Иррационализм бағытыантисциентистік сипатта, ғылыми прогреске, дүниені танып-білудің және өзгертудің ғылыми методтарына қарсы. Олардың пікірінше, техникаландырылған қоғамда тұлғаның жаттануы пайда болады. Бұл көзқарас "Өмір философиясының өкілі", француз философы А.Бергсонның(1859-1941) философиясынан анық байқалады. Бергсон адамның рухани дүниесі болмыстың ерекше саласы, оны ғылыми таным арқылы танып-білу және техникалық деңгейде танып-білу мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, Өндірістің машиналық-механикалық сипаты, ғылымның дамуы адам қызметінің рациональдік-технологиялық
мазмұн алуына әкеліп соқты, адам жаттанды, оның бойында қарама-қайшылықтар пайда болып, ішкі дүниесі екіге бөлінді. Бұл дағдарыстан шығудың жолы ретінде Бергсон адамның өзін-өзі моральдық жағынан жетілдіруге ұмтылуын, өнер, қолөнер және тағы басқа шығармашылық түрлерімен айналысуын атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |