І. ӘДебиетті оқытудың ТӘрбиелік мәНІ


ІІ. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



бет3/7
Дата07.05.2020
өлшемі190 Kb.
#66550
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абай шығармалары

ІІ. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
2.1 Абай- ғылым, білім насихаттаушысы
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим), 1845 жылы осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты ішінде туады. Ақынның әкесі Құнанбай – ол күнгі сахараның  жуан әкімінің бірі.Түгел тобықтының ұлығы болған.

Абайдың ең алғашқы балалық шағы «күндестің күлі күндес» дейтұғын көп шешенің  арасында өтеді.Бірақ өзін тапқан шешесі Ұлжан мен үлкен шешесі Зере жаратылыстан мінезді,әділ,мейірбан адмдар болып,жас Абайды бауырмал,адамгершілік жолымен тәрбиелеуге тырысады.Әкесі қойған Ибраһим деген атты да сол аналар еркелетіп өзгертіп:»ойлы бол,абайлағыш,аңдағыш бол» деп «Абай» қойған.

Бала  Абай сабақты әуелі үй молдасынан оқиды. Кейін Қүнанбай сегіз жасар баласын Семейге апарып,Ахмет Риза деген имамның тәрбиесіне береді.Сол шаһарда,сол медреседе бес жыл тұрып,он үш жасына шейін оқуды үзбей оқығанда зейінді шәкірт Абай көп сауат алады.Ақындықтың ерте білінген қозғауы да осы кезде басталады. Кітаптан оқыған келісті жырды,жыршыны сүйе бастайды.Бұдан бұрын кәрі құлақты әже тәрбиесін алып жүргенде туған сахарасының аңыз дастанын,аңыз әңгімесін,көркем қазынасын көп тыңдап,көп ұғып,құмартып өскен жас енді араб,иран,шағатай,түркі ақындарын іздерлеп оқып,жадына алады. Тағатшыл имам, намазқой халфе, дүмше молдалар арасындағы қуыс кеуде, құрғақ сопылыққа салынбай ынталы зерек шәкірт шығыстың ақындық бұлағына, классик тұнық поэзиясына ден қояды.

Абай - ұстаз, сыншыл ақын, күй шығарғыш өнерпаз. Бар қазақтың өнерлі қауымы – мұның досы. Айналасына талантты жас үйіріледі.Үгітіне, өлеңіне халқы ынталай құмартады. Сонымен барған сайын Абайдың абырой-атағы артады. Өлең үлгісі болса ол да қазақтың барлық жас ұрпағына жайыла тарап,өнер серік айт пен тойда талап пен ойда өмір серік боп,тәрбие тәлімін үнемі беріп,ұдай түсті.

Абай  тірлігінің мағына-мәнісінің өзін бұрынғы  қазақ ақындарынан мүлде басқа, жаңаша бағалап ұғындырады. Осы жолда өнерлі елдің бәрінен оқы, үйрен, үлгі ал. Адам  баласының бәрінің тарихындағы жақсылығынан,өнерінен үйрен. Бұл жолда дін дін де, ата салт та, ескі құрылыс қалып та кедергі, бөгет болмасын. Болар болса аттап өт, елең қылма. Кім білім беріп,елдігіңді жаңа белге шығарар  болса сол досың,сол жақының деп, халық, қауымға бет сілтейді. Осы жолда ел тарихының кесірі болатын:

      Сабырсыз, арсыз, еріншек,

      Көрсе қызар жалмауыз.

      Сорлы қазақ сол үшін,

      Алты  бақан алты ауыз.

Болып жүрген пәлешіл, ескішіл, керенау, надан  ру басыларды еңбек елінің, ел тарихының  барып тұрған залалды арам тамақ паразиті деп жариялайды.

      Қылып жүрген өнері –

      Харкеті әрекет.

      Өзі оңбаған антұрған,

      Кімге ойлайды берекет,-деп таңбалайды.

Осындай жұрт әлеумет тірлігіне арнап  айтқан ұлы ақынның үлкен үн, қатты сынын үнемі көреміз. Сондай ұстаздық сөзінде жаманшылықтың пішін-кескінін аса жиіркенішті етіп, жалтармастан басқа сабап, жарып айтқан ақын қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын, дәл бұндай толық боп шыққан емес.

Абайдың айнымай, қажымай ұстап қалған бір  құралы, бір досы бар еді.Ол – сол ақындық еді…Өзгесінің бәрінен ажыраса да жалпы айрылмас сол серігі арқылы келер ұрпақ туар тарих жарқын күйімен тіл қатысқандай болатын.Сондықтан да өзінің жан сырын айтып, келешекке жолдаған жырында өз ақындығы туралы:

      Көк қанат бейіс құсындай         

      Қу  ағашқа қонақтай.

      Ол  бұтақтан қозғалмас,

      Өкіріп  дауыл,соқса жел.

      Өзгеге  бола жырламас,

      Ыстық күнді жоқтар ол.

      Жанымның  жарық жұлдызы

      Жамандық  күнде жарымсың,

      Сөз болсын ескі әр сөзі

      Кейінгіге қалынсын,- деген.

Бұл анық келешектің ыстық, мейірлі күнін жоқтаған, кейінгіге сырын ашқан ұлы ақынның арыздасу сөзі, соңғы өсиеті еді.

Абай  тікелей мұғалімдікпен айналысып, сабақ беріп, арнайы түрде педагогика ғылымдарына бағыштап еңбек жазбағанымен, оның шығармаларының өне бойы адам жанының небір түкпірлеріне үңілетін адам тәрбиесіне қатысты тұнып тұрған озық идеяларға толы. Соның бастысы – дара тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына апаратын жолды дәл тауып, «жан құмары»- «білмекке құмарлық» деп жұмбақтың шешуіне айналдырғаны.

Қорыта  келгенде айтарым, Абай – қазақ халқының тарихи көшін ілгері бастауда, ой-пікірлерінің шеңберін кеңейтуде, ұлттық мәдениетін көтеруде ерен еңбек сіңірген ұлттық болмысымызға  дара біткен  жарық жұлдыз. Абай тағылымы оның даралығында, Абай даналығы оның данышпандық ойлары мен парасатты сөздерінде. Абай парасаттылығы оның ағартушылық ой-түйіндерінде, сол ұстаздық ойларының асқар белесі ел тәрбиесінде деп білемін.  Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихы қазақтың жазу мәдениеті негіздерімен байланысты.

Ежелдегі  дәстүрдегі қазақтың ағартушылық негіздерін сөз еткенде 6-9 ғасырдағы көне түркі ескерткіштерін – Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбалары, «Оғызнаме»дастаны, «Қорқыт ата» кітабы,Әбу Насыр Әл Фарабидің педагогикалық еңбектерін атап,ол негіздердің мәнін ашап көрсетті.

Қазақ жерінде Х-ХІІ ғасыр арасында өркениеттік серпіліс болып,ірі қалалардың саны көбейіп,сол қалалардағы ағартушылық іс-әрекеттер мен ой-мақсаттардың алтын қазынасы ретінде Жүсіп Баласағұнидің  «Құдатғу білігі», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани Хикмет», Ахмет Иүгінекидің  «Хибатул-халайық» және бүкіл түркі халықтарының тілін зерттеп, сөздігін жасаған Махмұт Қашғаридің «Диуани Лұғат ат-түрік» сияқты ұстаздық еңбектердің жарық көргенін айтуға болады. ХІІІ-ХІV ғасырда – «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ тілінің сөздігі) және Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди»,Қыдырғали Жалайырдың «Жамиғат – тауарих»,Захириддин Бабардың «Бабырнаме» шығармалары мен жыраулардың және жыраулар поэзиясының тарихтану және ағартушылық мәні зор болды.

Бертін  келе ХІХ-ХХғ.ғ. ағартушы-демократ ақындарымыз, ғалымдарымыз өздерінің педагогикалық көзқарастарын өз шығармалары, еңбектері арқылы білдіріп отырды.

Ыбырай  Алтынсарин ең алғаш мектеп ашып, қазақ балаларына арнап оқулық жазса, Абай Құнанбайұлы да қазақ халқына деген ыстық ықыласын,қоғамға жанашырлығын, педагогикалық көзқарастарын өлеңдері арқылы да, қара сөздері арқылы да беріп отырған.

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналды.1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп  ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы  тұңғыш туындысы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.Абай мұнда ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылымды-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.Өзінің қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.

      Мұнда ұлы ақын  «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбиені мінеп, сынайды.

      Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

      Пайдасын  көре тұра тексермедім.

      Ер  жеткен соң түспеді уысыма,

      Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

      Баламды медресеге біл деп бердім,

      Қызмет  қылсын,шен алсын деп бермедім

Н/е   Адамның бір қызығы бала деген,

      Баламды оқытуды жек көрмедім.

Ақынның мұндағы идеясы баланы оқытудан ешқашан  қашпау керек және оны атақ үшін емес көзі ашық көкірегі ояу білімді азамат болып өсу үшін оқыту керек. Сонымен қатар, бұл - өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп, бармағын тістеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбек етуіне жөн сілтейді, жол көрсетеді. Шығарма «Абай» ақындығының халықтық ,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі. 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба»,  «Интернатта оқып жүр» деген  өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып,адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі  жастың талпынатын арманы – ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

      Ғылым таппай мақтанба!

      Орын  таппай баптанба!

      Құмарланып шаттанба,

     Ойнап босқа күлуге, -дей отырып, болашақ ұрпаққа, жастарға ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.

