І. ӘДебиетті оқытудың ТӘрбиелік мәНІ


Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы



бет4/7
Дата07.05.2020
өлшемі190 Kb.
#66550
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абай шығармалары

2.2 Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы
Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді. 
         Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың көп тақырыптарының бірі – адам мен табиғат бірлігі. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмысын, төрт түлікті шаруашылығын, саятшылық, аңшылық өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған. 

Ақынның табиғат лирикасы түр жағынан да, мазмұн жағынанда өзгеше.Өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Табиғаттағы тіршіліктің бір күйден екінші күйге ауысатынын жердегі органикалық заттардың мәңгілік еместігін, олардың өзгеріп отыратынын өлеңдерінде айтқан. Жаратылыстың бар дүниесі бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеріп отыратындығын, дамудың табиғи заңдылық екенін ерте таныған. табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақын өзін қоршаған табиғаттың осы бір күйін, жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, ақындық шеберлікпен тереңнен қорғап түрлі-түрлі көрінісін көз алдына әкеледі.  Ақын жырларын оқыған сәтте-ақ көкірегінің көріктеніп, бойыңа ыстық нәр құйылып, жаның жайлы бір ләззатқа бөлінесің. Ақын поэзиясына алғаш баға беріп, оның сырын терең ұғып сипатын таныған Ахмет Байтұрсынов: «Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады», - деп айтқан. 

Абайдың табиғат тақырыбында жазған тұңғыш өлеңі – «Жаз». Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. Шілде айындағы толысқан табиғат, жайлауға жаңа келіп қонып жатқан көшпелі қазақтың қарбалас тіршілігі өлеңде бар болмысымен шынайы суреттеледі. Табиғат бояуы сақталынған сурет көрсетіледі.

Жаздыгүн шілде болғанда, 

Көкорай шалғын, бәйшешек. 

Ұзарып, өсіп толғанда, 

Күркіреп жатқан өзенге. 

Көшіп ауыл қонғанда...- 


деп суреттейді де табиғаттың ауыл өміріне жерін әдемі өлеңмен жеткізеді. Жазда жан-жануар масайрап, шаруаның малы көбейіп, береке, молшылық, ырыс, қуаныш әкеледі. Ақын осы құбылысты даналықпен, сезімталдықпен, шынайы суреткерлікпен жеткізеді. 

«Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерінде: 

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 

Масатыдай құлпырар жердің жүзі. 

Жан-жауанр, адамзат анталаса

Ата-анадай елжірер күннің көзі... деген өлең жолдары бар. Бұл лирикасында жердегі тіршілік жерінен күн энергиясының тіршілікке айналатындығын білдіреді. 

«Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде: 

Қан сонарда бүркітші шығады аңға, 

Тастан түлкі табылар аңдығанға. 

Жақсы атпен тату жолдас бір ғанибет. 

Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға... Табиғат құбылысымен саятшыны, тас пен түлкі байланысып, адам мен адам қатынасып, киім мен аңшы адам жарасымдылығы екенін суреттеген. Ақынның табиғатқа адамның өмірін, көңіл-күйін шебер байланыстырғаны, аңшылық өмірдің қызықтығын жан бітіре бейнелі түрде суреттегенін көреміз. 

«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңінде ақын сұрықсыз күздің суық бейнесін, аш-жалаңаш бүрсең қаққан кедей балаларының аянышты халін, үйі жылы, қарны тоқ, киімі бүтін байлардың тұрмысымен суреттеп, қарама-қйшы екі дүниенің тарихи шындығын көзімізге елестетеді. 

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай,  деп жас бала, кемпір-шалға дейін атап, күнкөрісі шындығын ашады. 

Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі

«Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» өлеңдері. 

Желсіз түнде жарық ай, 

Сәулесі суда дірілдеп. 

Ауылдың маңы терең сай, 

Тасыған өзен гүрілдеп, - деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі сұлу көрінісін махаббаты жарасқан екі жастың жүрек дүрсілімен ұштастыра бейнелейді.  «Қыс» өлеңі нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісінен туған өлең. Абай қысты жанды адам шал бейнесінде суреттеген. 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 

Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

Табиғат қысын асыл оймен астастырып бейжай, енжар жатқан қазақ даласына қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсетеді.  Табиғаттағы құбылыстарды қимылға келтіріп, жанды бейнеге, яғни кейіптеуді қолданады. 
Сыртқы ортаның тіршілікке әсерін Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларынан жылдың төрт маусымындағы тіршілік сипаттауын байқаймыз. Абай – оқығаны, білгені мол, білімі терең, дана ақын болумен қоса табиғаттың құбылысын ерте түсінген табиғатшы ғалым



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет