ХІІ - дәріс.
Тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Тұлғаның қорғаныс механизмдері.
Жоспары:
Дамудың басты категориялары.
Тұлғаны жас кезеңдеріне қалыптастыру: сәбилік, ерте, балалық, мектепке дейінгі, кіші мектеп жас, жеткіншектік, ерте жастық, егделік, қарттық.
Қалыптасқан тұлға межелері.
Мінез-құлық девиациясы.
Тұлғаның қорғаныс механизмдерінің қызметтері мен түрлері. (ығыстыру, мойындамау, проекция, реакциялар, рационализация, сублимация және т.б.).
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.
Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсендірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны “ Мен” деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады.
Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.
Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде көрсетілген).
Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ол тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылып әлеуметтену деп аталады.
Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті: бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалданупроцесінің негізі.
Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте, және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін өзі ұстау тәрбиесін алады.
Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса реттелмейтін, стихиялық сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру үшін А.А.Реан келесідей мысал келтіреді. Мектепте өтетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін “кездейсоқ” болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірибесін байытады. Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін.
Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.
Психологияда әлеуметтеуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбекті бөлісумен және оған сай білімнің таралуымен байланысты. Адам еңбек етудегі өзінің ролін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтың концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты – индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тұлғаның даму процесін түсіну керек.
Әлеуметтенумен бір уақытта өтетін процесс – инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз әлеуметтік тәжірибені меңгеру болса, инкультурация дегеніміз индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетті, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдеріндегі адам әрекетінің рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып қоюы мүмкін. Адам мәдениетті табыспен игерсе оның әлеуметтік тәжірибесі жеткілікті деп айту дұрыс емес және керсінше.
Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін -өзі өзектендіру (самоактуализация). Ересек тұлға өзін өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін өзі дамыту және өзін- өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орынды алады.
Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуынынң қозғаушы күші - түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны - өзін өзі дамыту қажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немесе белгілі әлеуметтік статус алу маңыздырақ.
Келесі мәселе - тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізіндегі тұжырым - тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.
Алайда, бірқатар зерттеулердің көрсеткеніндей, адамның жүріс-тұрысы өзгермелі. Сондықтан еріксіз туындайтын сұрақ: адамның жүріс-тұрысы, тұлға болуы қаншалықты тұрақты және неде?
И.С.Конның ойы бойынша бұл теориялық сұрақта әрқайсысы бөлек қарастырылатын жеке сұрақтардың тұтас сериясы бар. Мысалы, біз ненің тұрақтылығы жайлы әңгіме қозғап отырмыз- жүріс-тұрыс, өзін - өзі ұстаудың ба әлде психикалық процестердің, тұлғаның қасиеттері мен қырларының ба? Бұл жағдайда бағаланатын қасиеттердің тұрақтылығы мен өзгергіштігінің индикаторы не? Ол қасиеттер тұрақты және өзгермелі екендігін көрсететін уақыт көлемң қандай? Осы уақытқа дейін жүргізіліп келе жатқан зерттеулер бірыңғай жауап бере алмағандығын айта кеткен жөн болар, олардың нәтижелері де әртүрлі. Мысалы, үнемі тұрақты болуы тиісті деп саналатын тұлғаның қырлары тұрақты емес болып шыққан. Кейде тіпті бір адамның бойындағы қасиеттердің көріністері жағдайға байланысты елеулі түрде ауысады екен.
Ал лонгитюдті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дәрежесі бар деп көрсетеді, мұндай тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35 жыл жүргізілген осындай зерттеулердің бірінде 100 адам белгілі тұлғалық сипаттамаларының жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқы рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35-45 жас шамасында тексерілген.
Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58 -ы сақталғаны анықталған. 30 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі тұлғалық сипаттамалардың 31 - ы сақталатынын көрсетті.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататынкүрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, марко, микро, рухани, істер т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпараталмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты); 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты). Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, т.сініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде,дөрекілік пен жағымпасдықсыз жағымпасздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхпаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап,сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Индивидтің мінез-құлық тенденциясын және бағасын найымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН- концепциясы»деп атайды, яғни адамның Өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі.
«МЕН - концепциясы» шынайылықтың эртүрлі Шеңберіндегі жэне оның енжарлығының үш рөлін атқара отырып, адамның сэттілік шегін анықтайды, біріншіден тұлганың іщтей өзімен келісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншідең адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтайды. Үшіншіден күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, «МЕН - концепциясы» барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. «Мен - концепциясы» өзінің шыгу тегі жағынан -негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрылым.
Тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мэселе төңірегіқце даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен -бейнесін» түрліше қабылдайды. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде «Мен - концепциясының» психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялық тұрғы немесе гуманистік психологияға интеракционизмге, аз дэрежеде психоанализмге сүйенеді. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: рухани «Мен» материалды «Мен», әлеуметтік «Мен», денелік «Мен».Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен-концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді:
1. Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады,
ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық
шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-
құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нэтижесі.
2. Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды
жазықтығының нүктесі - «Мен -Концепциясы» оның маңайында
қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады.
3. «Мен - Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі және де?
элеуметтік мэдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдарі
жиынтығы болып табылады.
4. «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оға
толығымен бағына бастайды.
5. «Мен - Концепциясы» уақытпен жэне жағдайлық контекспеі
санасады, бұл оның болжамдық құндылығы болып табылады.
6. Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен
Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді- Өзіне деге""
оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағала
тэжірибесін игеру арқылы қалыптасады.
7. Нақты өтіп жатқан өмір тэжірибесі мен «Мен
Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаны
стратегиялары қолданылады.
8. Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзінді
актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен
Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және
жоғалтпау.
«Мен - Концепциясы» ары қарайғы дамуы «Мен Концепциясын» бейнелеу үшін концептуалды - терминологиялы" құрамын унификациялау бағытында жүрді жэне өлшеулер үші сенімді эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соньг негізінде, ол бірлік немесе индивидтің өзіне деген бағдарла" құрылымы ретінде қарала бастаған.
Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды «Мен> (индивидтің дэл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - элеуметті «Мен» (индивидтің ойынша қоршағандары қала қабылдайтындығы жайлы) - идеалды «Мен» (индивидтің болғысы келетін бейнесі». Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде адамныі элеуметтік мінез-құлқына «Мен -бейнесінің» «откені» меаі «болашақ» бейнелерінің эсері зор екендігі дэлелденген. Дэстүрл| түрде адамның психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болыг^ табылатын барлық психотерапевтикалық практикаларда негізінегі колданылатын «Мен ұғымының» уақытша ұғым идеялы, әсіреса! олардың озара сэйкес келмеушіліктеріне баса назар аударыладыі «Мен - откен шақ», «Мен - болашақ», «Мен - қазіргі» арасындағьі белгілі бір дэрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік' психологиялық дезадапциясының негізгі факторы негізінде (К.Хорни) немесе алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде (К.Роджерс) немесе тұлғаның өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дэрежесінің бір ретінде (А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен мазасыздық бастауы ретінде (Т.Хиггинс) қарастырылады. Көптеген зерттеулерде тұлғаны адекватты өзін-өзі бағалаудың өзін қоғам үшін құндылығын жэне оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі фактор анықтайды:
1. Сыртқы фактор - элеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-
эрекеттегі сэттіліктер мен сәтсіздіктер;
2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык
ерекшеліктері. Осы ішкі жэне сыртқы факторлардың адам дамуы
үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау
қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-
эрекеттегі сэттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін
тигізді. «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара
эрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала элеуметтік
сезімтал жэне оның когнитивті жэне перцептивті қабілеттері
даму мелшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны»
көп дэрежеде элеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады.
«Мен - Концепциясына» сүйенетінК. Роджерс оны былай деп мінездейді: «Мен-Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Меннің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтармен өмірдің эр түрлі жақтарын қабылдау».
Басқа элеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас түзеді. "Мен" ұғымы өзі ішінде эр адамның өзі жөніңдегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын камтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының жоғары не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Қорыта келгенде тұлға - адамдар арасында өз ұстамын жауапкершілікпен жэне еркін анықтайтын, қоғамның окілі ретіндегі адам. Өзін қоршаган элеммен өзара эрекет, қоғамдь жэне адами қатынастар мэдениет жүйесімен қалыптасады. Ад элеуметтену барысында тұлға болады.
Қауіпті және бейәлеуметтік мінез-құлық
Әлеуметтік нормалар негізінде мінез-құлықтар бөліне нормалы (әлеуметтік бейімделген), ауытқыған (девиантты) жәг: нормаға қарама қарсы қауіпті (құқыққа қарсы) мінез-құлық.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мін құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біреулф оларды жеке бөлмей жалпылама түрде:
Жанүяда берекенің болмауы;
Түсінбеушіліктер мен ата-ананың қамқорлығы;
Тэрбие берудегі кемшіліктер;
Қоғамдық міндеттер мен күйзелістерді жеңе алмау;
• Өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдарме)-
қүрбыларымен жиі табыса алмау;
Сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шеші қабылдай алмау, критикалық ойды дамыта алмау; • Психоактив' заттардың тез қолға түсіре алу;
Агрессиялық жарнаманың болуы;
Мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің наша дамуы;
Әлеуметтік нормаларды меңгеру, оларды түлғаның ішк дүниесіне енгізу бүл сыртқы үлгілермен үқсастыру процесі емес түлға санасының қүрылу процесі деп аталады. Әлеуметті нормалар жеке сананы қалыптастыра отырып, оның қүрылымы үйымдастырады. Интернационализмді элеуметтік нормалар тұлғ мінез-қүлқының реттеушісі болады. Бірақ олар мінез- қүлықтв| тікелей емес, сананың сэйкес үйымдасуы, түлғалық мэнер меі' бағалар жүйесінің қалыптасуы арқылы реттейді. Түлғ1 қабылдаған нормалық жүйелер мінез-қүлық сфрерасының барльг мотивациялығын, мағыналылығын анықтайды. элеуметтік норм түлғаның қүндылық жүйесіне ескермеген кезде адамның мінез қүлқы асоциалды мінезге айналады.
Ауытқыған, девиантты, сонымен бірге қоғамны антиэлеуметтік мінез-қүлқы әсерленудің сэйкес жүйесіне эсе етеді. Әлеуметтік талаптарды орындау үшін элеметтік әсер ет шараларын элеуметтік бақылау деп атайды.
Әлеуметтік бақылау - бүл түлғаға қоғамдық әсер етуші түрақты элеуметтік қатынастарды қамтамасыз етуші, түлғаның элеуметтік нормаларына бағыну жүйесі.
Санкциалар формалды санкция жүйесімен жүзеге асады. Санкция сол элеуметтік топ үшін қажетті мінез қүлыққа жағдай жасау кезіндегі түлғаның элеуметтік мэнді ісіне топтардың реакциясы.
Санкциялар формалды жэне формалды емес болуы мүмкін. Формалды санкцияға - қүқықтық, формалды емеске моральды этикалық жалпы элеметтік бақылау интериориризациясы болады. Егер әлеуметтік нормаларды адам оз еркімен қабылдаса, онда олар оның бостандығынан айырмайды. Ерікті адам өзінің әлеуметтік талаптарын ешқандай сыртқы күшсіз ақ орындайды.
Тұлға девиациялары жайлы ұғым
Қазіргі кезде көптеген әдебиеттерде «қиын бала» терминінің орнына «девиантты»термині өте жиі кездеседі. Жалпы, «киын мінез-қүлық», «девиантты мінез-қүлық», «ауытқыған мінез-қүлық» терминдері синонимдер болып табылады, сондықтан да қай терминді алсақ та, қиын бала туралы екені түсінікті.
Жалпы, баланың қиын тэрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді сақтамауын ғылымда девиация (латынның «сіеуіаііо» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды.
Ауытқушы (девианттық) мінез-қүлық деп қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез-қүлықты айтамыз (И.А.Невский). Белгілі элеуметтанушы И.С.Кон девиантты мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мэдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданган қалыптардан ауытқыган іс-эрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың концепциясына сэйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, элеуметтік, элеуметтік-психологиялық, қоғамдық).
Оқу-тэрбие үрдісіндегі тэжірибесінде анықталғандай, мүндай оқушыларға мынадай жеке қасиеті бар балалар жатады: білім деңгейі төмен, тэртібі нашар, сабақтан коп қалатын, мүғалім талабын орындамайтындар, адамгершілік деңгейі төмен, құрбылармен тіл табыса алмайтын, топ мәселеле қызықтырмайтын, кей жағдайларда психикалық дамуы, сөйл қабілеті кейін қалған ашуланшақ балалар (бұларға жүй ауруларына шалдыққан, тэрбиеге эрең көнетін балалар жатадьь Осы аталғандардың ішінде жүйке ауруына шалдыққ"' балалардың тэрбиесі өте күрделі деуге болады. Бүгін" ғалымдардың пікірінше, жүйке аурулары (невроз) отбасындағ' жэне басқа да жағдайлардың салдарынан болуы эбден мүмкі Айталық, отбасындағы эке мен шешенің жанжалдасуының ө баланың жүйкесін жұқартып, тез ашуланғыш болуына үлк септігін тигізеді.
Девиантты балаларды зерттеумен айналысатын ғалымд" оларды түрліше жіктейді. Біреулер оларды екі үлкен категорияғ бөледі: біріншіден бұл анық немесе жасырын психопатологиянь барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарын ауытқыған мінез-қүлық. Екіншіден бүл әлеуметтік мэдени жэн эсіресе қүқықтық қалыптарды бүзатын ассоциалды мінез-құлы Ал С.А.Беличева девианттық мінез-қүлықтың әлеуметті ауытқуын былайша жіктейді:
1. пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалды қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылуымен байланысг (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т.б.) жасаған тері эрекеттері;
2. агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған эрекетте"
(балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау);
3. элеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуғ"
азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке жэне элеуметті
мэселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан ба
тарту, кезбелек, маскүнемдік, нашақорлық, таксикомания, өзіне
езі қол жұмсау).
Достарыңызбен бөлісу: |