      Ғалым болмай немене,

      Балалықты қисаңыз.

      Болмасаңда  ұқсап бақ,

      Бір ғалымды көрсеңіз.

                  «Ондай болмақ қайда?»  деп,

                  Айтпа,ғылым сүйсеңіз!

                  Сізге ғылым кім  берер,

                  Жанбай жатып сөнсеңіз,-дей  келе ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның айрықша ескертуі бар. Ол:

      Бес нәрседен қашық бол,

      Бес нәрсеге асық бол,

      Адам  болам десеңіз,

      Тілеуің,өмірің алдында,

      Оған  қайғы жесеңіз.

      Өсек,өтірік,мақтаншақ,

      Еріншек, бекер мал шашпақ –

      Бес дұшпанның білсеңіз.

      Талап, еңбек,терең ой,

      Қанағат,рақым  ойлап қой –

      Бес асыл іс көнсеңіз – дейді.

      Ғылым бағу,бала бағу сияқты ұғымдар ұлы  ойшылдың поэзиясында жиі кездеседі.Бұлар  бір-бірінен бөлінбес, елдің сауатын ашатын жол.Сондықтан да ұлы ақын:

      Түбінде баянды еңбек – егін салған,

      Жасынан оқу оқып, білім алған.

      Би  болған, болыс болған өнер емес,

      Еңбектің  бұдан өзге бәрі жалған,- деп қорытындылайды.

      Олай  болса, Абай туындыларының  басты орында еңбек туындылары тұрады.Ол еңбекпен келген табыстың барлығы адал да дұрыс жолға бастайтынына кәміл сенеді. Адам еңбекпен,саналы оймен,ақылмен істелінетін істің ғана нәтижесі болады деп санайды. Оны:

      Өзіңе сен,өзіңді алып шығар

      Еңбегің мен ақылың екі жақтап,- деп жырлайды.

      Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін ұстаз оның ғылым  мен білімге деген құмарлығын арттырып,дамыта түсуді өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып,оларды адамның жеке басының басты құдіреті деп түсіндіреді. Сондықтан:

      Бақпен  асқан патшадан

      Мимен асқан қара артық,

      Сақалын сатқан кәріден

      Еңбегін сатқан бала артық,- деп түйіндейді.

      Ақынның көптеген шығармаларының жастарға арналуы  – заңды. Елді түзеу, бесікті түзеуден басталады. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде қырықтан асқан Абай тағдырынан  тағылым етіп, айтар ойларының біразын қосқан. Жаманнан жиренсе, жақсыдан үйренсе деген ниетпен жастарға ұсынатын тәрбиелерінің сан алуан түрлерін сараптасақ, ақын айтатын жігітке тән мақтаулы қасиеттер: тұрақтылық, шынайылық, табандылық, адалдық, талаптылық, татулық, сыйластық болып шығады. Осының бәрі жиылып, бірлік деген кең мағыналы ұғымға айналады. Ол жастарға, достарға, ағайындарға тән татулықтан басталып, бүкіл ел, халық өміріндегі ынтымақтастыққа, түсіністікке, тыныштыққа әкеледі. Жаны да жақсы адам ғана жаман мінездерден, бақталастық пен қызғаншақтықтан бойын аулық салып, олардан жоғары тұрады.

Ұлы ұстаз шәкірттің бүкіл ақыл ойын, ынта-жігерін оқуға бағыштаса ғана естігендерін түсініп, ұмытпайтындай болады деп сенеді. «Өзгеге көңілім тоярсың» атты өлеңінде «ғылым да жоқ, еш ди жоқ» адамды даладағы аңға теңей келе, ондайларға «жүрегіңмен тыңдамай құлағыңмен  қармарсың» деп ренжиді.

Немесе:   Өзің үшін үйренсең,

            Жамандықтан жиренсең,

            Ашыларсың жылма – жыл.

            Біреу үшін үйренсең – 

            Біреу білмес сен білсең

      Білгеніңнің бәрі тұл», -дейді. Мұнда да кәдімгі біздің бүгінгі шәкірттеріміздің, ұстаздарымыздың жағдайын көріп, біліп отырғандай тұжырымдайды. Әке-шешесі үшін оқып жүргендей болады. Біреудің жазғандарын, білгенін көшіріп алып, дайын дүниеге ие болуға дайындалған оқушылардың тиянақты білімі болмайтындығына бәріміз куә болып жүрміз ғой.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептердің өмірінде болып жатқан бетбұрыстардың ішінде – оқыту мақсатының біршама өзгеруіне сай тәрбие технологиясына да жаңа ұстанымдар енуге тиісті. Толыққанды  педагогикалық педагогикалық үрдісті іске қосып ,шәкірттануды жолға қою үшін оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей жүріп білім беру ұстанымдарын жүзеге асыруды басшылыққа алуымыз керек. Абай «білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» дегенде «көкірегінде көзі бар», «жүрегі-айна, көңілі-ояу» жастарға арнайды, яғни тәрбие мен оқудың жігін ашпайды, олардың тиімділігі екі жаққа да: ұстаздарға да шәкірттерге де ортақ екендігін көрсетеді.

