Позитивизм.Оның дамуының бірінші кезеңінің өкілдерінің, негізінен алғанда теориялық физика, математикалық логика, машиналар теориясы, техника тарихы салаларының ғалымдарының пікірінше, техника
философиясының негізгі міндеті математика, механика, физика, химияның принциптеріне сүйене отырып, көптеген техникалық әдіс-құралдарды реттеу және классификациялау, техниканы жасаушылыр мен пайдаланушыларға арналған ұсыныстар дайындау. Э. Махтыңтұжырымдауынша, техника философиясының пәні техникалық тәжірибені зерттеу, техниканың қара-пайымдылығына, көрнектілігіне және тиімділігіне басты назар аудару.
Неопозитивистер"рациональді техника" немесе " ғылыми технология" сциентистік концепциясын ұстанады. Бұл концепцияның көрнекті өкілі сыни рационалист, француз философы Г. Башлар(немесе Башляр 1884-1962) рациональділік пен эмпирикалықты қарама-қарсы қоймайды, керісінше,
олар бір-біріне үнемі әсер етіп отырады деген принципке сүйене отырып, идеялардың ғылымдағы маңызын және білімнің қоғамда алатын орнын зерттейді. Оның пікірінше, білімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады:
таза эмпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми кезең - рациональдік абст-рактылық ойлау кезеңі және жаңа "ғылыми рух" кезеңі - ол тексерулер мен теріске шығаруға, жаңа ғылыми нәтижелерді қорыту мен білімнің әр түрлі салаларының арасында байланыстар орнатуға ашық кезең. Бұл ғылым таби-ғаттан алшақтайды, себебі оның мақсаты техниканы құрастыру.
Ағылшын позитивисі Б.Рассел(1872-1970) осы ойды жалғастыра оты-рып, «техника дүниесі мен ғылымның идеалды дүниесі екеуінің құрылымы бірдей, техника ғылымнан туындайды және ғылым техниканы басшылыққа алады, яғни ғылым мен техниканың байланысы өте тығыз» деген пікір айтады. Б.Рассел, сонымен бірге, қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістігінің адамзат үшін аса қауіпті жағдай (ядролық соғыс) жасап тұрғанын қатты ескертті, оны болдырмау үшін бүкіл адамзатты бірігуге шақырды.
Достарыңызбен бөлісу: |