қайратын қалыпты ұстауы керек. Мәселен, дер кезінде тамақтану, дұрыс демалу, спортпен шұғылдану.
Екінші-адам өмірде өзіне не керек екенін бағамдап алса, құба-құп. Жоқ дегенде, күнделікті уақытын тиімді, мақсатты пайдалануға дағдылану аса қажет. Сонда ғана өзінің ісі мен өміріне көңілі толып, қажетсіз ойдан арылады.
Үшінші- әркім өзі бағалайтын құндылықтарды сақтауға күш салса, жақсылыққа бір табан жақындайтыны анық.
Жалпы күйзелістің адам денсаулығына әсері -бұл жүйке жүйесінің, қан айналымының бұзылуына әкеп соғатын себептердің бірі болып табылады. Қазіргі заманда адамдар невроз яғни күйзеліске көптеп шалдығады .
Күйзеліс – ұзаққа созылған енжар, жабырқаңқы көңіл-күйді сипаттайтын ішкі сезім жағдайы, ол күнделікті өмір сүру қабілетіне әсер етеді.
Адамның күйзеліс жағдайына түсуге әсер ететін 2 фактор бар. Бейімделушілік факторлары – бұл күйзеліске бейімдейтін тұлғаның ерекшелігі немесе тұрмыс қалпы, мұның барлығы оған дейін басынан өткерген оқиғаларға немесе әлеуметтік сипаттағы жағдайларға байланысты.