I. Философияның пайда болуы және дамуы Дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы


Дәріс 6. Білім, ғылым, техника және технологиялар



бет11/26
Дата06.04.2022
өлшемі295,67 Kb.
#138174
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Философиядан дәрістер курсы 2021-2022

Дәріс 6. Білім, ғылым, техника және технологиялар
Жоспары:
1. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
2. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Гегель,
О.Конт. тб

"Техника" терминінің тамыры грек және латын тілдерінде,алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде teshne және ars терминдерінің мағыналары бірдей болды. Оларды жеті artes mechanicai және жеті artes IiberaIes деп бөлді: механикалық өнерлер: жер өндеу, аң аулау, теңізде жүзу, тоқымашылық ісі, қару жасау ісі, дәрігерлік, театр ісі; еркін өнер: грамматика (логика мен ойлау өнері де кіреді), диалектика, риторика, геометрия, ариф-метика, астрономия, музыка. Кейінірек техника мен өнер адам қызметінің екі жеке түрі ретінде беліне бастады: техника адам қызметінің рациональді түріне, ал өнер интуитивтік, шығармашылық процеске айнадды. Мысалы, құрылыс өнері - құрылыс техникасы, фотография өнері - фотография тех-никасы және тағы басқа. "Техника" термині қызметтің осы саласында қол-данылатын құралдар (инструменттер, приборлар, машиналар) мен білімдер-ге (ережелер, теориялар, әдістер) байланысты да айтылады.


Философияда техника ұғымы әдетте екі оппозициялық мағынада қол-данылады: біріншіден, қызметтің жасанды материалдық құралдарының, ягни артефактілердің жиынтыгы ретінде. Екіншіден, терминнің алгашқы магынасына сәйкес - жасай білудің, әдістердің жиынтыгы ретінде. Со-нымен, техника -құралдармен инструменттердің материалдық-заттық ерекше саласы; қызмет тәсілі, оның ішінде - құралды қолдану тәсілі.
Біздің ойымызша, техника ұғымы адам және адам қоғамы ұғымдарымен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс, сонда ғана оның философиялық мәнін түсінуге болады. Осы тұрғыдан талдағанда, техника - адамның өзін қоршаған ортада, табиғатта оны өзгерту арқылы өмір сүре білу және өмірінің сапасын жақсарту кабілетін көрсететін мәндік сипаты. Техника адамды табиғаттағы басқа тірі организмдерден ерекшелендіретін өмір сүру тәсілі деуге болады, ал адамның өзгерту қабілеті оның қызметінің материалдық құралдарында көрініс табады. Техника ұғымының бұл екі түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты.
Техниканың тарихы. Техниканың пайда болуының алғы шарты -табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақ-саты - адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру, жақсарту. Техниканың алғашқы түрі - адам еңбегінің құрал-аспаптары мен әдіс-тәсілдері ұзақ уақыт бойы қарапайым деңгейде болып келді.
Техниканың жалпы мәні мануфактуралық өндіріс дами бастаған XIX-ғасырда өзгерді. Бұл кезендерде механикалық машиналар дүниеге келіп,олар адам қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады, техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді. Техника бірте-бірте өндіріс саласын ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын да қамти бастады, автоматтандырылған машиналар пайда болды және бұл процесс өте тез қарқынмен жүре бастады. Бұл тұрғыдан алғанда ХХ-ғасырдың екінші жартысының ерекше болғандығын атап көрсеткен дұрыс.
Техниканың дамуы бүкіл адамзаттың өмірін өзгертті деуге болады. Оның жағымды жақтарын атап көрсетсек:
1) Техниканың дамуы рациональді ойлауды, дәлдікті, еңбек құралдарын үнемді қолдануды қалыптастырды;
2) Ғылыми-теориялық білім ұсынған жаңа технологиялардың өндіріс процесінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылуы әлемдегі көптеген мемлекеттердің экономикасын өркендетті;
3) Техниканың өндіріс процесіне енуі адам еңбегін айтарлықтай жеңілдетті;
4) Техника мен ғылымның антропогендік сипаты адамның күнделікті тұрмысын да түбегейлі өзгертті, бұрын қолмен атқарылатын жұмыстың басым кепшілігін тұрмыстық техника атқара бастады. Бұл өзгеріс адам үшін жалпы алғанда оң өзгеріс болды.
5) Байланыс, араласу салаларында жаңа технологиялардың пайда болуы бүкіл адамзатты бір-біріне жақындатып, өзара түсіністіктің пайда болуына ықпал етті.
Техника дамуының жагымсыз жақтары туралы айтатын болсақ, олар ете маңызыды және жагымды жақтарынан басымырақ десек те болады:
1) Техниканың өндіріс процесінде қолданылуы шикізатты, табиғат бай-лықтарын аяусыз пайдалануды ұлғайтты;
2) Адамның сұраныстары мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді, тех-ника, әсіресе, әскери техника саясат саласында күшті құралға айналды;
3) Жеке адамның құндылығы төмендеп, оның орнын техника жасаған құндылықтар басты;
4) Техникаға табынудың нәтижесінде қоғамның механизациялануы күшейіп, тұлғалық сипаты жоғала бастады;
5) Рациональданудың, біржақты мамандандырылудың нәтижесінде адамның жатгануы пайда болды, адам орасан зор технологияны жалпы басқару қабілетінен айрылып, жеке функцияларды атқарумен шектелуге мәжбүр болды;
6) Техникалық прогресс өркениет критериі ретінде қабылдана бастады, мәдени, ұлттық, діни құндылықтардың маңызы төмендеді;
7) Қорытып айтқанда, адам қолымен жасалған техника адамның өзіне қарсы тұрып, оның өміріне қауіп туғыза бастады, ол адамның ырқынан шығып, өзіндік, адам дүниесінен бөлек дүние қалыптастырды. Техника адамды озімен санасуға мәжбүр етіп отыр.
Осындай күрделі мәселелердің пайда болуы осыдан шамамен 100 жыл-дан астам бұрын философияның жаңа бағыты - техника философиясын қалыптастырды. Техника философиясының статусы туралы әр түрлі
көзқарастар бар. Ғалымдардың бір тобы техника философиясын жеке философиялық ғылым ретінде, келесі тобы оны ерекше философиялық мектеп деп бағалайды, ал зерттеушілердің үшінші тобы техника философиясын жаңа, басқа философиялық бағыттарды жоққа шығаратын бағыт деп қарастырады. Біздің ойымызша, техника философиясы жалпы философия ғылымының жеке саласы, оны тым әсірелеу немесе төмендету дұрыс емес.
Техника философиясының қазіргі заманғы философиялық бағыттар шеңберінде дамуын қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет