ҚОРЫТЫНДЫ
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік,моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, алаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүздікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен,халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп,дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып – білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абайдың педагогикалық идеясы өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол-заман ауысып,уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.
Достарыңызбен бөлісу: |