Абайдың ұстаздық ойларының ішінде білімді  өмір бойы игеру, оны кітаптан іздеу, өз бетінше оқу, естіген білгенді есте сақтау проблемалары айқын көрінеді. Өз басындағы тәжірибесі болар, Абай әр шәкірттің өзін-өзі ғылым мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді. Білім берудің негізгі үш сатысын - кез келген жаңалықты білудің естуден басталатынын, оны түсіну үшін әр шәкірт оқып, не көру екендігін,  ал одан соң барып қажетті жерде қолдануды үйрететінін айқындап беріп тұр. Әрі бұл оқудың сапасын анықтайтын білім, біліктілік, бағдымен де сәйкес келеді.

Ағартушы  ретінде білім алу жолын набайлап жатпайды, оны қалай оқу керек, оқығанды қалай меңгеру керек, ал меңгерген білімді қалай өмірде пайдалануға, жүзеге асыруға болатындығы ойлары осы заманғы педагогика тұрғысынан өте орынды, әрі байыпты. Білім шәкіртке сөз арқылы беріледі, сондықтан ақын ретінде Абай көбіне сөз құдіретіне жүгінеді:

      Кейбіреу  тыңдар үйден шыққанша,

      Кейбіреу  қояр көңіл ұққанынша,

      Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар

      Абайлар әрбір сөзін өз халынша,-

деген жыр жолдары тыңдаушының өзін үшке бөліп тұр емес пе? Ұлы ақын білімнің  «нұрлы сырын» көру үшін ынталы, «сөзі балу тыңдамайтын» шәкіртті іздейді. Ол бұрыннан да іздегіш, сөзді тез ұғатын болса тіпті ғанибет. Адамның білімге құштарлығы оны тәрбиелі етеді, өйткені, Абайдың айтуынша, «Жақсыға айтсаң жаны еріп, ұғар көңіл шын беріп».

Абай  данышпандығының басты көрінісі – қазақ халқының жолын  байыптап, болашағын анықтап беруінде. Оның көрегендігінің өзі де заманындағы қалыптасқан  саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайды жете түсініп, оның елге тигізетін зиянды себептерін айқындап біліп, тығырықтан шығудың жолдарын көрсетуінде.

Абай қоғамының  тәрбиесін жеке адамнан басталатынын көрсетеді, өйткені «адам түзелмей заман түзелмейді» деп анық айтады, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен айырылатынын мегзеп, «не болады өңкей нал» деп налиды.

Абай тәрбие мәселесіне ерекше  көңіл бөледі. «Әне оны берем, міне мұны берем деп, балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? «Боқта» деп біреуде боқтатып, кәпір қияңқы,осыған тимеңдерші!-деп, оны массаттандырып тентікке үйретіп қойып, «қу, сұм бол» деп «пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға сендірмей жат-мінез қыласың» -деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. «Ақыл ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы.

Абай қазақ жастарының ғылым-білімге ден қоюуын әрқашан құттап отырған. Оның көптеген өлеңдері осыған дәлел бола алады:          

                      Өзің үшін үйренсең,

                      Жамандықтан жиренсең,

                    Ашыларсың жылма-жыл.

                     Біреу ұшін үйренсең,

               Біреу білмес, сен білсең,

               Білгеніңнің  бәрі тұл.

Мына  шумақ жолдары түсіндіріп жатудың  өзі  артық  болатын  тәрізді.Өйткені  бәрі де анық, түсінікті айтылған. Абай  ел қыдырып ас ішіп, өлең босатып ішер, жалқау жастарды мінеп-сынап келе:

      Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел,

      Малың болса сыйламай тұра алмас ел…

Талаптан, талпын, адал еңбек ет.  «Есек артын жусаң да» адал  еңбекпен мал табудың арлығы жоқ, егіннің ебін, сауданың тегін үйрен дегенді насихаттайды. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал таппақ болатын жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп күн көрішілердің арам пиғылын әшкерелеп, «ұрлық түбі қорлық», -адалдан тапқан мал мұратқа жеткізеді, «еңбек түбі – зейнет» дегенді өнеге тұт дейді.

Жастардың белгілі бір өнеге, өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:           

            Әсемпаз болма әрнеге

            Өнерпаз болсаң, әрқашан

            Сен де бір кірпіш дүниеге

            Кетігін тап та , бар қалан,

өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет  айтады.

Абай  үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан  мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастардың алға жетелер жарық жұлдызы нысанасы екені даусыз.Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы  бастынысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол…жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой пікірді қуаттау болады. Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет